ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КІТАПТАР ШЫҒАРУ


Slide 1

Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі

Slide 2

Реакцияның күшеюі

1907 жылы қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Қазақстанда шерулер, митингілер және жиналыстар өткізуге тыйым салынды. Өлкедегі социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары талқандалды. Саяси сенімсіз жандарға полициялық аңду қойылды. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулердің белсенділері қара «сенімсіз» тізімге енгізілді, алдын ала ескерту жасалмай жұмыстан қуылып жатты. Кәсіпорындардағы жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтағы ұлғайтылды. Азық-түлік бағасы қымбаттады, айыппұл салу кең өріс алды. Қазақтар мен орыс шаруаларының бірлесе қимыл көрсетуінің жолын кесуге әскер күші қолданылды.

1907 жылы Оқу-ағарту министрі бекіткен ережеде қазақ тілінін мәртебесі төмендетілді. Қазақ балалары өздерінің ана тілін бастауыш мектептерде екі-ақ жыл, оның өзінде де қосымша пән ретінде оқытылатын болды. Өзге пәндердің бәрі де орыс тілінде жүрді. 1909 жылы Дала облыстарының әскери губернаторлары орыс тілін білмейтін адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салынатыны туралы жарлық шығарды.

Өкімет билігінің тікелей қолдауымен елде «Орыс халқы одағы», «Михаил Архангель одағы» және басқа қаражүздік ұйымдар құрылды. Олар елде ойран салды, ұлт араздығын тұтандырды, жергілікті өкімет орындарының бұратаналарды қудалауы күшейді.

Патша үкіметінің мұндай іс-әрекеттері Ресей халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да наразылығы мен ашу-ызасын тудырды. Мәселен, 1909 жылғы сәуірде Қостанайға Пермь қаласынан патша өкіметінің қоныс аудару саясатына карсы шыққан қазақтардың наразылығын басу үшін қазақ жүздігі жіберілді.

Slide 3

Қазақ зиялыларының атқарған қызметі және олардың көрнекті өкілдері

Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т. б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.

Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.

Slide 4

Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың көсемі Әлихан Бөкейханов

Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1870 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді. Әлихан білімді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған сон ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкімшілік қызметтер атқарды.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет құруға, ел-жұртына білім беріп, оны гүлдендіруге арнады.

Slide 5

А. Байтұрсынов

М. Дулатов

Ә. Бөкейханов

Slide 6

Қазақстандағы алғашқы басылымдар

Бұл кезендегі жарқын жетістіктердің бірі қазақтың ұлттық баспасөзі қалыптаса бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы бұқаралық басылымдарды отаршыл билік органдары шығарды. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстандағы әкімшілік реформаларын жүзеге асырғаннан кейін халыққа патша үкіметінің қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндіру үшін баспасөз қажет болды. Алғашқы газеттердің бірі - «Түркістан уәлаятының газеті» 1870 жылы Ташкент қаласында қазақ және өзбек тілдерінде шыға бастады, Ол Түркістан генерал-губернаторлығының баспасөз органы еді. 1888 жылы Омбыда Дала генерал-губернаторлығы «Дала уәлаятының газетін» шығара бастады. Бұл газеттер Ресей империясының қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндірумен айналысты. Олар негізінен ақпараттық-анықтамалық сипатта бола тұрса да, оларда қазақ халқының тарихы, этнографиясы және ауыз әдебиеті туралы материалдар жиі жарияланып тұрды. Осы газет беттерінде қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М. Көпейұлы және басқалардың алғашқы мақалалары жарияланды.

Slide 7

Қазақ журналдарының шығуы

1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» жарық көрді. Оның баспагері әрі редакторы белгілі ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналды басып шығаруда қазақ халқының көрнекті өкілдері Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, Сейфуллин, Б. Майлин, С. Торайғыров және басқалары елеулі рөл атқарды. Журналда жарияланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмір салтына көшуінің, өлкедегі халықтың білім деңгейін көтерудің көкейкесті мәселелері қозғалды. Алайда журнал 1915 жылы жабылып қалды. Соған қарамастан, ол қазақ халқының ұлттық санасезімін оятуда, жаңадан қалыптасып келе жатқан зиялы қауымның басын қосып, топтастыра түсуде орасан зор рөл атқарды. Қазақ басылымдарын қаржыландыруға татар көпестері мен кәсіпкерлері елеулі үлес қосты.

1914 жылдан 1918 жылға дейінгі аралықта Омбы қаласында қазақтардың «Бірлік» атты мәдени-ағарту ұйымы жұмыс істеді. Оның жұмысына ақын, жазушы, ағартушы әрі драматург Қошке Кемеңгеров белсене қатысты. Бұл ұйымның органы 1914-1918 жылдары қолжазба күйінде шығып тұрған «Балапан» журналы болды. Оның бас редакторы Қошке Кемеңгеров еді. Уфа қаласында 1915-1918 жылдар аралығында «Садақ» атты және бір қолжазба журнал да шығып тұрды.

Slide 8

Қазақ тілінде кітаптар шығару

XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында рухани-діни және зайырлы мазмұндағы кітаптар пайда бола бастады. 1900 жылдан 1917 жылға дейін қазақ тілінде 400-ге жуық кітап басылып шықты, олардың жалпы таралымы 60 мың данаға дейін жетті. Кітаптар Санкт-Петербург, Орынбор, Уфа, Троицк, Орал, Астрахан, Верный, Ташкент қалаларындағы баспаханаларда араб әрпімен шығып тұрды.


Ұқсас жұмыстар
БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ
Кітап туралы өлеңдер
Алаш және қазақ халқының дамуы
Пайғамбарлық кітаптар
Қазақ солдаты
Алаш партиясынын бағдарламасы
Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 жыл
"Әдебиет пен өнер" тақырыбындағы сабақ жоспарына презентация
Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң
Негізгі еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz