ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ


Slide 1

Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері

Slide 2

Қазақ жерінде мекендеген ежелгі тайпалар туралы жалпы мәлімет - хронологиялық шегі, мекендеген аумағы, тайпа атаулары.

Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалар - сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады. Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі б. з. б. VIII ғасырдан - б. з. V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде сақтар - б. з. б. VIII - III ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер - б. з. б. III - б. з. V ғасыр, қаңлылар - б. з. б. III -II - б. з. V ғасыр, сарматтар - б. з. б. III - б. з. V ғасыр, ғұндар б. з. б. III -б. з. IV ғасырларда өмір сүрген. Сақтардың ата мекені қазырғы қазақ жерінің аумағын тұтас дерлік қамтып жатса, үйсіндер - Жетісу, Тянь-Шань, Тарбағатай өңірлерін, қаңлылар - Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысын, яғни Оңтүстік Қазақстан жерін, сарматтар - Арал-Каспий аралығын, немесе Батыс Қазақстанды мекендеген. Ал ғұн тайпалық бірлестігі қаңлылар жеріне Шығыстан келіп қоныс тепсе де, ол жерлерде байырқаламай, Арал бойынан Батысқа қарай жылжып, тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» атымен қалған зор оқиғаға себепші болып, қазырғы Еуропа жеріне табан тіреген еді. Әйтсе де, біз ғұндарды өзіміздің арғы ата-бабаларымызға жатқызамыз. Оған дәлел ретінде Мағжан Жұмабаевтің «Пайғамбар» деген өлеңін алуға болады, ақын ол өлеңінде « . . . ғұн - түркілердің арғы атасы» деген тұжырымын жария еткен. Ғұндар Ұлы дала төсін құр тастамай, түркі тілдес халықтар деп аталатын өз ұрпақтарының құт мекені етті.

Slide 3

Мәдениет, оның мазмұны, адамзат тарихындағы рөлі, мәдениеттің түрлері, даму сатысы.

Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етіп, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуде пайда болды. Тас дәуірі кезеңінен бастап табиғатпен қоян-қолтық өмір сүрген адам баласы өзінің даму барысында мәдениеттің бастапқы қарапайым түрінен адам ойының небір таңғажайып туындыларына дейінгі жетістіктерді дүниеге әкелді. Мәдениет - адамның ақыл-ойы, іс-тәжірибесі, тұрмысы, жасап шығарған дүниелері, пайдаланған заттары, т. б. Адам ақыл-ойының туындысын - рухани мәдениетке жатқызсақ, тұрмыстық жағын - материалдық мәдениетке жатқызамыз.

Slide 4

Мәдениеттің адамзат тарихындағы рөлін бір ауыз сөзбен - қоғам мен адамның тарихи дамуының деңгейі деген тұжырыммен түйіндеген дұрыс. Яғни, мәдениеті қаншалықты жоғары болса адам да, қоғам да соншалықты деңгейде жетілген, дамыған деп қорытынды жасауға болады. Адамзат баласы мәдениетінің дамуы ұзақ та күрделі кезеңдерден өтті, бүгіндері ол адам баласын Мәңілік өмірге бастап барады. Мәдениеттің алғашқы белгісі - ежелгі адамдардың діни наным-сенімдерінен көрінеді. Табиғат құбылыстарының себебін дұрыс түсіне алмаған тас дәуірінің адамдары әлдебір құдіреттің барлығына шек келтірмей сеніп, сол құдіретке табына бастады, құдайлар туралы аңыздарды ойлап шығарды. Адам санасы жетілген сайын мәдени өмірдегі өзгерістер де көбейе түсті, оның мазмұны байып, жаңа сипатқа, жаңа түрге айнала бастады. Адам өмірінің барлық жағын қамтитын мәдени көрсеткіштердің тізімі де арта түсті. Адам ақыл-ойының жемісі - мәдениет ұғымының маңызы өте зор. Десек те, мәдениетті жасаушы адам ғой, адам қоғамда өмір сүреді, яғни мәдениет адам мен қоғамның жемісі.

Slide 5

Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн мәдениетінің жәдігерлері - ата-баба қалдырған асыл мұра.

Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларынан бізге жеткен мәдени мұра

қатарын екі салаға бөліп қарастырамыз. Біріншісі, рухани мәдениетін көрсететін жәдігерлерге келсек аталған тайпалардың барлығына ортақ дүние - олардың діни наным-сенімдерінде жатыр. Сақтарда әлемнің құрылымы туралы түсінік қалыптасқан, олардың ойынша әлем 3 бөліктен тұрады, және әлемнің 4 бұрышы болады. Осы бір ғарыш туралы түсінік Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген - күн, қанатты 4 пырақ, 4 алтын жебенің суреті.

Slide 6

Ата-баба аруағына сиыну бағытындағы нанымдар мен әдет-ғұрыптар барлық тайпаларда ортақ, қай тайпа болмасын арнайы рулық, отбасылық зираттарға мәйітті оның дүние-мүліктерін қоса жерлеген, өлген адамның аруағына сиынып, о дүниеде қайта тіріледі деген сенімде болған. Ер адамдардың жанына қару-жарақтарын, тұрмыстық заттарын қойса, әйел адамдардың жанына көбінесе әшекей бұйымдары мен әсемдік заттарын қойған.

Slide 7

Тарихи деректерді саралай қарап отырсақ рухани мәдениеттің тағы бір көрінісін қаңлылардан көреміз: «. . . қаңлыларда ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыды, қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғылы сырнайлары болған». Көрші елдердің деректерінен «Биші бикеш» атты өлең де мәлім, яғни қаңлылардың рухани мәдениетінің өзіндік өзгешелігі бар, мен бұл арада қазақтың қасиетті музыкалық аспабы - домбыраның қаңлылардан тарағаны туралы гипотезада бар.

Сондай-ақ ежелгі тайпалардың барлығы да жаратушы күщке, отқа, күнге табынған. Сақтар от пен күнді жылқымен байланыстырған екен, бұндай наным-сенімдерге біз бүгіндері куә болып та жүрміз. Баланы бесікке бөлеген кезде апаларымыз бесікті арша жағып, отпен аластайды, жын-шайтан ұяламасын деген ырыммен, жаңа үйге кіргенде де бұрыш-бұрыштың барлығын отпен аластап шығады, оттың құдіретіне табыну ырымы біздің заманға да жеткенінің дәлелі. Жылқы малын біздің қазақтай қадірлейтін халық жер бетінде жоқ шығар, түліктің осы бір түрімен байланысты құрмет сезімін біз бала күнімізден бастап бойға сіңіріп өсеміз. Қайтыс болған адамның жылын бергенде оның төл атын жылдығына сойып, кейін бас сүйегін зират басына іліп қоятын салтты бәріміз де білеміз, бұл да жылқы малына деген ерекше құрметтің бірі, аты мен иесі о дүниеде де бір-біріне серік деген ырым, ежелгі тайпаларда да бар екен.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер
Ұлы даланың жеті қыры
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылсы
Тас дәуірі
Жетісудың қалалары туралы
Жібек мәдени жолы еті
Шымкент - Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы
Қазақстан аумағындағы ірі керуен сарайлары
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz