Ауыз қуысындағы ауруларды анықтау
Презентация қосу
Ауыз қуысындағы ауруларды
анықтау
Стоматологиялық науқасты клиникалық тексерудің негізгі мақсаты –
дәрігер-стоматологқа келген адамның ауруын дұрыс анықтап, тиімді емдеу
әдісін таңдап алу және оны жоғары деңгейде жүргізу. Стоматологиялық
науқасты тексеру жалпы медициналық қағидаларға негізделе отырып
жүргізіледі және бет-жақ аймақтары ағзаларының жағдайын тексеру
науқасты жалпы тексерудің маңызды бір тізбегі болып саналады.
Көріп тексеру әдісінің негізгі мақсаты –дәрігер-стоматологқа шағым айта
келген адамның бет-жақ аймағындағы патологиялық үрдісті анықтау.
Көріп тексеру белгілі қалыптасқан жүйемен (схемамен) жүргізіледі: а)
сырттай тексеру (внешний осмотр); б) ауыз ағзаларын және тіндерін тексеру
(осмотр органов полости рта). Стоматологиялық науқасты күндізгі жарықта
немесе жақсы жасанды жарық берілген бөлмеде тексерген қолайлы.
Сырттай тексеруді бет пішінін көріп тексеруден бастайды және бет пішінінің
тепе-теңдігіне (симметриялылығына), ондағы домбығу, ісіну, жаңа
құрылымдардың пайда болып тепе-теңдіктің бұзылуы сияқты үрдістерге, бет
терісінің түсіне, мұрын-ерін қатпарларының дұрыс орналасуына, беттің әр
бөлігінің биіктігіне, ерін жиектерінің түсіне, бөгде құрылымдардың бар-
жоқтығына үлкен мән береді.
Қағып тексеру (перкуссия - percussio)
Бұл әдіс көбінесе пародонт тіндерінің жағдайын анықтау үшін қолданылады.
Қағып немесе ұрып тексеруді айнаның немесе сүңгінің сабымен тістердің
тістеу қыры немесе шайнау беті арқылы жүргізеді. Ұру күші (сила удара)
жеңіл және бірыңғай болуы керек. Қағып тексеруді алдымен сау тістен
бастайды, содан кейін ауру тіске ауысады. Бұл науқастың сау және ауру
тістеріндегі анықталған сезімдерін салыстыру үшін қажет.
Периодонтта қабыну үрдісі кезінде сау тісте ауыру сезімін тудырмайтын ұру
күші ауру тісте әр түрлі деңгейде ауыру сезімін туындатады. Қағып тексеруді
тістердің тістеу қырлары мен шайнау беттері арқылы жүргізеді. Түбір ұшы
периодонтының жағдайын анықтау үшін қағып тексеруді тіс өсіне қатар
(параллельді) немесе тік бағытта (вертикальная перкуссия) жүргізеді, ал
жиектік периодонттың жағдайын анықтау үшін тіс өсіне көлденең
(горизонтальды) бағытта (горизонтальная перкуссия) жүргізеді.
Тістердің электрқозғыштығын анықтау
Тістердің электрқозғыштығын анықтау
(электроодонтометрия –
электроодонтодиагностика, электроодонтотест)
тіс ұлпасы мен тіс төңірегіндегі тіндердің
жағдайы туралы мәлімет бере алады. Бұл да
физикалық тексеру әдісіне жатады және кез
келген тірі тіннің тітіркендіргіштер әсерінен
қозу жағдайына негізделген. Тітіркендіргіштің
жауап туындататын ең төменгі күші немесе
деңгейі қозу табалдырығы немесе қозу
көрсеткіші (порог возбудимости) деп аталады.
Тіс ұлпасының қоздырғышы ретінде электр
тоғын пайдаланады, себебі оның күшін және
әсер ету уақытын ұлпаға зиян келтірмей оңай
реттеуге болады. Аталмыш әдісті жүргізу үшін
ОД – 2М, ИВН – 1, ЭОМ – 1, ЭОМ –
3(айнымалы токпен істейді), ОСМ – 50, ЭОТ
-01, Аверон, ЭндоЭст-01, Pulptester PTI
(электроодонтотестер) аппараттары
қолданылады. Бұл аппараттармен тұрақты және
айнымалы токпен жұмыс істеуге болады
Рентгендік тексеру әдісі (рентгенологическое исследование)
Бұл әдіс стоматология саласында кең
қолданыс тапты. Көптеген рентгендік
тексеру әдістерінің терапиялық
стоматологияда жиі қолданылатыны –
рентгенографиялық немесе ағзалардың
рентген суреттерін алу әдісі.
Рентгенаппаратпен жұмыс істеу
Бұл әдістің мәні мынада: әрбір тін тығыздығына байланысты әр түрлі деңгейде
рентген сәулелелерін өткізеді. Минералданған қатты тіндер рентген сәулелерін
өткізбейді, сондықтан сәулелер рентген пленкаға (рентген жарғаққа) жетпейді,
негативті пленкада ақ көлеңке-бейне пайда болады. Керісінше жұмсақ тіндер
рентген сәулелерін жақсы өткізетіндіктен рентген пленкада қара көлеңке немесе
бейне пайда болады.
Рентген сурет арқылы түбір өзегінің ұзындығын анықтауға болады. Ол
үшін өзекке болжамды ұындыққа түбір инесін шектеуішімен енгізіп, тістің
рентген суретін жасайды. Түбір өзегінің ұзындығын төмендегі формула
бойынша анықтайды:
К = i x K1 / i 1
мұндағы: К-өзектің анықталатын ұзындығы
К1 - өзектің рентген суреттегі ұзындығы;
і1 – иненің рентген суреттегі ұзындығы.
Термодиагностикалық әдіс
Бұл құралды Америкада жарты ғасыр бұрын
екі дос – дантист және инженер жасап
шығарып, патенттеді. Құрылғы тым үлкен
болды және сырт көрінісіне қарай оны
«сегізаяқ» деп атап кеткен. Содан бері оны
бірнеше рет жаңартты, бірақ жұмыс істеу
принципі өзгерген жоқ: бұл су
ағынымен ауыз қуысын тазалауға
арналған гидромассажер. Ирригатор
тістердің арасындағы тамақ қалдықтарын
тиімді кетіріп қана қоймай, қызыл иекті
ұқыптап уқалайды.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz