Кейбір лингвисттер түркі халықтарының тамырын


Slide 1

Арғытүркілердің мәдени мұрасы

Slide 2

Түркі халықтары - Орталық, Шығыс, Солтүстік және Батыс Азияның, сонымен қатар Еуропа мен Солтүстік Африканың бөліктері этнолингвистикалық топтардың жиынтығы. Түркі халқы Алтай тауларынан Шығыс Монғолияға дейін созылған аймақта пайда болған. Кейбір лингвисттер түркі халықтарының тамырын Манчжуриядағы Батыс Ляо өзенінің бассейнінен табуға болады деген болжам айтады. Түркі тілдес халықтар түркі тілдері отбасына жататын тілдерде сөйлеседі. Олар әртүрлі дәрежеде, белгілі бір мәдени ерекшеліктермен, жалпы ата-бабаларымен және тарихи шығу тегтерімен бөліседі

Slide 3

Ғұндар, хундар - түркі халықтарының арғы тегі. Тәңірлік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен түпкі мекен - жайы қазіргі қазақ даласы. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байқал өңірінде қоныстанған. Ендеше ғұндар тікелей біздің арғы ата - бабаларымыз. Ғұндар негізінен көшпелі болғандықтан мал өсіріп, егін салған. Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың бәрі жауынгер саналған. Ғұндар, яғни біздің ата - бабаларымыз табиғатынан батыр, ержүрек болған. Ғұн әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Олардың қару - жарақтары - садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық болған.

Slide 4

Мөде - ғұндардың әйгілі билеушісі. Туған жылы бельгісіз. Мөде Ғұндардан мықты әскери жасақ құрды. Ол Қытайдын шекаралас жатқан еліне бірнеше рет шабуыл жасап, соққы берді. Хан императоры Гаоцзу Мөденің алтында бас иіп, салық төлеп тұруға міндеттенді. Онымен, “тыныштық және туыстық туралы шартқа” қол қойып, ғұн мемлекетінің қуатын мойындаған. Керулен мен Онон алқаптары, Тибет, Шығыс Түркістан аумақтары ғұндарға қарады. Мөде Алтай өңірін түгель өзіне қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 174 жылы Моде қайтыс болады. Оның орнына баласы Лаушан отырды. Мөденің есімі түркі халықтары арасына аңыз болып тараған

Slide 5

Аттила, Еділ (400 - 453 / 454) - әйгілі ғұн ұлысының билеушісі. Оның есімін ғұндар, кейінен түркілер Еділ деп атаған. Еділ атты (орысша Волга) алып өзен атымен байланысты қойылған. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде атаған, сондықтан ол Еуропада осы есімімен танымыл болды . Аттила патша баласы болғандықтан жас кезінен білім алған. Рим қаласында оқыған. Аттила бозбала кезінен әскер құрамында болып, шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Кейінен Аттила дарынды қолбасшы ретінде көріне бастады. 434 - 442 жылдары Аттила мемлекет басына келгеннен бастап Ғұн ұлысын күшейе түсті. Аттила Еуропаны түгель бағындырған ғұн королі ретінде әлемге әйгілі болды. Аттила ғұндардың атағын жер жүзіне танықтан ерекше ұлы тарихи тұлға. Еуропа елдерінің өзі оның батырлығын, кемеңгерлігін мойындап, бас иген. Аттила бейнесі мүсіндельген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Венгрияда Аттила есімімен көшелер, оқу орындары кездеседі.

Slide 6

Ғұн дәуірінің ескерткіштері - Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейінгі ұлан - байтық жерге тараған ғұндардың көне ескерткіштерінің жиынтық атауы. Біздің заманымыздың V ғасырын қамтиды. Ғұн дәуірінің археологиялық ескерткештері үш топқа бөлінді: 1. Шығыс ғұндар ескерткіштері. 2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ғұндар келіп, жергілікті тайпаларға араласуы нәтежесінде пайда болған ескірткіштер. 3. Қазақстаннан Оңтүстік Орал, Еуропаға барған жаңа бірлестіктің қалдырған ескерткіштері. Сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдар, кілем және түрлі ыдыстар ғұн тұрмысындағы биік талғам, жоғары мәдениеттің белгісіндей бізге жеткен.

Slide 7

Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрғандықтан, олар жылқы малына ерекше мән берген. “Ер қанаты - ат” деген қаннаты сөз бізге сол дәуірден жеткен. Ғұндар жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндар ат үсті ойындарының негізін салған. Қазақ халқының “ теңге алу”, “қыз қуу, “көкпар” тағы басқа ат үсті ойындары сол кезде қалыптасқан. Біздің заманымыздан бұрынғы IV - III ғасырларда салынған. Ғұндардың күшті мемлекет құрғаны оларға ұнамады. Олар ғұндарды әлсіретудің жолын іздеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 205 жылдан ғұндарды Мөде басқарды. Мөде билік еткен жылдары Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, көрші елге күйрете соққы берді. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар осы Ұлы Қытай қорғанын салдырған.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Арғы түркілердің мәдени мұрасы
Ежелгі түркілер
Ислам дәуірі әдебиеті
Қазақ хандығының негізгі құқықтық ережелері
Түркі мәдениеті мен өнері
Руналық жазу
Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан
Қазақ ауыз әдебиеті(халық поэзиясы, фольклоры) — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы
Орхон ескерткіштері
Қазақтың тарихи жазба мұралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz