Тістің құрылысы




Презентация қосу
Тістің құрылысы
Тіс (dentes) — адамның және
омыртқалы жануарлардың ауыз
қуысында (кейбір балықтардың
жұтқыншағында) орналасқан сүйек. Тіс
азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау
қызметін атқарады.

Тiстер - қатты жасушаларда тұратын,
азықты алғаш механикалық өңдеуден
өткізу үшiн арналған құрылым. Сонымен
қатар жануарларда қорғану және
шабуыл үшiн қару ретiнде қолданылады.
Ал адамда сөз дыбыстарының пайда
болуы үшін маңызды, және де күлудегі
маңызды компонент болып табылады.
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің ауыз қуысынан
шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр кіреукемен (
эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір
шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің
бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты. Тіс
кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа
оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі.
Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі
бұдырларындағы кіреуке едәуір қалың. Балалар тістері кіреукесінің
құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің
келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс
ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс
түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан.
Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу
(кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу тістерде).
Тіс түбірінің ұшында
кішкене тесік болады. Осы
тесік арқылы тістің ішіне
қантамырлары мен
жүйкелер енеді. Тістің ішкі
қуысы кеуекті дәнекер
ұлпасымен толтырылған.
Тістің түбірлері дәнекер
ұлпалы талшықтар арқылы
тіс ұяшықтарына өте берік
бекіген.

Тіске келетін
қантамырлар оны
қоректік заттармен
қамтамасыз етеді. Тіс
ауырғанда немесе тісті
жұлғанда ауыратыны
жүйкелердің
сезімталдығына
байланысты.
Тістің негізгі бөлігін дентин (
лат. «dens» - тіс) заты
құрайды. Дентин өте тығыз
сүйек ұлпасынан түзілген.
Оның құрамының 70%-ы
фосфаттардан, фтордан және
кальций карбонаттарының
қосылыс-тарынан тұрады.
Микробтардың әсерінен тістің
дентин затының бұзылуынан
болатын ауру тісжегі (кариес )
деп аталады.
Бүтін әрі сау тістер - адам
денсаулығының басты кепілі. Ауырған
тістерде ауру коздырушы микробтар
көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс
кіреукесінің шытынауынан басталады.
Тіс кіреукесінің шытынауы қатты
заттарды (мысалы, жаңғак) шағудан
және т.б. жағдайлардан да болады.
Кейде тым ыстық немесе өте салкын
сусындарды бірінен соң бірін ішу
кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс
кіреукесіндегі шытынаған жерлерге
микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі
жалғаса береді. Ауру тістер адам
ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке,
бүйрекке, буындарға жәнө т. б.) де
зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді»
деген сөзде терең мағына бар. «Тіс
бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш бүлінді
дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің
ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл
көрсетіп тұр.
Ауыз куысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып
ұсакталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толык шайналған, өрі
сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті
ақын Мұзафар Өлімбаевтың «апылғұпыл ішкен ас, асказанға түскен тас»
деген нақылынан өздерің қорытынды шығарыңдар.
Адамның да тістері басқа сүткоректі жануарларга ұқсас жеке топтарға бөлінген.
Күрек тістер, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді.
Ересек адамдарда 28-32 тұракты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы
жаксүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақсүйектерде
16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақсүйектердің алдыңғы жағында
орналаскан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Кейде оларды халық
арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек
тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ
тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдак тістері арқылы тағамды
жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың
саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу
тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды
ұсақтап шайнайды
Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6-9
айлығында алғаш рет күрек тістер шыға
бастайды. Сөбиде 2 жасқа дейін барлығы 20
тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп
аталады. 6-7 жастан бастап сүт тістер түсіп,
орнына тұрақты тістер шығады. «Баланың
жетіде тісі түседі» деген нақыл соны
аңғартады. Өйткені балалар жақсүйектерінің
мөлшері мен пішіні ересек адамдардан
өзгеше болады. Тұракты тістердің бастапқы
нышаны сүт тістердің түбірінің астында
орналасқан. Олар бірте-бірте сүт тістерін
ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне
коректің келуіне кедергі жасайды. Қорек
келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі, оның
орнына астыңғы жақсүйекте тұрақты тістер
шығады. 12-14 жаста толық тұрақты тістер
шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18-
20 (одан да кеңірек) жаста шығады. Оларды
кеш шығатындықтан, «ақыл тістер» деп
атайды. Шын мәнінде, олардың ақылға
ешбір қатысы болмайды.
Тісті сау қалпында сақтау үшін
әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды
шайып, тісті тазалау кажет. Күн
сайын тісті таңертең және кешке
мұқият тазалап жуу керек. Тісті
тазалауда белгілі ережені есте
ұстау шарт. Алдымен бөлме
температурасындағыдай сумен
ауызды бірнеше рет шаю; содан
соң арнайы мәсуекпен тазалау.

Ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың
денсаулық үшін маңызы зор. Тіс
гигиенасын сақтамаған жағдайда
ауыз қуысында түрлі аурулар
пайда болуы мүмкін. Сондықтан
тістеріңізді сақтаңыздар!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Отыз екі мықты, Қаз-қатар боп шықты. Он алтысы үсті, Он алтысы асты
Түбір белгісі
Пародонт ауруының құрылысы мен қызметі. Пародонт ауруының қабынуының даму механизмі
Минералдар алмасуының бұзылыстары
Тістің органикалық заттары
Тіс - денсаулық кепілі
Кламмерді бекіту
ТІС САУЫТЫНЫҢ БЕТТЕРІ
Тіс ұлпасының құрылысы
СҮТ ТІСТЕР
Пәндер