Нерв жүйе ағзаларының дамуы


Slide 1

КеАҚ «Астана Медицина Университеті»

«Морфология және гистология негіздері» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Нерв жүйесі. Нерв жүйе ағзаларының пре- және постнатальді дамуы. Адам онтогенезі кезеңіндегі функциональді жүйелер және олардың дамуы туралы түсінік. Ми бағанасы. Вегетативті нерв жүйесі.

Тексерген: Бекбосынова Л. Н.

Орындаған: Молдаш Б. А.

Топ: 103 Стоматология

Нұр-Сұлтан 2020 ж

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1. Нерв жүйе ағзаларының дамуы

а) Пренатальды даму

б) Постнатальді даму

2. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОНТОГЕНЕЗДЕГІ ДАМУЫ

3. Ми бағанасы

4. Вегетативті нерв жүйесі

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің, жүйелердің қызметтерін қадағалап, реттеп отырады. Адамның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ете отырып, оның өзгерген орта құбылыстарына бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруіне жауап береді. Бас миының атқаратын ерекше қызметтері: ойлау, дүниетану, талдау, пікір қалыптастыру арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделумен қатар, өзін қоршаған ортаға да ықпал жасай алады.

КІРІСПЕ

Slide 4

Жүйке жүйесі келесі қызметтерді атқарады:

ағзаны ішкі және сыртқы ортамен байланыстыруды қамтамасыз етіп, сыртқы әлемді немесе мүшелердің жағдайын бейнелеу

ағзадағы барлық ерекше үрдістерді реттеу және басқару

маманданған мүшелердің қызмет атқаруы барысында арақатынасын қамтамасыз ету, мүшелерді жүйеге біріктіру

мүшелер жүйесін тұтас ағзаға біріктіру

жоғары жүйке қызметін атқару, яғни түйсіну, болжау, жаңалық ашу сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету

Slide 5

Жүйке жүйесі мүшелерінің пренатальды дамуы

Жүйке жүйесінің негізгі нерв түтігі мен нерв қырқашығынан (ганглиозды пластинка) бастау алады. Нерв түтігінің алдыңғы бөлігі мен ганглиозды пластинкадан бас миы мен нерв түйіндері, ал нерв түтігінің каудальды бөлігінен жұлын дамиды. Нерв қырқашығы немесе ганглиозды пластинкадан вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары, жұлын түйіндерінің нейроглиясы мен нерв түтігі дамиды.

Slide 6

Жүйке жүйесі мүшелерінің постнатальді дамуы

Балалардағы ОЖЖ-нің негізгі ерекшелігі дамуының толық жетілмеуімен сипатталады. 7 жасқа дейін ми қабы және ми асты қабының клеткалық құрамы қарқынды дифференцияланады. Әсіресе алғашқы екі жылда бас миының көлемі ұлғайып, организм қызметінің артуы байқалады. Жалпы жүйке жүйесінің үдемелі өзгерісі 20-25 жасқа дейін жүреді.

Slide 7

Балалардың ми қыртысында нейрондардың дамуы

Нәрестеде

3 айлық балада

15 айлық балада

2 жастағы балада

Slide 8

Жүйке жүйесінің даму негізі нейроэктодерма болып табылады. Ол 1) жүйкелік түтікшеге және 2) жүйкелік айдаршаға дифференцияланады. Жүйкелік айдарша екі ганглиоздық табақшаға бөлінеді. Жүйке жүйесінің морфогенезінің негізгі компоненттеріне жатады: 1) . эмбрионалдық индукция; 2) . радиалды глияның және хемотропизмге негізделе бағытталған аксондардың нақты орын ауыстыруы; 3) . байланысушы жасушалардың фенотипін тұрақтандыру мақсатындағы нейрондардың арасындағы нейро-трофикалық арақатынас; 4) . жасушалардың бағдарланған физиологиялық өлімі (апоптоз) .

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОНТОГЕНЕЗДЕГІ ДАМУЫ

Slide 9

Жүйкелік түтікше бес қабаттан тұрады: ішкі шекаралық мембрана, эпендималық, мантиялық (плащтық) қабаттардан, шеткі пердеден және сыртқы шекаралық мембранадан. Эпендималық қабат қарқынды түрде митозбен бөлінетін вентрикулярлық жасушалардан құралған. Пролиферациясын аяқтаған жасушалар мантиялық қабатқа орын ауыстырады, бірақ олардың біраз бөлігі орнында қалып эпендималық глияға негіз болады. Мантиялық қабатқа орын ауыстырған жасушалардан детерминацияның нәтижесінде екі түрлі жасушалық дифферон түзеледі: нейрогендік және глиогендік (спонгиогендік) . Нейрогенді негізден нейроциттер, ал глиогендіктен, эпиндималықтан басқа, бүкіл макроглия жасушалары туындайды. Шеткі перде алғашқы екі қабаттың жасушаларының өсінділерінен тұрады.

Slide 10

Орталық жүйке жүйесінің барлық жасушаларының пайда болу көзі митозбен бөліну қабілеті бар вентрикулярлық жасушалар болып табылады. Эпендималық қабаттың ішінде орын ауыстыру барысында олар пішіндерін өзгертеді. Бөлінуін аяқтаған нейробластылар, және бөлінуге қабілетті глиобластылар мантиялық қабатқа ауысады.

Slide 11

Вентрикулярлық жасушалардың біразы эпиндималық қабатта қалып, эпендималық глияға және оның бір түрі радиалды глияға айналады. Бұл глияның өсінділерінің бойыменен нейробластылар эпендималық қабаттан жүйкелік түтікшенің сыртқы қабаттарына ауысады. Бас миының үлкен жарты жарларының және мишықтың қыртысының түзелуі кезінде нейробластылар мантиялық қабатқа ғана емес, шеткі пердеге де орын ауыстырғандықтан сұр зат бұл мүшелерде шеттеп орнығады. Мишықта нейробластылар алмұрт тәрізді жасушалардан тұратын ганлионарлық қабатты түзейді. Біраздан кейін олардың бір бөлігі кері қайтып түйіршікті қабатты береді.

Нейробластылардың эмбриогенезде орын ауыстыруының бұзылуы агирияға - жарты жарлардың қатпарларының аз дамуына әкеледі.

Slide 12

Жұлынның дамуы кезінде нейробластылардың шеткі пердеге ауысуы жүрмейді, сондықтан сұр зат мантиялық қабаттан түзеліп, шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Жұлын жүйкелік түтікшенің кеуделік бөлігінен дамиды. Жүйкелік түтікшенің ішінде ликвор ерте пайда болады. Ликвордың кұрамында ақуыз ересек адамдардікінен көрі 20 есе көп. Ликвор дамып келе жатқан медуллобластылардың қоректенуін қамтамасыз етеді, әрі оның құрамында мүшенің дамуында керекті реттеуші факторлар болады. Көбейген медуллобластылар эпендималық қабаттан мантиялық қабатқа орын ауыстырады. Мантиялық қабаттан кейін сұр зат, ал шеткі пердеден ақ зат пайда болады. Сұр заттың алдыңғы бағанында орналасқан нейробластылар қимылдатқыш нейрондарға айналып моторлық ядроларды түзейді. Олардың аксондары тез өсіп жұлыннан алдыңғы түбіршік түрінде шығады.

Slide 13

Осымен қатар жұлын ганглиінің нейробластылары сезімтал нейроциттерге айналады, олардың аксондары жұлынның артқы түбіршігін құрай мантиялық қабатқа кіреді де мотонейрондармен немесе артқы бағанның интернейрондарымен синапс құрайды.

Slide 14

Бас миының дамуында бірнеше сатыны ажыратады.

1. Үш ми көпіршігінің сатысы. Бұл сатыда бас түтікшесінің алдыңғы бөлігі үш кеңейме түзейді (эмбриогенездің 4 аптасы) алдыңғы ми (прозенцефалон), ортаңғы ми (мезенцефалон) және ромб тәрізді ми (ромбэнцефалон) .

2. Бес ми көпіршігінің сатысы. Эмбриогенездің 5 аптасында алдыңғы ми 2 бөлікке бөлінеді: ақырғы (телэнцефалон) және көз көпіршіктерімен аралық ми (диэнцефалон) . Ромб тәрізді ми артқы миға және миелэнцефалонға бөлінеді. Ақырғы мидан көпір және мишық пайда болады. Миелэнцефалоннан сопақша ми түзеледі.

3. Орын ауыстыру сатысы. Эмбриогенездің 5-10 апталарында өтеді. Бұл мезгілде ақырғы мидың тез өсуі және дифференциялануы басталады, қыртыстық және қыртыс асты орталықтар түзеледі.

Slide 15

4. Ми құрылымдарының ішкі дифференцировка сатысы. Эмбриогенездің 10-20 апталарында жүреді. Бас миында жартышарлар оның ең үлкен бөлігіне айналады, негізгі бөлімдердің; йірімдер мен жалдардың түзелуі жүреді. Мишықтың құрылысы дефинитивті сипатқа енеді. Бас миының қарқынды миелинденуі, тікенекті аппараттың қалыптасуы өтеді. Олардың құрылысының қалыптасуы нәресте туғаннан кейін аяқталады. Бір пирамидалық нейронның үстінде 6000-ға дейін тікенектер пайда болады.

Slide 16

Қызметтік тұрғыдан жүйке жүйесінің екі бөлігін анықтайды.

сомалық (соматикалық)

вегетативтік (автономды)

Сомалық және вегетативтік жүйке жүйелерінің айырмашылығы қызметтік көрсеткіштерімен ғана шектелмейді. Олардың құрылысы, құрамына кіретін құрылымдық элементтері де, атап айтсақ жүйкелік ядролары, түйіндері, бағандары, әрқилы болып келеді. Осыған сәйкес бұл жүйенің құрамындағы рефлекторлық доғалар да өзгеше болады.

Вегетативті нерв жүйесі

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
БЕЗДЕРДІҢ НЕРВ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ
Көру мүшесі
Вегетативі нерв жүйесі
Таспа құрттар
Жүйке жүйесінің гистогенезі
Дамудын қауыпты кезеңдері
Айырша без
Қанның аутоиммунды құрылымы
Қызыл ядро
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz