ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ҚАЛАСЫ


Slide 1

Қазақстанның бас қаласы

Slide 2

Астана - Қазақстан Республикасының елордасы.

Slide 3

Астанада 1 032 475 адам тұрады (1 қаңтар 2018) . Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Slide 4

Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Slide 5

Жер бедері

Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауындағы жазықта және ішінара өзен аңғарында орын тепкен. Аумақтық жер бедері еңісі мен биігі байқалмайтын жазық болып келуімен сипатталады. Мұндағы ойдым-ойдым көлтабандарда ғана қар суы мен көл немесе сор-сазда уытты көлшіліктер пайда болады. Қала қуаң дала белдеуінде, оның күңгірт қоңыр, қоңыр топырақты, бетегелі-селеулі іші қуаң белдеуінде орналасқан. Топырақ жамылғысы біртекті емес, алуан сипатты. Қала орналасқан өңірдің ⅔ аумағын жадағай толқынды, суайрықты жазықтық алып жатыр. Қала аумағының жер бедерінен айтарлықтай еңіс немесе көзге шалынардай өр байқалмайды, мұндағы геморфологиялық бөлшектер бір-біріне ұласа жалғасып кете барады. Жазық Есіл өзеніне қарай аздап еңістеу болып келеді.

Slide 6

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана - Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады. Қала үш ауданнан - «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

Slide 7

Климат

Климатының өзіндік ерекшелігі тым континентік болып келеді, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерінің аз және күн көзінің өткір болуы салдарынан көлдердің суы азайып, шағын өзен арналардың кеуіп қалуына әсерін тигізеді. Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-5, 5 айға созылады. Қарашаның ортасына қарай түскен қар 130-140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы -17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады) . Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мұндай күндердің ұзақтығы жылына 10-14-тен 38-45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды, боран оңтүстік-батыстан соғады. Қар қалың түскен жылдары өзендер тасып, көлтабандар көлге, көлдер шалқыған айдынға айналады. Бұлтты күндер аз, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С -ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11-12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғы найзағалы күн саны шамамен 19-25 күн аралығында, ұзақтығы 2, 4 сағат. Жазда 1-2, кейде 4-9 күндей бұршақ жауатын мезгіл байқалады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 300 мм, оның 30 %-көктемге, 34 %-жазға, 36% күз, қыс айларына келеді. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы-2м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған.

Slide 8 Slide 9

1989

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

281252

275100

275300

326900

381000

446200

493100

501998

510533

529335

550438

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

574448

602684

605254

649139

697129

742918

778083

814401

852985

872655

Халқы

Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169, 2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550, 2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны - 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8, 8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4, 3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6, 3, өлім - 6, 7 құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000-2001 жылдары байқалды.

Slide 10

Мәдениет және қоғам


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы ақпарат
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
БІЛЕСІҢ БЕ ЕЛОРДАНЫҢ ТАРИХЫН?
Жарасқан Әбдірашев - қазақ ақыны
Тұңғыш ғарышкер кім
Батыстағы қалалар
Кеңес Одағы жылдары қала атауы
ТҮРКІСТАН - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҚАЛАСЫ
Астана - Қазақстанның бас қаласы
АСТАНА - БАС ҚАЛА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz