Сорғыштар - адам паразиттері



«Астана Медицина Университеті» АҚ
Медициналық биология және генетика кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Медициналық гельминтологияның өзекті мәселелері. Трематодалар
Орындаған: Молдаш Б. А.
Тобы: 103 Стом
Қабылдаған: Абдрахманова Б. М.
Нұр-Сұлтан, 2019

Жоспары:
1. Кіріспе: Медициналық гельминталогияға кіріспе
2. Негізгі бөлім: 1) Жалпақ құрттар типі (PLATTHELMINTHES) . 2) ) . Сорғыштар класы (TREMATODA) . Сорғыштар - адам паразиттері 3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Медициналық гельминталогияға кіріспе
Медициналық гельминтология - адамда паразиттік тіршілік ететін және ауру тудыратын паразиттік құрттарды зерттейтін жалпы паразитологияның бір бөлімі. Медициналық маңызы бар гельминттер жалпақ және жұмыр құрттар типіне жатады. Адамда паразиттік тіршілік ететін 250 гельминттердің түрі анықталған.
Паразиттік құрттармен шақырылатын аурулар гельминтоздар деп аталады.
Паразиттік құрттардың жыныстық жетілуі жүретін иесі ақырғы немесе дефинитивті иесі деп аталады. Ал құрттардың дернәсіл түрінде өмір сүретін иесі аралық иесі деп аталады. Көптеген паразиттік құрттар жетілуі кезінде иелерін ауыстыруды кажет етеді, кейде дернәсілдер және жыныстық жетілген стадиялары бір организмде тіршілік етеді.

Биологиялық циклдер аралық иесінің қатысуымен жүретін гельминттер биогельминттер деп аталады. Егер жетілуіне тек топырақ керек болса - геогельминттер деп аталады. Био және геогельминттермен жұқтырылған адам қоршаған орта үшін жұқпалы болып табылмайды. Бірақ жұмыртқалары бөлінгеннен кейін, бірден жұқпалы болатын гельминттер болады. Мұндай гельминттер жанаспалы деп аталады. Сәйкесінше, биогельминтоздар, геогельминтоздар және жанаспалы гельминтоздар болып бөлінеді.

Паразиттік құрттармен жұқтырылу жолдары әр түрлі .
Геогельминттермен және жанаспалы гельминттермен жұқтырылу кір қолдан, жуылмаған жеміс-жидектерден және көкеністерден болады. Биогельминттер адамға қайнамаған суды ішкенде, шикі етті, балықты, шаянды жегенде жұғады. Кейбір паразиттердің дернәсілдері белсенді түрде есінің терісі арқылы енеді.
Гельминттер адамның бардық тінінде паразиттік тіршілік ете береді. Олар организмге токсикалық әсер етеді, мүшелерді механикалық зақымдайды, олардың функциясын бұзады, қортылатын заттардың және витаминдердің сіңірілуін тежейді. Аномалияның дамуын шарттайды, басқа аурудың ағымын қиындатады, кей жағдайларда өлімге әкеледі. Балаларға гельминттер физикалық және ақыл ойының жетілуін тежейді.

Қазақстанда көптеп кездесетін гельминттерге: Сібір сорғышы, сиыр цепені, аскорида, жалпақ лентец, эхинокок, альвеокок, ергежейлі цепен, острица, анкилостома, власоглав, трахинелла. Жеке адамдарда жұғу көрсеткіші 40% -60%-ға жетеді.
Көптеген дәрігерлер гельминттермен шақырылған аурулармен кездесіп жатады.
Дұрыс диагноз қою үшін дәрігерлер гельминттердің морфологиялық қасиеттерін және даму циклін білу өте маңызыды.

Жалпақ құрттар типі (PLATTHELMINTHES) . Сорғыштар класы (TREMATODA) . Сорғыштар - адам паразиттері
Паразиттік құрттар арасында сорғыштар маңызды орын алады, адам және үй жануарлар трематодозаларын қоздырушы. Дүние жүзінде 200 млн-дай адам тек қан сорғышымен жұқтырылған.
Қазақстанда көп таралған құрттардың бірі Сібір сорғышы. Описторхоз табиғи-ошақты қасиетке ие. Табиғи-ошақты описторхоз солтүстік аумақта жиі кездеседі, бұл аймақта жұқтырылу 10% құрайды.
Адамның сорғыштармен жұқтырылу жолы, дамуы дәрігерлер үшін диагностикада және емдеу, алдын алу үшін өте маңызды.
Жалпақ құрттар типі ұйымдасуының жалпы сипаттамасы.
Жалпақ құрттар типіне мына қасиеттер тән:
Үшқабаттылық - туылған кезінде дамуына 3 жапырақша - эктодерма, мезодерма, энтодермалар.
Дене жабындысы тері бұлшықетті қабық.
Дене қуысы ішкі бөлімі паренхемамен толтырылған.
Билатериалды симметриалды дене
Денесі дорзо-вентральды бағытқа оратылған.
Асқорыту, жыныс, жүйке жүйелері көрсетілген.

Сорғыштар класы (Trematoda)
Сорғыштардың 3000-ға жуық түрі белгілі.
Сорғыш құрттар көлемі кішкентай, бөлшектенбеген, жапырақ тәрізді денесі бар, сырты кері бұлшықетті жамылғымен қапталған.
Ауыз сорғышы
Құрсақ сорғышы бекінуге арналған.
Дене қабы - тері бұлшықетті қабық, сыртқы қапшық - тегумент және жұқа бұлшықет сақиналы және ұзын қиғаш бұлшықет талшықтары бар.
Асқорыту жүйесі - тұйықталған ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, өңештен және 2 бұтақты соқыр аяқталған соқыр ішктен тұрады.
Жүйке жүйесі - ганглиозды және жұтқыншақ аймағында жүйке сақинасы бар, 6 бағаналы жүйкесі бар. Соның ішінде екі бүйірі жақсы дамыған.
Бөлінуші жүйесі - протонефриальді түрде. Жұлдыз тәрізді жасушалар - терминальді жасушалар арқылы протонефриалалар паринхима түрінде басталады. Олар көптеген жұмыр құрттармен байланысқан және орталық жаққа біріктірілген. Олар дененің ортаңғы сызығы бойынша орналасып, бөліну тесігімен аяқталады.

Жыныс жүйесі. Сорғыштардың көбісі - гермафродиттер, қансорғыштардың жыныстық жүйесі әр түрлі.
Аталық жыныс жүйесі қос ұрықтан, екі ұрық өткізгіштен, ұрық шығарушы каналдан және капулятивті мүше - циррустан тұрады.
Аналық жыныс жүйесі жұмыртқадан, жұмыртқаның қорек қабығын қалыптастыратын саруыздан, ұрық қабылдағыштан, ұрық сұйықтығын сақтайтын Мелис дискісінен, жұмыртқа қабықшасының пайда болуына қатысады. Сонымен қатар жұмыртқаның, жатырдың тұқымданатын және пайда болатын жерінде орталық камера оотиптің пайда болуы көрінеді. Ол жерде жұмыртқа тесік арқылы шығарылады. Тұқымдану көбінесе тоғыспалы.
Тіршілік циклы. Барлық сорғыштар - биолгельминттер. Даму циклы бір немесе екі аралық қожайынның қатысуымен жүреді.
Бірінші аралық қожайыны әрқашан моллюск, екіншісі буынаяқтылар немесе балықтар.
Адамға жұғу жолы дернәсілі сумен бірге түседі. Қансорғыштың жұмыртқасы тері арқылы активті түрде енеді.

Тіршілік циклі. Фасциола дамуында қожайын ауыстырады - биогельминт. Дамуы молюскалардың қатысуымен жүреді - (Galba Truncatula) іш аралық қожайын жоқ. Адам су арқылы жұқтырады. Соңғы қожайын жұмыртқаны фекалимен шығарып, одан суға түсіп өмірін жалғастырады. Жұмыртқадан личинка мирацидий шығады. Ол кірпікшелермен қапталған суда жақсы жүзуге көмектеседі. Жүйке ганглийі бар, жарық сезгіш жүйесі және зародеш жасушасы бар. Алдыңғы бөлігінде без орналасқан, ол арнайы фермент бөліп, аралық қожайыннын тілін ерітіп жібереді. Моллюска денесінде мирацидий бауырға түседі де келесі спороцистаға айналып, көбеюге мүмкіндік береді. Пайда болған жасушадан партоногенетикалық дамып жаңа личинка - редии пайда болады.
Faciola hepatica - бауыр сорғышы - фасциоланың қоздырғышы болып табылады.
Локализациясы. Фасциола бауырдың ет жолдарында, ет көпіршігінде, ұйқы безінде және басқа да ағзаларда өмір сүреді.
Географиялық таралуы. Адамда әр жерде, бірақ сирек кездеседі. Жиі улы шөптерде кездеседі.
Морфологиясы. Фасциоланың маритасы 3-5 см ұзындыққа жетеді. Дененің алдыңғы бөлігінде тармақталған жатыр, жатырдан кейін жұмыртқа, дененің жанында - көптеген сарыуыздар, ортаңғы бөлігін ұрықтар алады.
Спороциста үзіледі, редии шығады, алайда моллюска денесін тастамайды. Оларда ауыз, жұтқыншақ, асқорыту жүйесі және жаңа ұрпақ шығатын тесік болады, ол редидан пайда болған (церкариден) олар марита секілді мускулды құйрыққа не суда қозғалуға арналған.
Церкарии моллюска денесін тастап, өсімдіктің сабағына жабысады да қабықшамен қапталған адолескариге айналады. Адолескариді жұтқанда, қабықша еріп, паразит бауырға еніп, маритаға айналады.

Патогендік маңызы. Фасциола қожайын ағзасына механикалық әсер береді. Өмірлік азық токсикалық болып және аллергиялық әсер береді.
Жасушалар эритроцитпен қоректенуі, лейкоцит эпителий өт жолдарында қоректенеді. Интенсивті инвазия кезінде бауыр циррозы пайда болуы мүмкін.
Лабораториялық диагностикасы. Жұмыртқаны адам фекалиінен табады. Жұмыртқа тағам арқылы фасциолезді жануарларды пайдаланған кезде анықталуы мүмкін, сондықтан да фасциолезге зерттеген кезде рационнан ондай тағамдарды алып тастау керек.
Профилактика және гигиена - ішкі және фильтрацияланбаған суды қолданбау. Көкеністерді жуып жеу.
Қоғамдық профилактика ірі қара малды жұқтырылған су мен шөптен сақтау. Санитарлы-ағартушылық жұмыстар.

2. Opisterchis felineus - мысық сорғыш немесе сібір сорғышы - описторхоз қоздырғышы. Аурудың К. Н. Виноградов 1891 жылы Сібірде сипатталады.
Шоғырлануы. Бауырда, өт жолында, ұйқы безінде, мысық, ит және тағы да басқа жабайы аңдарда, шикі балықты жейтін жануарларда кездеседі.
Географиялық таралуы. Описторхоз ошағы Обь-Ертіс бассейінінде кездеседі, жұқтыру 90-100%. Прибалтика, Волга, Днепр және Днестр бассейіндерінде кездеседі. Қазақстанда да описторхоз ошақтары кездескен.
Морфологиялық ерекшелігі. Жапырақ формалы, 4-13мм ұзындығы ортаңғы бөлігінде бұтақталған жатыр орналасқан, жатырды қоршап дөңгелек аналық орналасқан. Артқы бөлігінде екі табан тәріздес аталық орналасқан.

Тіршілік циклі. Описторхоздың дамуы моллюскалардың және карп балығының қатысуымен жүреді. Адамдар жұқтырылған балықтардың лечинкаларымен тамақтанғанда жұқтырады.
Сорғыштың ақырғы қожайыны адам және сүтқоректілер болады.
Жыныстың жетілген түрі - марита, сыртқы ортаға фекалиді қожайынымен бірге бөлініп, жұмыртқа бөледі. Жұмыртқа жетілген лечинка мерацийден тұрады. Жұмыртқаның әр қарай жетілуі үшін тұщы суға түсуі және жұтылған бірінші аралық қожайыны моллюска болуы керек. Онда мерацидий жұмыртқадан шығады, бауырға кіріп, спорацистаға айналады. Спороцистада жаңа лечинкалардың - редилердің дамуы, ал оның ішінде - церкарийдің дамуы. Церкарий моллюсканы тастайды да, суға шығып белсенді балықтың денесіне енеді немесе оны жұтынып алады. Ары қарай церкарий балықтың тері асты жасушасына сосын бұлшықетіне енеді.
Церкарий 2 қабықпен қапталады. Гиалиндік, яғни олар паразит арқылы пайда болады және дәнекертіндік - ол қожайынның тіндері арқылы дамиды. Сорғыштардың бұл дернәсіл сатысын метацеркарий деп аталады. Ақырғы қожайыны, мысалы адам балықты жегенде сетацеркарийлер асқазанда, ащы ішекте сыртқы қабығы босатылады, бауырға өт қабығына енеді және жыныстық жетіледі - маритаға айналады.
Сонымен Сібір сорғышының инвазиялық сатылары жұмыртқа бірінші аралық қожайыны (моллюска), церкарий - екінші аралық қожайыны үшін және метацеркарий - ақырғы иесі үшін (адам, жануарлар) .

Патогенді маңызы. Описторхоз - жоғары инвазия кезінде өлімге алып келетін өте ауыр ауру. Адам бауырында 25 мыңға жуық парзит анықталған. Паразиттердің жиналуы өттің ұюына, асқорыту процестерінің бұзылуына, бауыр циррозының дамуына алып келеді.
Лабораториялық диагностика. Фекалия мен дуаденальді сұйықтықта жұмыртқалардың табылуы. Дуаденальді зондирлеу нәтижесінде паразиттер анықталды. Жұмыртқалары сарғыш түсті, сопақша формалары, ұзындығы 26-30 мкм, алдыңғы ұшында қақпақшасы бар.
Профилактикасы. Термиялық өңдеуден дұрыс өткен балықты қолдану.

3. Dicrocelium lanceatum - ланцет тәрізді сорғыш - дикроцелиоз қоздырғышы.
Орналасуы. Ірі және ұсақ ірі қара малдың және басқа жануарлардың кейде адамдардың бауырында паразиттік тіршілік етеді.
Географиялық таралуы. Барлық жерелерде.
Морфологиясы. Денесінің формасы ланцет тәрізді, ұзындығы 10мм. Морфологиясы Сібір сорғышына ұқсас, бірақ жыныс жүйесінің компоненттердің орналасуымен ерекшеленеді: ұрықтары дөңгелек және денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан жатыры жақсы дамыған. Аналық безі ұрық безінің артқы жағында орналасқан, өт қабы екі бүйірінде орналасқан. Ішектері бұтақтанбаған екі өзектен тұрады.

Тіршілік циклі. Екі аралық иелерінің ауысуы арқылы дамиды: 1-ші - жер үстіндегі моллюска, 2-ші - құмырсқа. Ақырғы иесінен сыртқы ортаға сарғыш жұмыртқалары дамыған дернәсәлдері - мироцидий арқылы түседі. Әрі қарай даму үшін жұмыртқаны Zebrina, Helizela тұқымдасына жататын моллюскалар жұтуы тиіс. Мирацидий бауыр ішіне еніп спороцистаға айналады. Оның ішінде церкарилер дамиды. Олар спороцисталардан шығып өкпеге енеді және инцистирленіп, сыртқы ортаға шырышпен бірге бөлінеді. Егер циркорилер 2-ші аралық иесі Formika ына жататын құмырсқаға түссе, онда циркорилер метациркорилерге дамиды, яғни ақырғы иесі үшін инвазиялы сатысына дамиды. Адам және жануарлар инвазирленген құмырсқаны кездейсоқ жұтқанда жұқтырады.

Патогендік маңызы. Фасциолезге ұқсас.
Лабораториялық диагностика. Фекалияда паразит жұмыртқаларының табылуы. Жұмыртқалары сарғыш қоңыр, сопақша формалы, өлшемі 45 мкм дейін, қабықшасы болады.
Профилактикасы. Жеке тағамға құмырсқалардың түспеуін қадағалау. Жалпы ірі қара малдардың дегельминтациясы және жайылымдардың санитарлы қорғалуы.

4. Paragonimus westermani - өкпе сорғышы - парагонимоздың қоздырғышы.
Шоғырлануы - жеміспен қоректенетін жануарлар мен шошқалардың және адамдардың өкпесінде.
Географиялық таралуы. Парагонимоз-Шығыс Азия елдерінде табиғи ошақ ауруы.
Морфологиясы. Денесінің пішіні жұмыртқа тәріздес, тікенектермен қапталған, ұзындығы 12 мм. Ішкі құрылысы - сорғыштарға ұқсас.
Тіршілік циклі. Ақырғы иесінің қақырығымен немесе нәжісімен парагонимустың жұмыртқалары суға түседі. Әрі қарай дамуы суда өтеді. Екі аралық иесін ауыстыра отырып дамиды. Бірінші аралық иесі - тұщы су моллюскалары; екіншісі - тұщы су шаяндары және крабтар. Адамға шикі немесе шала пісірілген шаяндар мен крабтардан жұғады.

Патогендік маңызы. Парагонимоздың белгілері туберкулездың сипаттамасына ұқсас. Паразит құрттың жұмыртқалары бар қоңырқай қақырық. Паразит құрттың жұмыртқалары қанмен барлық мүшелерге жеткізіледі, әсіресе мидағы жұмыртқалары өте қауіпті.
Зертханалық диагностика. Қақырықтан жұмыртқаларды анықтау.
Жұмыртқалары ірі, сопақша келген түсі қызыл-қоңырқай, ұзындығы 0, 1 мм.
Профилактикасы. Шикі немесе шала піскен шаяндарды немесе крабтарды жемеу, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

5. Schistosoma - қан сорғыш - шистозомоз қоздырғышы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz