Науқастарды тасымалдау
Презентация қосу
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Клиникаға кіріспе кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Тасымалдаудың түрлері мен әдістері. Науқастың түрлі функционалдық
жағдайлары (Симс, Фаулер және т.б.)
Орындаған: Молдаш Б.А.
Тобы: 103 Стом
Қабылдаған: Ордабаева Ұ.О.
Нұр-Сұлтан, 2019
Жоспары:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Науқастарды тасымалдау
Симс және Фаулер қалпы
Қорытынды:
Қолданылған әдебиттер:
Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар
қолданылады: каталкалар, орындық-каталкалар,
зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен
мұқият танысып, барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру
қажет.
Жедел жәрдем автокөліктерінде науқасты зеңбілде
(диагнозына сәйкес) бас жағын немесе аяқ жағын көтеріп
жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Балаларды
қолда ұстап тасымалдайды. Фельдшер көліктің салонында
науқаспен бірге болып, оның жағдайын бақылап, қажет
жағдайда көмек көрсету керек. Науқас туыстарының
немесе таныстарының науқаспен бірге еріп баруын шешу
фельдшердің құзырында. Балаларды ата-анасының
қатысуымен тасымалдайды. Жұқпалы аурулармен ауырған
науқастарды тасымалдаудан кейін жедел жәрдем
автокөлігінде дезинфекция жүргізеді. Персонал халатын
ауыстыруы қажет. Біреуден артық жұқпалы аурулармен
ауырған науқастарды бірге тасымалдау мына жағдайда,
егер бір жұқпалы аурумен ауырса және жұқпалы кезеңінің
дәрежесін есепке алған жағдайда жүргізіледі. Өте ауыр
жағдайдағы науқастардың тасымалдануын тек
реанимация бригадалары жүзеге асырады. Тасымалдау
алдында жағдайын тұрақтандыру мақсатында емдік іс-
шаралардың кешенін жүргізеді.
Стационарда бөлімге (емдік, реанимациялық)
науқасты жеткізу үшін, науқастың жағдайына және
сырқат түріне байланысты тасымалдау түрін дәрігер
шешеді. Үш әдісі бар — медицина қызметкерінің
шығарып салуымен науқас өзі еркімен жүріп бара
алады, отырған қалпында орындық-арбамен, жатқан
қалпында—каталкамен тасымалдануы қажет. Өз
бетінше жүре алатын науқастар қабылдау бөілімінен
палатаға кіші медициналық қызметкер (кіші мейірбике,
санитар) көмегімен келеді, өз бетінше қозғала
алмайтын науқастарды бөлімге зеңбіл немесе
орындық-арбамен тасымалдайды. Тасымалдаушы
құрал (каталка, зеңбіл) арнайы клеенкамен қапталған
матрацпен және таза жаймамен жабдықталады,
басына арнайы жастық беріледі (клеенкалы қаппен,
сыртынан маталы тыспен тысталған). АІИ алдын алу
мақсатында жайманы әрбір науқастан кейін
ауыстырып отырамыз және қолданылған жайманы
арнайы қапқа саламыз, матрац пен жастықты екі рет
дезинфицирлейтін ертіндіге малынған шүберекпен
өңдейміз.
Зеңбілмен тасымалдау
Зеңбілмен тасымалдауда зақымдалу аз кездеседі. Стандартты санитарлы зеңбіл 2 бөренеден, серіппелі
құлыптан және аяқшалардан 2 болат кернегіштен, ауыспалы брезентті матадан және қайыстан тұрады.
Зеңбілдің ұзындығы 2,1-2,2 м, ені 55-60 см, салмағы 9,5-10 кг. Қазіргі уақытта жеңілденген зеңбілдер түрі
жасалған салмағы 7,5 кг. Зеңбілді келесі әдіспен жазады: екі тасымалдаушы қайысты тартып, ұстағыштан
керіп тізесімен тіреп кернегіш шертпек шыққанша зеңбілді ашады да түзулеп жазады. Әрбір тасымалдаушы
кернегіш құлыптарының дұрыс жабылғандығын тексереді: тасымалдаушылар бір сәтте құлыпты ашып,
кернегішті өздеріне қарай тартып зеңбілді ашады, аяқтарын үсіне қаратып аударады.
Зеңбілге мүмкіндігінше төсемше немесе мықты жапқыш салған жөн, тек жапқыштың бір шеті (ұзындығына)
зеңбілдің үстін жауып, ал келесі шеті қасында тұруы қажет. Науқасты зеңбілге жатқызғаннан кейін келесі
жарты жапқышпен жабамыз. Науқасты зеңбілден түсірген кезде жапқыш шеттерінен ұстап түсіруге ыңғайлы.
Жылдың суық мезгілінде науқасқа бас киім кигізіп, аяқтарын жылы жабу керек. Шок жағдайындағы науқасты
қосымша жылытуды ұмытпаған жөн.
Зеңбілде ессіз жатқан, шок жағдайындағы, басми қанайналымы бұзылған, жедел миокард инфарктісімен
науқастарды, сонымен қатар жүктілік асқыныстары бар жүкті әйелдерді (эклампсия, түсік қаупі бар болған
сәтте және т..б.), сан сүйегінің жарақаты кезінде (сынықтар, кең көлемді жарақаттар), құрсақ қуысының ауыр
хирургиялық немесе гинекологиялық аурулармен, бас-ми жарақаттарымен, омыртқа жарақат
зақымдалуларымен тасымалдайды
Әртүрлі жарақаттар науқасты тасымалдауда қажетті қалыпты талап етеді, себебі жарақаттану әсерін
азайту мақсатында
Жарақат түрлері Науқас қалпы
Ессіз жағдайда Тұрақты қырымен жатқан қалып (басын артқа)
Бастың алдыңғы бетінің және беттің жарақаттары Арқасына жатқан қалып (басын артқа)
Омыртқаның зақымдалуы Арқасына жатқан қалыпында (қатты төсеніште)
Арқасына жатқан қалыпында (тізе және жамбас-сан буындарында
Жамбас сүйектерінің сынығы
аяқтарын бүккен қалпында)
Аяқтарының сынығы Арқасына жатқан қалыпында
Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер Арқасына жатқан қалыпында (тізе буыны жартылай бүгілген)
Бас сүйегінің қарақұс аймағының жарақаты Ішімен жатқан қалыпында
Арқаның, бөксенің және аяқтың сыртқы бетінің жарақаты Ішімен жатқан қалыпында
Бас сүйегінің бет бөлігінің жарақаты Отырған қалпында
Кеуде қуысының жарақаты Жартылай отырған қалпында
Қабырғалар сынығы Отырған немесе жартылай отырған қалпында
Қолдардың жарақатында Отырған қалпында
Соққылар, тырналулар және кесілген жаралар Отырған қалпында
Ессіз жатқан науқастарды құсық массасымен аспирациясының және тілінің артқа түсіп кетуінің алдын алу
үшін тұрақты қырымен жатқан қалыпында тасымалдайды. Басын артқа шалқайтамыз. Науқасты оң жақ
қырына жатқызған дұрыс, бұл жағдайда қанайналым және тыныс алу бұзылысы аз айқындалады (тек
егер оның кеуде қуысының оң жағы зақымдалуы болмаса!
Тұрақты қырымен жатқан қалып
Омыртқалары зақымдалған науқастарды қатты төсеніште горизонталді арқасына жатқан қалыпында
тасымалдау қажет, егер қатты төсеніш болмаса – қарапайым жартылай жұмсақ зеңбілде ішімен жатқан
қалпында. Омыртқаның мойын бөлігінің зақымдалуында — арқасында жатқан қалпында,
иммобилизациядан кейін басын артқа шалқайтамыз. Омыртқалары зақымдалған науқастарды қырымен
жатқызуға тыйым салынады!
Қабырғалар сынығымен науқастарды отырған немесе жартылай отырған қалпында тасымалдайды
(жалпы жағдайына байланысты). Экссудативті плевритті, пневмоторакспен және кеуде қуысының енген
жарақаттары кезінде науқастарды жартылай отырған қалпында немесе зеңбілдің бас жағын көтеріңкі
қалыппен тасымалдайды.
Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер кезінде – науқасты арқасына жатқызып,
құрсақ прессін босату мақсатында тізе астына бүктелген көрпені қояды. Жамбас сүйектерінің сынығы
кезінде науқастарды тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүгіп арқасында жатқан қалпында
тасымалдаймыз; сан сүйектері екі жаққа ашылған; тізе астына жұмыр жастық қою міндетті. Аяқтарының
сынығы кезінде – таңғыш қалаққа зақымдалған аяғының астына жастық немесе көрпе саламыз. Егер қан
кеткен жағдай болса – аяқтарының қалпын жоғарлатамыз.
Қарақұс аймағында жарақат, сынық немесе басқада зақымдалу болса мақта-дәкелік айналым қоямыз.
Бас сүйектерінің сынығы кезінде зеңбілдің бас жағын төмендетіп, жастықсыз арқасымен жатқан қалпында
тасымалдаймыз. Бас жағына көрпеден, киімнен немесе ауамен үрілген жұмыр жастық саламыз. Бас
сүйегінің бет сүйектерінің жарақаттарында және мұрыннан, ауыз қуысынан қан кетулер болса науқасты
отырған қалпында тасымалдаймыз. Жақ сүйектері зақымдалса ішімен жатқызып, маңдайының және
кеудесінің астына жұмыр жастық саламыз (киімнен немесе қолда бар заттан).
Күйік жарақатты науқастарды сау жағына жатқызып
көрпемен, ал күйген жағына зарарсызданған жаймамен
мұқият жабамыз. Өкпе ісінуі, бронх және жүрек демікпесі
ұстамасы кезінде науқастарды горизонталді қалыпта
жатқызуға тыйым салынады, тасымалдау отырған
қалпында, ал балаларды вертикалді қалыпта қолымызға
ұстап тасымалдаймыз.
Арнайы зеңбіл болмаса қолда бар затпен дайындауымыз
қажет (сырық, қада, тақтай, пальто, көрпе, қап және т.б.).
Жасалған зеңбілдер мықты болып науқас салмағын
көтеруі қажет (сурет 14).
Аурухана ішілік тасымалдауға каталка қолданамыз – бұл дөңгелектері бар зеңбіл
Науқасты тасымалдайтын каталка (зеңбіл)
Каталкада тасымалдау – ыңғайлы және аяу әдісі
болып табылады. Науқасты каталкаға ыңғайлы
қалыппен орналастырып, науқас қолдарын
тасымалдау кезінде ығысып кетпеуі үшін
кеудесіне немесе ішіне қойып тасымалдайды.
Каталкадағы науқас қалпы дене бұлшықеттерінің
толық босаңсуына әкеледі, науқастың күш
жұмасауын талап етпейді. Артқы тасымалдаушы
науқас жағдайын үздіксіз бақылауына алады.
Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру
Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру
кезінде зеңбілді дұрыс қою қажет. Науқасты
ауыстырушылар қысқа жолды таңдауы қажет. Бұл
жағдайда палата көлемі және кереует қасындағы бос
жер есепке алынады.
Ауыстыру кезінде ең бастысы – науқасты құлатып
алмау, сондықтан физикалық күшті әйел адамдар
немесе мүмкіндік болса ер адамдардың болғаны
дұрыс. Осыған байланысты медициналық
қызметкерлердің ауырлықты көтергенде дұрыс дене
биомеханикасының шарттарын қолдануы қажет. Науқасты ауыстыру кезінде зеңбілдің
Жағдайы ауыр науқастарды ауыстыру әдістері: және кереуеттің орналасуы
· параллельді әдіс – кереуетке параллельді, зеңбілдің а – кереуеттің бас жағына
бас жағын кереуеттің аяқ жағына 2-3 метр аралықта перпендикулярлы зеңбілдің аяқ жағын
орналастыру қою;
· бұрыш асты әдісі: зеңбілдің аяқ жағын кереуеттің бас б – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас
жағына перпендикулярлы қояды немесе керсінше, жағын кереуеттің аяқ жағына қою;
зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына в - кереуеттің аяқ жағына
перпендикулярлы қояды перпендикулярлы зеңбілдің бас жағын
реттік әдіс: зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына қою.
қою
Бір сәтте келісілген қозғалыспен науқасты көтеру және онымен бірге 90 ° (егер зеңбіл параллельді
орналасса - 180°-қа) кереуетке бұрылу және науқасты жатқызу.
Зеңбілді кереуетке тығыз орналастырып және оны кереует деңгейімен ұстап, екеулеп (үшеулеп) науқасты
зеңбіл жиегіне жаймамен тартып, содан кейін жоғары көтеріп төсегіне ауыстыру.
Медициналық қызметкер күнделікті жұмысында науқасты ауыстыру кезінде жиі қолданатын әдісі, бұл
науқасты каталкадан кереуетке бұрышпен ауыстыру. Кереуетке тығыз қойылған зеңбілден науқасты
ауыстыру нақты күшті талап етеді және көбіне қолдана беруге рұқсат етілмейді
Қолданылған әдебиттер:
https://studopedia.info/5-133559.html
http://www.myshared.ru/slide/538244/
http/www.google.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz