Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы




Презентация қосу
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ САЯСАТЫ

ОРЫНДАҒАН: БЕРДАЛИЕВА АҚДИДАР МК-132
ҚАБЫЛДАҒАН: ТАЙРОВА БЕЙБІТКҮЛ ҚҰСПАНТАЙҚЫЗЫ
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781
жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-
ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы
хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған
Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса
Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты
билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ
тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы. 1723
жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз
әскермен басып кіріп, ойран салды. Қалың ел
«Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған
зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі жаста
еді. Ол аш – жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты
көзімен көрігені былай тұрсын, азап – бейнетін, кек
пен ызасын, арман мен тілегін жамиғатпен бірге
арқалаған ұлдардың бірі болды.
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
САЯСАТЫ
• АБЫЛАЙ ХАН БҮКІЛ ӨМІРІН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ БОСТАНДЫҒЫ , ЕГЕМЕНДІГІ ҮШІН АРНАДЫ . ШОҚАН
УӘЛИХАНОВ «ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ АБЫЛАЙДЫҢ ДАҢҚЫ АСА ЗОР. АБЫЛАЙ ЗАМАНЫ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚТЫҢ
ЕРЛІК ЗАМАНЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ ДЕП ЖАЗҒАН ЕДІ. АБЫЛАЙДЫҢ ШЫН АТЫ – ӘБІЛМАНСҰР. 1711
ЖЫЛЫ ӘКЕСІ КӨРКЕМ УӘЛИ ТҮРКІСТАНҒА СҰЛТАН БОЛЫП ТҰРҒАН КЕЗДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН. БҰЛ
КЕЗЕН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ УШІН ӨТЕ ҚАУІПТІ, АУЫР КЕЗЕҢ ЕДІ. ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙ ЖОҢҒАРЛАРДЫ ҚАЗАҚ
ЖЕРІНЕ АЙДАП ОТЫРДЫ. АУЫР «АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ , АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА» ЖЫЛДАРЫ АБЫЛАЙ 12
ЖАСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛАДЫ ДА , 22ДЕ БАТЫР, ҚОЛБАСШЫ РЕТІНДЕ
ТАНЫЛАДЫ.

• ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ , САУДА ҚАРЫМ ҚАТЫНАСТАРЫН ОРНАТЫП , КЕЗІНДЕ
ЖОҢҒАРЛАР БАСЫП АЛҒАН АЛТАЙ, ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҚОНЫСТАРЫН ҚАЙТАРЫП АЛДЫ.
ҚАЗАҚТАР ЖАППАЙ АТА МЕКЕНДЕРІНЕ ОРАЛА БАСТАДЫ. ЖОҢҒАРЛАРМЕН КҮРЕСТЕ ХАЛЫҚТЫҢ
БАСЫН БІРІКТІРУДЕ ЕРЕКШЕ РӨЛ АТҚАРДЫ. АБЫЛАЙ СҰЛТАН ӨЗІНІҢ ШЕБЕР САЯСАТКЕРЛІГІНІҢ
АРҚАСЫНДА РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙ СИЯҚТЫ ІРІ ИМПЕРИЯЛАРДЫ ӨЗ САЯСАТЫМЕН САНАУҒА МӘЖБҮР
ЕТЕ ОТЫРЫП, ІС ЖҮЗІНДЕ ЕЛДІҢ ДЕРБЕСТІГІН , ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАП ҚАЛДЫ.
• ХVIII Ғ 50 ЖЫЛДАРЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ САЯСИ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАП , ӘЛСІРЕП , ЫДЫРАЙ
БАСТАДЫ. БІРАҚ АБЫЛАЙ ОЛ ЕЛДІ ҚЫРЫП ШАПҚАН ЖОҚ. СЕБЕБІ ӨЫТАЙ ИМПЕРИЯСЫМЕН ҚАЗАҚ
ЕЛІНІҢ АРАСЫНДА ҚАЛҚАН РӨЛІН АТҚАРҒАН ЖОҢҒАР ХАНДЫҒЫНЫҢ МҮЛДЕМ ЖОЙЫЛУЫ НЕГЕ
ӘКЕЛІП СОҒАТЫНЫН АБЫЛАЙ ЖАҚСЫ ТҚСІНГЕН. СОНДЫҚТАН ДА ОЛ ҚАЛҚАМ ХАЛҚЫНЫҢ ҚЫТАЙ
БАСҚЫНШЫЛАРЫНА ҚАРСЫ ҰЛТ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІН ҚОЛДАДЫ. БІРАҚ, ҚАЛМАҚТАР АУЫЗ БІРЛІКТЕН
АЙЫРЫЛДЫ, СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 1756-57ЖЖ ЦЫНЬ ИМПЕРИЯСЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІН ЖОЙЫП
ХАЛҚЫН ҚЫРЫП ТЫНДЫ. ХVIIIҒ ОРТА КЕЗІНЕН БАСТАП АБЫЛАЙ ҚАЗАҚ ЕЛІНІН ЕРІКТІ, ІРГЕЛІ
БІРТҰТАС ЕЛ БОЛУЫН АТА ҚОНЫСЫНА ЖАЙҒАСЫП , БЕЙБІТ ЕҢБЕК ЕТУІН ҚАЛАДЫ. ОЛ ЕЛДІ
ОТЫРЫҚШЫЛЫҚҚА КӨШІРУДІ , УШ ЖҮЗДІҢ БАСЫН ҚОСУДЫ, ТУҢАН ОТАНЫН ЖАУДАН ҚОРҒАУДЫ
МАҚСАТ ЕТТІ. АБЫЛАЙ ХАНДЫҚ ҚҰРҒАН КЕЗДЕ ХАННЫҢ ЖАНЫНДА КЕҢЕС БОЛҒАН. ОҒАН БАРЛЫҚ
ЖҰЗДЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП, МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАЙТЫН ЖӘНЕ ДЕ БҮКІЛҚАЗАҚТЫҚ
ҚҰРЫЛТАЙ ШАҚЫРЫЛЫП, СОҒЫС ПЕН БІТІМ , ҚОНЫС ПЕН ЖАЙЫЛЫМ, ДАУ МЕН ДАМАЙ , БАСҚА
ХАЛЫҚТАРМЕН АРАДАҒЫ САУДА МЕН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚАРАСТЫРЫЛЫП ОТЫРДЫ.

• АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АЛҒА ҰСТАҒАН САЯСАТЫ , МАҚСАТЫ- ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БОСТАНДЫҒЫ МЕН
БІРЛІГІ , МЕМЛЕКЕТТІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЕДІ. АЛАЙДА ОЛ ДҮНИЕГЕ САЛҒАННАН КЕЙІН ҚАЗАҚ
МЕМЛЕКЕТІ КАЙТА БӨЛШЕКТЕНІП ЫДЫРАЙ БАСТАДЫ. РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІН
ОТАРЛАУДЫ ҚЫЗУ ҚОЛҒА АЛДЫ. ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ӘР ТҮРЛІ ЖОЛДАРМЕН ІСКЕ АСТЫ, ЯҒНИ ІСКЕРИ
ШЕП БЕКІНІСТЕР САЛУ , ҚАЗАҚ ЖЕРІН ТАРТЫП АЛУ , ХАНДЫҚ БИЛІКТІ ЖОЮ, РУХАНИ ОТАРЛАУ
ЖӘНЕ Т.Б.
1742 жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті:
«Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды.
Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен
тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді
алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін Абылайдың аяқ
қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды.
Ақшораны қалмақтың үш адамымен жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды
әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора
және үш қалмақ қырғыз-қайсақтардан әлі қайтып келмеді».

1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында:
«...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге
Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде
оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да
қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда
қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Абылай хан есімізде
Қазақстанда отарлау кезеңінің басталуы
ЖАС СҰЛТАН АБЫЛАЙ
Сырым Датұлы Басқарған кіші жүздегі көтеріліс
Қазақ хандығына саяхат. Сайыс
Абылай хан тарихын
Көтерілістің басты Қазақ шаруалары
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы ақпарат
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Пәндер