Малдың жыныстық жетілуі


Slide 1

СӨЖ

«Көбею физиологиясы»

Шәкәрім атындағы Семей қаласының университеті Аграрлық факультет

Орындаған:ЖумаханА. Ж

Группа:ВМ-801 Тексерген:Тугамбаева С. М

Slide 2

Кіріспе

Негізгі бөлім

Малдың жыныстық жетілуі

Ұрықтану процесі

Буаздық және әр түрлі жануарлардағы оның ұзақтығы Төлдеу және оның реттелуі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Жоспар;

Slide 3

Көбею - жануарлардың өніп-өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, ағзаның ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖК, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.

Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың тұқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, климат жағдайларына байланысты. Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады: ірі қарада 6-10 ай, қой-ешкіде 7 ай, шошқада 6 ай, жылқыда 18 ай, түйеде 24-36 ай, бұғыда 17 ай, қоянда 5 ай; итте 7ай, мысықта 5 ай, қара күзенде 9, 5 ай. Шамамен осындай мерзім ішінде еркек малда да жыныстық жетілу байқалады. Жыныстық жетілу ағзаның пісіп-жетілуінен, өсіп-даму процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан, жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға болмайды. Бұл ереже орындалмаса, аналық малдың өсіп-жетілуі нашарлап, төлдеу процесі қиындайды. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал денесінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тән пішіннің толық қалыптасуының аяқталған мерзімін атайды. Әр түрлі малда физиологиялық жетілу мерзімі (аймен санағанда) : ірі қарада 16-18; қой-ешкіде 12-15; шошқада 10; жылқыда 36; түйеде 48-60; бұғыда 30; қоянда 6; итте 12; мысықта 10; қара күзенде 14. Еркек малдың көбею ағзаларына аталық жыныс безі (ен), шәуеттік жол, қосалқы жыныс бездері (көпіршік тәрізді, қуық және баданалық бездер), жыныс мүшесі жатады. Ен - жыныс жасушалары мен жыныс гормондарын бөліп шығаратын жұп жыныс безі. Аталық жыныс жасушаларының түзілу, жетілу және сақталу процестері дене температурасынан 3-40С төмен жағдайда өтеді. Бұл аталық бездің құрсақ қуысынан тыс орналасуымен байланысты. Ен температурасын реттеуде ұма терісі мен еттері зор рөл атқарады.

Slide 4

Ен қосалқысы өзегінің жалғасы шәуеттік жол деп аталады. Ол оң және сол жол болып бөлінеді. Шәуеттік жол жіңішке түтік ретінде шаттың сақина тесігі арқылы ен бауының ішімен құрсақ қуысына өтеді де, қуықтың үстіңгі жағымен жүре отырып несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігімен жалғасады. Шәует деп шағылысу кезінде еркек мал жыныс ағзасынан бөлінетін сұйықты айтады. Ол екі бөліктен - жыныс жасушаларынан және ен қосалқысы мен қосалқы жыныс бездері секретінің қоспасынан - плазмадан тұрады. Бір жыныстық қатынас (коитус) үстінде еркек малдан бөлінген шәует мөлшері эякулят деп атайды. Әр түрлі малда эякулят мөлшері мен ондағы жыныс жасушаларының саны әртүрлі болады. Мысалы бұқада эякулят мөлшері 4-8 мл, спермийлер саны 1200-1800 млн/мл; спермийлердің жалпы саны 4-14 млрд. Эякулят құрамындағы плазма мөлшері де түлік түріне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, қошқарда ол эякулят мөлшерінің 70%, бұқада 30, қабан мен айғырда 90-92 пайызды шамасында. Шәуеттік плазма негізінен қосалқы жыныс бездерінің секреті болып табылады. Ұрғашы малдың жыныс ағзаларына аналық жыныс безі, жұмыртқа жолы, жатыр, қынап және сыртқы жыныс мүшелері жатады. Аналық (жұмыртқалық) без - сопақша пішінді жұп құрылым. Онда аналық жыныс жасушалары - жұмыртқа-жасуша, барлық даму сатыларынан өтеді және гормондар түзіледі. Овуляция (фолликула қабығының жарылуы) кезінде ооцит жұмыртқа жолының шанағына түседі де, түтікше бойымен жылжи бастайды. Жұмыртқа жолында овогенездің үшінші - жетілу сатысы жүреді. Жұмыртқа жасушаға спермийлер ене бастағанда II-реттік ооцит екінші мейоздық бөлінуге ұшырап, ұрықтануға дайын жетілген жұмыртқаға айналады және екінші бағыттаушы денешік бөледі. Жыныстық айналым (цикл) деп жоғары сатыда дамыған жануарлар аналығында екі овуляция аралығында белгілі бір ретпен мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын күрделі морфо-физиологиялық, мінез-қылықтық процестер жиынтығын айтады. А. П. Студенцов (1953) теориясы бойынша жыныстық айналым ағзаның барлық физиологиялық жүйелері қатысатын күрделі нейрогуморальдық тізбектелген процесс. Ол қозу, тежелу және теңелусатыларына бөлінеді. Әр сатыға жыныс ағзалары кілегей қабығының өзгерістері, малдың жыныстық белсенділігі, мінез өзгерістері тән. Спермий мен жұмыртқа жұмыртқалық жолдың аналық безге жақын ұшында кездеседі. гота жатыр мүйізін морула сатысында өтеді.

Slide 5

Осы аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылып, ұрық (зигота-шарана) түзілуін ұрықтану деп атайды. Ұрықтану нәтижесінде пайда болған зигота жұмыртқалық жолмен біртіндеп жатырға қарай жылжиды да, шошқада 3-4, сиыр мен қойда 4-5, биеде 5-7 тәуліктен соң жатырға түседі. Зиота жатыр мүйізін морула сатысында өтеді.

Иттің жыныс мүшелерінің анатомиясы

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық цикл
Жыныстық циклдің өтуіне экологиялық және климттық жағдайдың, азықтандырудың, күтіп- бағудың, аталық малдың тигізетін әсері
Малдың өсіп жетілуі
Жылқының көбею ерекшелігі
ЖОСПА бағытында өсіру
БЕДЕУЛІК ЖӘНЕ ҚЫСЫР ҚАЛУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Жануарлар репродукциялық аппаратының мәні
Аталық малдың жыныстық ағзаларының атқаратын қызметі
Эпохальды акселерация
Бедеуліктен келетін экологиялық шығын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz