Грамматикалық жағынан қарасақ, жолдау сөзінің түбірі жол
Презентация қосу
2008 ЖЫЛҒЫ 6 АҚПАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ:
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН
АРТТЫРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ
БАСТЫ МАҚСАТЫ».
Жыл сайын елімізде елбасының кезекті жаңа жолдаулары жолданады. Халық болып қабыл
аламыз. БАҚ беттері жарыса жазып, ол туралы түрлі түсіндірме сабақтарын жүргізеді. Бірақ
жолдау деген не? Оның мақсаты қандай деген сұрақтарға толыққанды жауап алған емеспіз.
Тек жолданған жолдауды талдаймыз.
Әр елдің президенті өзінің халқына жолдауды жыл сайын немесе араға жыл салып
жолдайды. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның бағыты мен бағдары
көп. Жолданған жолдауды талқылау арқылы халық арасында елдің сыртқы және ішкі саясаты
туралы ақпарат беріледі. Экономикалық-саяи көзқарастар негізінде халық жаппай ел билігі
мен елдің бүгінгі жетістіктерімен танысады.
ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Қазақстан жолдауды жыл сайын жолдап қана қоймай, халық
арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жолдаудың жолдану мақсаты – елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасалу керек істердің
басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу. Бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет болғаннан кейін,
ел ішіндегі әрбір халықтың жолдау негізінде жұмыс жасауы маңызды.
Грамматикалық жағынан қарасақ, «жолдау» сөзінің түбірі «жол». Яғни жол сілтеу, жол табу
деген мағынадан келіп шығады. Халыққа түсінікті тілмен жеткізген кезде жолдау - бұл
халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу деген сөз.
Президент жолдауды көлемді әрі шағын түрде жолайды. Дегенмен көлемді түрі көп
қолданылады. Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату.
Менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең
бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып
келеді.
Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер
туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің
бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын
қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып
қала бермек.
Үстіміздегі жылы Үкімет олардың орындалуы жөнінде есеп беруі тиіс.
Өткен жыл Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір
сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.
Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.
Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық
қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет
теңдестірілген негізде парламент сайлауы өткізілді. Сайлауда “Нұр Отан” партиясы айқын
басымдықпен жеңіске жетіп, алғаш рет Үкімет жасақтады.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық
жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті.
Әлеуметтік инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп
пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Біз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткіздік.
“Самұрық” холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия
саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар
қабылдауытиіс. Бұл үшін қазіргі тау-кен металлургия компаниялары акцияларының
мемлекеттік пакеттерін бір жағына шығарып, оларды нақты басқаруға кірісу, сондай-ақ
сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара және түсті металдардың барланған кен
орындары қойнауын пайдалану құқығын өз қолымызға алуымыз қажет.
Үкіметке электр энергетикасын, тасымалдау жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау
қажет. Бұл секторлар бүгінде Қазақстан экономикасы дамуына анық “ілесе алмауда”.
Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтасыз ету саласындағы бірінші
кезектегі міндеттер Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын, Мойнақ
ГЭС-і және басқаларын салу құрылысы болып табылады.
Бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында, тұтастай алғанда, концессиялық негізде,
алдағы уақытта ақылы ету арқылы Астана – Бурабай, Астана – Қарағанды, Алматы –
Қапшағай, Алматы – Қорғас автомобиль жолдарын, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма жолын
салу мен қайта жаңғырту басталады.
Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшін Үкімет қолданыстағы
заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіруі тиіс.
Қазірдің өзінде “серпінді” аталудан үміткер 100-ден астам жоба пайда болды. Ақтөбе
облысындағы үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинаттары мен мыс қорыту
зауытын салу, Павлодар облысындағы алюминий зауыты және хлор мен каустикалық сода
өндірісі зауытының құрылыстарын одан әрі жалғастыру, Қарағанды облысында сортты
прокат өндірісі мен металлургиялық кремний өндірісін ұйымдастыру секілді экономикамыз
үшін айрықша маңызды жобалар және басқа да көптеген жобалар іске асырылып жатыр.
Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өндіруді
ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант
және басқалар. Біздің бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар.
Қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын бір-екі баспа
ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қандай бәсекелестік болмақ. Қазақ
тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйренуге емес,
қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім
қабылдауы тиіс.
Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне бірлесе отырып ауруханалардың
медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде медицина қызметкерлерін қосымша даярлау
мен қайта даярлау, оларды сертификаттау мен лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру
бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында гранттар мен “Болашақ” бағдарламасы
бойынша медициналық мамандықтарға квота санын көбейту қажет.
Ерекше назар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Елге әкелінетін
медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсенді түрде отандық
фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тарту қажет.
“Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап
дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға
ерекше ден қойылуы керек.
Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт
алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен
шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына
жағдай жасауы қажет.
“Қазақмыс” корпорациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, Қазмырыш, Теңізшевройл,
Аджип, “ҚазМұнайГаз”, “Қазатомөнеркәсіп”, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниялары
сияқты құрылымдар тек өткен жылы ғана әлеуметтік салаға арналған нысандарды:
мектептер, медициналық және мектеп жасына дейінгі мекемелерді, сауықтыру кешендерін,
мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мәдениет және спорт мекемелерін дамытуға
30 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады.
Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді.
Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің
істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы,
халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін
ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық сенемін.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz