Байламдардың классификациясы және салу техникасы


Slide 1

Тақырып: ДЕСМУРГИЯ

Slide 2

Дәрістің мақсаты - жарақатты, жараны қорғау және қоршаған орта әсерінен сақтау мақсатында жүргізілетін әрекеттерді яғни таңғыштар мен байламдардың түрлерін оқып, үйрену.

Кілт сөздер: десмургия, иммобилді, дәке, таңғыш.

Slide 3

ДЕСМУРГИЯ

Десмургия - (грек. desmos - байлам) байламдардың салуын, байлам материалдарының формаларын және оның қасиетін зерттейтін ғылым.

Slide 4

Таңғыш деп таңғыш материалмен жүзеге асатын және келесі мақсатта қолданылатын механикалық тәсілдер

Жабық зақымдарда немесе жұмсақ ұлпалардың әртүрлі қабыну процестерінде емдеу үшін (компресс-таңғыштар)

Slide 5

Байлам материалдарының түрлері:

.

дәке

мақта

бөз

клеенка, целлофан

Slide 6

Байламдардың классификациясы және салу техникасы.

Байламдардың салу орнына байланысты келесі түрлері бар:

Алғашқы көмекке арналған байлам -жараға дәкелі салфетка қойып дәкелі байламмен бекітеді.

Өткізбейтін таңғыш (окклюзионды) - көкірек немесе құрсақ қуысында өткізгіш жарақат алғанда қолданылады.

1-ші қабаты - майлы эмульсияға малынған дәкелі салфетка

2-ші қабаты - гигроскопиялық мақта

3-ші қабаты - ауа өткізбейтін клеенка немесе целлофан

Slide 7

Құрғақ сорғыш таңғыш - жара ішіндегі экссудатты сорып алуға арналған байлам. 3 қабаттан тұрады.

1-ші сорғыш қабаты - дәкелі тампон

2-ші қабаты - гигроскопиялық мақта

3-ші буландыратын қабат - сирек торлы дәкеден тұрады.

Ылғалды сорғыш таңғыш

1-ші қабаты - гипертоникалық ертінділерге (5-10%-ды натрий хлориді, 20 %-ды магний немесе натрий сульфаты) малынған дәкелі дренаж

2-ші қабаты - гигроскопиялық мақта

3-ші буландыратын қабат - сирек торлы дәкеден тұрады.

Slide 8

Қысып байлайтын таңғыш -қан тоқтатуға арналған байлам.

Қыздырғыш таңғыш - белгілі бір аймақтың жергілікті температурасын көтеруге арналған.

1-ші қабаты - 40-50 %-ды спиртке немесе жылы суға малынған бірнеше қабатты дәкеден тұрады.

2-ші қабаты - ауа және су өткізбейтін қабаттан тұрады. Олар: клеенка, пергамент қағазы, целлофан.

3-ші қабат - жылуды ұстап тұратын қабат. Ол дәке немесе басқа да материал болуы мүмкін. Жылытқыш байлам әр 4-6 сағат сайын аустырылады.

Иммобильді байлам - зақымдалаған ошақты қимылсыздандыруға арналған байлам.

Slide 9

1-ші қабаты - 40-50 %-ды спиртке немесе жылы суға малынған бірнеше қабатты дәкеден тұрады.

2-ші қабаты - ауа және су өткізбейтін қабаттан тұрады. Олар: клеенка, пергамент қағазы, целлофан.

3-ші қабат - жылуды ұстап тұратын қабат. Ол дәке немесе басқа да материал болуы мүмкін. Жылытқыш байлам әр 4-6 сағат сайын аустырылады.

Қыздырғыш таңғыш - белгілі бір аймақтың жергілікті температурасын көтеруге арналған.

Slide 10

ТАҢУ ТӘРТІБІ

Дәкемен солдан оңға қарай орау керек;

Дәке орағышын жарақаттанбаған жерден бастап, жараға салу керек;

Таңу кезінде дәке орағышын бірқалыпты, қыртықсыз тарту керек және таңғыштың келесі қатары алдыңғысын жартысын немесе 2/3 бөлігін жабу керек;

Таңғыштың бірінші және соңғы қатары бекітуші болғандықтан, дененің немесе аяқтардың жіңішке жерінен оралуы керек;

Аяқтардың конус тәрізді бөліктеріне таңғышты салу барысында, дәке орағышын бүгіп, салып отыру керек.

Дәке орағышының ұштарын жараның үстіне немесе дененің бүгілетін бөліктеріне байлап салуға болады.

Дайын таңғыш өзіне тиісті міндетін атқару керек (бекіту, иммобилизация, қансырауды тоқтату және т. б. )

Slide 11

Дәкелі байлам - жасалу формасына қарай циркулярлық, спираль тәрізді, өрмелегіш немесе сегіз тәрізді байлам және де арнайы мүшелерге (мүйіз, тұяқ, құйрық т. б. ) арналған байлам болып бөлінеді.

Байлам түрлері:

Сурет - а) циркулярлық; б) спираль тәрізді; в) бугіп орау; г) өрмелегіш;

д) сегіз тәрізді байлам

Slide 12

а) циркулярлық -таңғыштың орамдары әрқайсысы алдыңғысының енін толығымен жауып тұрып оралады. Байламдардың барлығы осы байлам түрінен басталады.

б) спираль тәрізді-таңғыштың орамдары әрқайсысы алдыңғысының 1/2 немесе 1/3 бөлігін жауып тұрып оралады. Аяқтың жуандығы бірдей жерде таңғыштың орамдары аяқтардың осіне көлденең бағытта оралады.

в) жуандығы біркелкі болмаса, спираль тәрізді байламның бугіп орау байламы қолданылады - дәке орамдары қиғаш оралады, ал дененің шығып тұратын жерінде сол қолдың саусақтарымен бүгіп, қайтарып орайды.

г) өрмелегіш- ораудың басында мақта, шина, салфетканы аяққа уақытша бекіту үшін жасалады. Аралары таңғыштың еніндей етіп, спираль тәрізді орайды.

д) сегіз тәрізді байлам-тізе, шынтақ және тілерсек буындарына жасауға ыңғайлы. Таңғыштың бекітуші қатары аяқтың ең жіңішке жерінен бастап оралады, содан соң дәке орағышын буыннан жоғары және төмен айқастыра орайды.

Slide 13

Каркасты байлам әр түрлі мүшелерге қолданылады: иық алды, сирақ, тілерсек буынына, желкеге, шоқтық және бел аумағына.

Slide 14

Иммобильді байлам - белгілі бір мүшені толығымен қимылсыздандырады, зақымдалған мүшені тыныштандырады.

Иммобильді байламды сынықтарда, буыны шыққанда, байлам немесе сіңір үзілгенде қолданылады.

Иммобильді байламдарға шиналар және гипс жатады.


Ұқсас жұмыстар
Десмургия - байлам жөніндегі оқу жүйесі
Лақтыру техникасы
Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері
Артқы тесіктің қысқарылу себебі
ТАҢҒЫШТАР ЖҰМСАҚ ТАҢҒЫШТАР
Aziza SYZDYKOVA экономикалық қарым - қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген əртүрлі баға түрлерінің жиынтығы
Арқамен сырғанау
Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы Жоғарғы көмей нерв нейропатиясы Тіласты нерві нейропатиясы
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫ
Футбол ойының техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz