Сүйек ұлпасының құрамы



БӨЖ
Тақырыбы: Шеміршектің қалпына келуі. Сүйек. Эктопиялық дамуы. Физиологиялық және жарақаттан кейінгі қалпына келуі. Сүйектің қайта құрылуы, оның құрылысына әсер етуші факторлар. Сүйектің жалғасуы.
Тексерген: Бекбосынова Л. Н.
Орындаған: Молдаш Б. А.
Топ: 103 Стоматология
Нұр-Сұлтан 2020 ж
КеАҚ «Астана Медицина Университеті»
«Морфология және гистология негіздері» кафедрасы

Жоспар
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
1. Шеміршек.
а) Шеміршектің қалпына келуі.
б) Эктопиялық дамуы
2. Сүйек.
а) Сүйектің қайта құрылуы
б) Сүйектің жалғасуы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Адам мен сүтқоректілерде шеміршек тек буын сыртында, қабырғаның төссүйекке жалғасқан жерінде, бронх, кеңірдек және құлақ қалқанында болады. Шеміршектің клеткааралық заттарының ерекшелігіне қарай үш түрі ажыратылады. Гиалинді шеміршек - қысымға төзімді, бірақ сынғыш келеді; негізінен бұлар ұрық кезінде болады. Талшықты немесе дәнекерлі шеміршек - қысымға (жиырылуға) да, сынуға да төзімді, ол омыртқа, жамбас-мықын буын аралықтарын жалғастырады. Эластинді шеміршек - гиалинді шеміршектен құралады, құрамында созылмалы талшықтар болады. Шеміршектің сыртынан шеміршекқаппен қапталған. Шеміршекқап сыртқы талшықты және ішкі хондрогенді (камбиалды клеткалы) қабаттардан тұрады. Оның құрамында жас шеміршек клеткалары - хондробластар бөлініп, көбею арқылы клеткааралық заттар түзіп, шеміршектің қалыңдап өсуін қамтамасыз етеді. Шеміршек зақымданған жағдайда шеміршек сырты тінінің өсуі арқылы бұрынғы қалпына келеді.
Шеміршек
Шеміршек (cartіlage) - адам мен жануарлардың кейбір органдарын біріктіріп тұратын тірек; механикалық қозғалыс қызметіне қатысатын иілгіш серпімді тін.

А. Гиалинді шеміршек;
Б. Эластинді шеміршек;
В. Талшықты шеміршек;
Г. Шеміршек тінінің гистогенезі;
Д. Ядро;


Сүйек - тірі ағзаның тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі жұмсақ тіндердің тірегі және бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын маңызды құрылым. Адамның денесіндегі 200-ден астам тақ және жұп сүйек-тер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды[1] . Сүйек коллагені мен аз мөлшерде суда ерімейтін кальций тұздарымен толыққан майдан тұрады. Сүйек сыртқы қатты қабаттан және ішкі кеуекті қабаттан тұрады.

Сүйек ұлпасының құрамы
Сүйек ұлпасын құрайтын жасушалар остеобласт (osteon - сүйек, blastos - өскін, ұрық деген грек сөздерінен шыққан) деп аталады. Ол жасушаларда коллаген фибриллаларын синтездеп бөліп шығарады. Бөлініп шығарылған заттар жасушааралық кеңістікке жиналады да, жасушадан тыс ағзалық матрикс түзеді. Остеобластар бір-бірімен жасушалық өсінділер арқылы өзара байланысып жалғасады. Матриксте негізінен фосфор қышқыл кальций тұздары Са3 (РО4) 2 қабат-қабат (қалыңдығы 3-5 мкм) болып жиналады. Бұдан өзге оған көмірқышқыл тұздары, фторлы тұздар, аздаған кальций гидроксидтері қатысады. Ақуыздар, күрделі қанттар басқа да ағзалық заттар осы тұздардың бəрін біріктіріп цементтейді. Сөйтіп сүйек ұлпасы пайда болады.

Сүйектің дамуы екі түрлі жолмен қалыптасады;
Сүйектің мезенхимадан дамуы(тура остеогенез)
2) мезенхимадан дамыған шеміршектің орнына қалыптасып дамуы, бұл тура емес остеогенз.
Постэмбриональді кезеңдегі сүйектің дамуы- физиологиялық және реператиривті регенерацияға жатады. Сүйек тінінің дамуында сүйек дифферон қатарына түзетін жасушалар қабығы; бағаналы, жартылай бағаналы, остеобласттар(фибробласттардың бір түрі), остеоциттер болып жіктеледі. Бағаналы жасаушалардан сүйек тініндегі остеокластар дамиды, бұлар ағзадағы макрофагтарға жатады.

Сүйек ұлпасының клеткалары остеобластлар, остиоциттер және остеокластлар. Остеоциттер жұлдыз пішінді көп өсінділі клеткалар. Қалыптасқан ұлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айрылған, жоғары дәрежеде мамандалған клеткалар. Негізгі затының тығыз болуына байланысты клеткалары ерекше қуыстарда орналасады. Қуыстардан каналшықтар тарайды. Көршілес клеткалардың каналшықтары бір - біріне ұласып, жалғасып жатады. Сүйек каналшықтары мен сүйек қуыстары арқылы ұлпаның метаболизмын қамтамасыз ететін ұлпалық сұйық ағып тұрады.
Клеткалар мен сүйек каналшықтары жұқа капсуламен қоршалған. Капсула белокпен қосылған полисахаридтен және жіңішке коллагендік фибрилдерден тұрады. Сүйектің клеткааралық затындағы коллаген талшықтарының орналасуына байланысты сүйек ұлпасының екі түрін ажыратады: ірі талшықты және пластинкалық сүйек ұлпасы.

Талшықты (fibrosum) сүйек ұлпасының матриксiнде коллагеннің талшықтары әр бағытта тәртiпсiз орналасуымен, бiр-бiрiн қиып өтуiмен сипатталады. Қатпарлы түріне қарағанда мұнда остеоциттер, матриксiнде негiзгi заты мол, минералды құрамбөлiктерi аз болады. Ол ұрық сүйегiнде, ересек организмнiң ми сауыты жiгiнде, сiңiрдiң сүйекке жабысқан жерiнде кездеседi.
Пластинкалық сүйек ұлпасының құрылысы күрделі. Оның негізін коллагендік фибрилдердің тығыз шоғырларынан тұратын сүйек пластинкалары құрайды. Шоғырлар қалыңдығы бірдей болады және белгілі бағытта орналасады. Шоғырлар арасында остеоциттер жатады. Пластинкалық сүйек ұлпасына тән ерекшелік көршілес екі пластинканың фибриллалары түрлі бағытта орналасады, кейбіреулері бір пластинкадан екіншісіне өтеді, сөйтіп олардың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Сүйек заты кемік және тығыз болуы мүмкін. Екі жағдайдың екеуінде де қан тамырларымен және нервтермен тығыз байланысқан тұтас жүйе құрайтын пластинкалардан тұрады.

Адамдарда сүйек тінінің регенерациясының түрлері:
Физиологиялық - адамның өмірі бойында сүйек тінінің жаңаруын қамтамасыз етеді.
Репаративтік - сүйектердің сынықтарда бітуін қамтамасыз етеді және бірнеше кезеңдерден өтеді.

Репаративтік регенерация кезеңдері.
1-ші кезең - тіндік структуралардың деструкциясы, грануляциялық (мезенхималдық) тін түзілуімен торшалардың пролиферациясы
Репаративтік регенерацияның индукторы сүйектік морфогенетикалық белоктар болып табылады, оларды деминералданған сүйектен 1979 жылы Urist M. бөліп шығарған - жарақаттан кейін зақымданған остеогендік және остеогендік емес торшалардан бөлінетін биологиялық белсенді белоктар.
Сынықшалардың тұсында полибласттардан тұратын жетілмеген грануляциялық тін өседі, ол футляр түрінде негізгі және ұсақ сынықшаларды орайды, сонымен қатар сүйек-ми каналына енеді.
Грануляциялық тіннің ішінде қалпына келген тамырлар орналасады. Осы кезеңде сынық орнында гематоманың түзілуі болады. Ертеде көп зерттеушілер гематоманы репаративтік регенерацияның негізгі источнигі деп есептеген. Тек қана Г. И. Лаврищева бірінші болып грануляциялық тіннің өсуі гематомадан тыс болатынын дәлелдеді.

2-ші кезең -
дифференциалданған остеогендік тіндік структуралардың құралуы, ол сынықтарды емдеудің әр түрлі әдістерінде алуан фазалардан өтеді.
3 - ші кезең -
сүйек күсігінің остеогендік структураларының минералдануы, сынық орнында сынықшалардың қан айналуының толық қалпына келуі.
4-ші кезең -
сүйек күсігінің қайта түзілуі, пластина тәрізді сүйектің пайда болуы - ол сүйек-ми каналы бар кортикалдық қабаттан және сүйек қабатынан тұрады, сонымен сыныққа дейінгі сүйек структурасының қалпына келуі.

Сүйек күсігінің құрылымы.
1. Периосталдық;
2. Эндосталдық;
3. Интермедиарлық;
4. Гетеротопиялық.

Сүйектердің өзара байланысу түрлері.
Сүйектердің қозғалмалы байланысын буын дейді. Организмде сүйектердің өзара жалғасуының үш түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Сүйектің қозғалмайтын жалғасуына- бас сүйегі, жамбас сүйегі; жартылай қозғалмалы байланыс түріне- омыртқа жотасы; сүйектердің қозғалмалы байланыс түріне буын арқылы жалғасатын, яғни қол сүйектері, иық пен аяқ белдеулері, қабырғалар жатады. Қозғалмайтын және жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер денеде тіректік қызмет атқарады және оған белгілі пішін береді, кеңістікте оның тұру қалпын көрсетеді. Жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер және оларға бекитін бұлшық еттер организмді қозғалтып, қимылға келтіретін мүшелер болып саналады. Мұндай жағдайда жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер рычагқа айналып кетеді.

Сүйектердің өзара жалғасуы. Сүйектердің дәнекерұлпасы немесе шеміршек ұлпасы арқылы байланысын қосылу деп атайды. Сүйектердің қосылуының ерекше түрі бас сүйегінде кездеседі. Оны сүйектің тігісі деп атайды. Сүйектердің шеміршек ұлпасы арқылы қосылуы омыртқа жотасында кездеседі. Олардың серпінді және малы омыртқалардың қосылуы адам жүргенде, жұмыс істегенде омыртқа жотасыныңикемділігін қамтамасыз етеді және дененің тербелісі, қозғалысы кезінде соққыны бәсеңдетіп отырады. Буындар дененің көптеген сүйектерін жалғастырады, сан алуан қимыл-қозғалыс түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Әрбір буынның құрылысы күрделі. Буын екі немесе бірнеше сүйекті қосады. Сүйектің қосатын үстіңгі беті буын қалтасымен қоршалған.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz