Дерттің ауру адамға психологиялық әсері


Slide 1

Науқастың психологиясы, оның психикалық ерекшеліктері. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасына әсер ететін факторлар

Slide 2

Науқас психологиясы

Әр адамның психологиясы сан қилы болып келеді. Олар қоршаған ортадағы өзгерістерді, болып жатқан жағдайларды түрліше қабылдап түсінеді.

Науқастың ауруға деген әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалауымен сипатталады. Осыған орай, дерттің “объективті” және “субъективті” ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады.

Slide 3

Дерттің объективті ауырлығы, қандай да бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы, сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден бір фактор болып табылады.

Науқас жағдайды аурудың субъективті ауырлығы арқылы, яғни науқас және оны қоршаған ортаның(отбасы, еңбек ұжымы) өзіне деген көзқарасы негізінде бағалайды. Оның негізінде, дерттің диагнозының сарапталуы, болжамы мен оның ауырлық дәрежесін бағалауы жатыр.

Slide 4

Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасына әсер ететін факторлар

Slide 5

Жекеше-конституционалдық факторлар

Slide 6

Жынысы

Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты, әйел адамдар ер кісілерге ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Ал ер адамдар эмоцианалды ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе, бұл-бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады.

Slide 7

Жас шамасы

Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді.

Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет әлпетін өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі жастар үшін түрінің сымбатты болуы, қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан, медициналық тұрғыдан өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады.

Slide 8

Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. Бұл үлкен жастағы науқастың қоғамдық талаптар, тәуелсіздік секілді бағалы қасиеттер жүйесіне сырқаттың кері әсері тиген жағдайда ауыр психоло-

гиялық реакция, көрініс береді. Егде жастағы науқастарға онкологиялық, созылмалы соматикалық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер жасайды. Ал қарттар адамдарға, өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілетінің төмендететінінен емес, өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі

Slide 9

Индивидуальді психологиялық

Slide 10

Темпарамент ерекшеліктері. Темпарамент параметрлеріне сәйкес, дертке деген науқастың психологиялық реакциясын анықтауда, эмоционалдық, ауырсынуды көтеру, дене қимылының шектелуі секілді қиындықтарды көтеру маңызды қызмет атқарады. Темпераменттің негізі болып, тұқым қуалайтын патофизиологиялық факторлармен сипатталатын қимыл белсенділігі, импульсивтілігі, басқа да адамның қасиеттері табылады.

Slide 11

Мінезінің ерекшеліктері. Науқастың өз дертіне феноменологиялық синдромологиялық және психологиялық әсер ету типі-науқастың мінезінің ерекшеліктеріне тәуелді.

Жеке қасиеттері. Науқастардың жеке қасиеттеріне адамның ориентациясы, моральдік критерийлері, қоғамдық әлеуметтік феномендері жатады.

Ауруға психологиялықжауап берудің де негізінде, науқастың жеке қасиеттері, оның медицинаға сенімі жатады.

Slide 12

Аурудың басталу кезеңінде адамның психологиялық жағдайына келесі факторлар солды әсер етеді.

Диагностикалық және емдік шаралардан қорқу

Ауыр сезімі болуы және физикалық қалпының өзгеруі

Ауру асқынуларының қайталануынан немесе өлімнен қорқу

Экономикалық тапшылық

Slide 13 Slide 14

Үрейленген аурулар өте үрейшіл, қорқақ, именшек, жасқаншақ, барлығына көнгіштік мінез көрсетеді, өз-өзіне сенімсіз болады. Олар емдеу процедураларындақан тамырларының түрлі вегетативтік реакциялары болуы мүмкін(естен тану, лоқсу, құсу т. б) . Сондықтаноларды процедураларға ерекше дайындау қажет.

Күдіктенген науқастар дәрігердің шараларына үнемі күдік, күмәндік білдіріп, сенбейді. Сондықтан, әрқашан олармен қарым қатынас құра отырып, олардың күмандануының себептерін анықтап, кейде сенімін арттыру мақсатында психологпен бірге сұхбат жүргізіледі.

Жабырқаулы науқастар үнемі оңашалануға бейім болып, ешкіммен араласпауға, ішкі ойын ашпауға тырысады.

Slide 15

Көбінесе бұл-күрделі және емдеуге келмейтін дертке шалдыққан науқастар. Бұлармен қарым-қатынас жасай келе, дәрігер олардыңсенімін тудыратын, көңіл күйін көтеретін шараларды ойластыруы керек.

Демонстративтік, қыр көрсететін науқастар қоршаған адамдарға әсер етуге, өзін-өзі көрсетуге тырысады. Олар өте қатты қасіретте екенін, қатты қиналғанын басқаларға көрсетуге, олардың назарын аударуға барлық күшін салады.

Ипохондриялық аурулар өз денсаулығына, дертіне, зерттеулер нәтижесінде ерекше көп мән беріп, назар аударады.

Slide 16

Психологиялық қорғану механизмі

Ығыстыру-бұл қорғаныс механизмі арқылы, тұлғаға қолайсыз импульстер, әсіресе үрейленуді қоздыратындары, санадан тыс қалыпта қалады.

Мойындамау-науқас, психикасын жарақаттаған жағдайды қабылдамайды және мойындамайды, осы себептен ол санасынан тыс күйде қалады.


Ұқсас жұмыстар
Науқас психологиясы
Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері
МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Соққы толқыны
Клиникалық сынақтар
Науқастың ауруға психологиялық реакциясы
ІШЕК ПЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
Кене энцефалиті
МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТТАСУ
Психологиялық аспект
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz