Партиялық жүйелер


Slide 1

Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы

Slide 2

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР

ЖОСПАРЫ:

1. Саяси партияның табиғаты мен белгілері.

2. Саяси партияның құрылымы және қызметі.

3. Саяси партиялардың жіктелуі және партиялық жүйелер.

4. Саяси партиялардың қаржылану жолдары.

Slide 3

1. Саяси партияның табиғаты мен белгілері.

«Партия» ұғымының этимологиясы латын тіліндегі «pars» - бөлшек деген сөзінен шығады.

Антика дәуірінде (Ежелгі Греция және Ежелгі Рим) партия белгілі бір әлеуметтік топтың мүдделерін жақтайтын адамдар тобын білдірген.

Slide 4

Мәселен, неміс ойшылы М. Вебер саяси партиялардың дамуының мынадай кезеңдерін көрсетеді:

1) Аристократиялық үйірмелер;

2) Саяси клубтар;

3) Бұқаралық партиялар.

Бүгінгі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бірақ Еуропалық саяси партиялар да бірден бүгінгі дәрежесіне келе қойған жоқ.

1. Саяси партияның табиғаты мен белгілері.

Фото

Фото

Slide 5

Саяси партиялардың қалыптасуына және дамуына мынадай факторлар өзіндік әсерлерін тигізген:

1) Ұлттық сана-сезімнің оянуы;

2) Жалпы ұлттық революция;

3) Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктердің құрылуы (кәсіподақтар) ;

4) Жаппай сайлау құқығының берілуі.

Slide 6

1) Партия нақты бір идеологияны білдіреді;

2) Адамдардың ұйымдасқан ерікті, әрі ұзақ мерзімді одағы;

3) Партияның мақсаты - саяси билікке келу және оны уысында ұстап қалу;

4) Қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтарының мүдделерін саясатта танытып, сол үшін күресе алуы.

Өзге саяси ұйымдардан саяси партияны ажырату мақсатында батыс саясаттанушылары Дж. Лапаломбара мен М. Вейнер оның басты төрт белгілерін көрсетеді:

1. Саяси партияның белгілері.

Саяси партия дегеніміз мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы

Slide 7

2. Саяси партияның құрылымы және қызметі.

Саяси партияның құрылымы мыналардан тұрады:

1. партиялық аппарат;

2. қатардағы мүшелер;

3. партияның жақтастары.

Француз әлеуметтанушысы М. Дюверже бойынша саяси партия құрылымы мыналардан тұрады:

1) партиялық аппарат;

2) партия активтері;

3) партия мүшелері;

4) партияға жылы қараушылар.

Slide 8

2. Саяси партияның құрылымы және қызметі.

К. фон Бейме саяси партияның мынадай төрт қызметін ажыратады:

1. Мақсатты айқындау. Идеология мен бағдарламаларды құра отырып саяси партиялар азаматтарға альтернативті жол көрсетеді;

2. Қоғамдық мүдделерді топтастыру және білдіру;

3. Азаматтарды саяси әлеуметтендіру және мобилизациялау;

4. Билік етуші элита мен үкімет құрамын жасақтау.

Slide 9

3. Саяси партиялардың жіктелуі және партиялық жүйелер.

Француз ғалымы М. Дюверже саяси партияны сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлген:

1. Кадрлық: (Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық -демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы) .

2. Бұқаралық: (Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ мүшелік жарна төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы, АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары) .

Slide 10

3. Саяси партиялардың жіктелуі.

1) Ресми(легалды) партиялар;

Ресми заңға сәйкестігіне қарай саяси партиялар жіктеледі:

Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Яғни, Конституцияға, Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңға қайшы келмейтін, ресми тіркеуден өткен партияларды айтамыз.

Slide 11

3. Саяси партиялардың жіктелуі.

2) Жартылай ресми(легалды) партиялар;

Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, тек кейбір жұмысына шек қойылған. Олар саяси билік үшін таласқа түсе алмайды.

Яғни, Конституцияға қайшы келмейтін, алайда, Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңның талаптарына жауап бермейтін партияларды айтамыз.

Ресми заңға сәйкестігіне қарай саяси партиялар жіктеледі:

Фото

Slide 12

3. Саяси партиялардың жіктелуі.

3) Құпия(легалды емес) партиялар.

Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізетін партиялар. Яғни, Конституцияға, Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңға қайшы келтін, ресми тіркеуден өтпеген, сот шешімі бойынша ҚР-ның аумағында жұмыс істеуге тыйым салынған партияларды айтамыз.

Ресми заңға сәйкестігіне қарай саяси партиялар жіктеледі:

Slide 13

Соттың шешіміне сәйкес ҚР-ның аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдардың тізімі:

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдардың тізімі:

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида» 2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» 3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» 4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар» 6. «Братья-мусульмане» 7. «Талибан» қозғалысы 8. «Боз гурд» 9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» 10. «Лашкар-е-Тайба» 11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

12. «Хизб-ут - Тахрир» ұйымы

ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

13. «АУМ Синрикё» 14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

15. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

18. «Таблиги джамагат»

IX. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

19. «Ат-такфир уаль-хиджра»

XIІ. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес:

20. «Ислам мемлекеті».

21. «Ан-Нусра фронты».

Slide 14

3. Партиялық жүйелер.

Бүгінгі саяси ғылымда саяси партияларды шынайы саяси билікке қатысатын партиялардың санына қарай топтастыру кең тараған. Осыған сәйкес саяси партияларды мынадай жүйелерге бөледі:

1. Бірпартиялық жүйе;

2. Екіпартиялық жүйе;

3. Көппартиялық (Мультипартизм) жүйе.

Slide 15

3. Үстемдікке ие бір партиялық жүйе - қоғамда саяси билікке таласушы көптеген партиялар болуы мүмкін, алайда ондаған жылдар бойы билікке иелік етеді және халық арасында жоғары беделге ие партияның болуы (Мысалы, Швецияның Социал-демократиялық партиясы, Жапон елінің Либеральдық - демократиялық партиясы, және т. б. ) .

2. Квазикөппартиялық жүйе - нақты бір партия болады, көппартиялылықты өтірік көрсету үшін «қуыршақ» партиялар құрылады. (Социализм кезеңінде Польшада, ГДР-да орын алған) ;

1. Бірпартиялық жүйе. Қоғамның саяси жүйесінде бірпартияның ғана үстемдігі мойындалады. Мысалы: КСРО, КХДР, Куба.

1. Бірпартиялық жүйе

Slide 16

2. Екіпартиялық жүйе.

Мемлекеттің саяси жүйесінде екіден көп саяси партиялардың болуына қарамастан билікке таласады және келеді негізгі екі партия.

Бипартизм көбінесе англо-саксондық елдерде тараған. Мысалы: АҚШ, Ұлыбритания және т. б. елдер.

Екі жарым партиялық жүйе. Қоғамның саяси жүйесіндегі негізгі екі партиямен қатар белгісіз бір партияның билікке келуі. Мысалы: Германиядағы СДПГ мен ХДС / ХСС партияларымен қатар билікке СвДП «жасылдар» партиясы келді.

Фото

Slide 17

3. Мультипартизм.

3. Көппартиялық(Мультипартизм) жүйе - тең дәрежелі бірнеше партиялардың билік үшін күресінен туындайды. Мысалы: Қазақстан, Рессей және т. б. елдерде.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық - саяси қозғалыстар
САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Саяси партиялардың қызметтері
Саяси партиялардың түрлері
Қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасуы жə не ҚР саяси партиялары
Партиялық жүйе
1920-1930 жылдарыңдағы кеңестік Қазақстан
ПАРТИЯНЫҢ Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыруға қатысу
ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЯСИ
Мажоритарлы жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz