Мәскеудің тапсырмасы бойынша Қазақстанға комсомолдар, жас мамандар


Slide 1

Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі

Slide 2

Брежнев Леонид Ильич (1907 ж. қаңтардың 1 (1906 ж. желтоқсанның 19) - 1982 ж. қарашаның 10) - 1964 ж. бастап КОКП ОК Бірінші хатшысы (1966 ж. бастап Бас хатшы) және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы (1960-64 жж. және 1977-82 жж. Төрт рет Кеңес Одағы ері, Социалистік еңбек ері.

Slide 3

Леонид Брежнев біршама уақыт саяси басқармаларда қызмет еткен: алдымен 4-ші Украин майданында, Прикарпатск әскери округінде. 1946 жылдың 13 маусымы генерал-майор Брежнев Украина БКП (б) ОК қарамағына жіберіледі. Ол жерде ол Запорожье обкомының бірінші хатшысы лауазымына тағайындалып, қираған өндірісті қалпына келтірумен айналыса бастайды. 1950 жылдың 16 маусымы Брежнев БКП (б) ОК-ге инспекторлікке жіберіледі.

Днепропетров КП (б) обкомының бірінші хатшысы. Украина ССР-і. 1946 жыл.

Slide 4

1951 жылғы 2 сәуірде Леонид Ильич Молдавия ОК бірінші хатшысы болып сайланады. СОКП ХІХ съезінде Сталинмен жеке кездесуі Брежневтің әрі қарай өсуіне қатты әсер етті. Көп уақыт өтпей ол ОК мүшесі, ОК хатшысы және ОК Президиумына мүшелікке үміткер болады. Алайда, «халықтар көсемінің» өлімі кері әсерін тигізіп, Брежнев СОКП Орталық комитетіндегі барлық лауазымдарынан айырылады.

Slide 5

Сол кезде, 1953 жылдың 3 мамыры, Брежнев өзін Украинаға жіберуді сұрайды. Бірақ оны ССРО Қорғаныс министрлігінің Бас саяси басқармасы бастығының орынбасары етіп тағайындайды.

1954 жылғы 6 ақпанда Н. Хрущев Қазақстан ОК бірінші хатшысы лауазымына Пантелеймон Пономаренконы тағайындап, ал 19 ақпанда ОК екінші хатшысы лауазымына Л. Брежневтің кандидатурасын ұсынады. Екінші хатшы лауазымында Л. Брежнев тың және тыңайған жерлерді игеру және халық тұтынатын бұйымдарды өндіру жөніндегі «Хрущев реформаларын» іске асырады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Пономаренко-Брежнев дуэті басқарып тұрған кезде Қазақстан ОК қызметкерлерінің саны 19%-ға азаяды. Тіпті бұрынғы бірінші хатшы, сол кезде Оңтүстік Қазақстан партия обкомының бірінші хатшысы болып тұрған Жұмабай Шаяхметовты да айналып өтпеді:

«Барлық күш-жігерді осыған жұмсау керек еді, бұқараның күш-жігерін көтеру керек еді. Өзіңіз де жанып, бұқараны да жандыруыңыз керек еді. Ал сіз ауылшаруашылығы озаттарының слетін шақырдыңыз, тіпті сөз де сөйлемедіңіз, отырып-отырып, кетіп қалдыңыз. Ал енді пленумда сөз сөйлеп, ОК, аппаратты сынайсыз».

Slide 12

1955 жылдың тамызынан бастап Брежнев ҚазССР ОК Компартиясын өзі басқарған. Республика алдына 6, 4 млн тың жерлерді игеру мақсаты қойылады. Бұл үшін көп адам күші де керек еді. Мәскеудің тапсырмасы бойынша Қазақстанға комсомолдар, жас мамандар Совет Одағының барлық түкпір-түкпірінен ағылып келе бастады. 360 мыңнан астам ғана тек механизаторлар келді, ал жалпыодақтық түбегейлі салымдар 6 млрд рубльді құрады (бұл 1946-1950 жж. төрт есе көп) .

Slide 13

Қазақстанның интеллектуалдық элитасын қудалауға қатысты Леонид Ильич бірмәнді емес позицияны ұстанды. Мысалы, Бекмахановты қудалауды Леонид Ильич құптамады және де оған докторлық диссертациясын қайтадан қорғауға рұқсат етті, бірақ сонымен қоса университет ректоры Дарқанбаевты сынға алды.

Кейін, СОКП ОК басшысы болып тұрған кезінде қазақ жазушы Олжас Сүлейменовтың тағдырына қатысады. Интеллигенцияны қудалаудың бастамашысы «сұр кардинал» Михаил Суслов О. Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабын сатылымнан тартып алып, авторды «ұлтшыл», «түркішіл», «әдістемелік қателіктер жіберген» деп айыптайды. Тек Д. Қонаевтың кітапты оқып, оған баға беруін сұрап СОКП ОК бас хатшысы Л. Брежневке өтініш жасауы ғана авторды құтқарып қалады. «Бұл кітапта ешқандай да ұлтшылдық жоқ» деген қысқа, бірақ аса құнды рецензиядан кейін жазушы «қатаң сөгіспен» құтылады.

Slide 14

Брежневтің басқаруындағы бірінші жыл аса сәтті бола қойған жоқ, бірақ келесі жылы тың жерлерден миллиард пұт астық жиналды. Бұдан басқа, Брежнев «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу мәселесін шешуге қатысқан. Ол жылдары ол «№5 Ғылыми-зерттеу сынақ полигоны» деген атпен белгілі болды. Ғарыш айлағын орналастыратын жер таңдаған кезде екі нұсқа болған: қазақстандық және кавказдық.

«Біртіндеп өзімде де негізделген шешім қалыптаса бастады. Орталық Комитет бірінші нұсқаны - қазақстандықты қолдады. Осы шешімнің дұрыстығын және жөнділігін өмірдің өзі дәлелдеп берді: Солтүстік кавказдың жері ауылшаруашылығына сақталып қалды, ал Байқоңыр елдің тағы бір ауданын көркейтті» деп еске алады кейіннен Брежневтің өзі.

Slide 15

Қазақстаннан 1956 жылдың наурызында кеткеннен кейін Л. Брежнев ОК-нің қорғаныс өнеркәсібі құрылымында қызмет етеді, Н. С. Хрущевті орнынан алуға тікелей қатысады. Хрущевтің отставка туралы өтінішін қолдаған Пленум СОКП ОК бірінші хатшысы етіп Л. И. Брежневты сайлайды

Slide 16

Брежнев басқарған алғашқы жылдар «алтын» бесжылдық ретінде есте қалды: халықтың тұрмысы түзелді, көпшіліктің тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина сатып алуға қолы жете бастайды, ел бескүндік жұмыс аптасына ауысады.

Өз билігін орнатқаннан кейін Леонид Ильич 1967 жылы әйгілі «дамыған социализм» реформасын қабылдайды.

Slide 17

Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

Коммунизм (лат. Communis - «ортақ») - өндіргіш күштері мен барлық меншікке қоңамдық түрде иелік етугенегізделген

Cоциализмнен коммунизмге өту теориясы

Кеңестік қоғамтанушылар социализмнен коммунизмге өтудің аса күрделі теориясын ойластырды. Жарқын қияли суреттемелер құпталмады, XXII съезде КОКП бағдарламасында қазіргі ұрпақ өмірінде коммунизмге өту алдында социализм құру жөнінде шешім қабылдаған бірден-бір ресми талпыныс жасалды. Бағдарламада коммунизмге өтудің жаңа теориялық тәсілдері көрсетілмеді, дегенмен оның нақтылы белгілерін атап өтті: ақысыз коммуналдық қызмет, ақысыз көлік тасымалы, ақысыз қоғамдық тамақтандыру және т. б. Алайда [Никита Сергеевич ХрущевНикита Сергеевич Хрущевті] биліктен аластатқаннан кейін бұл бағдарлама тежеліп қалды. "Дамыған социализм" тұжырымдамасы пайда болды, ал коммунизмге өту белгісіз уақытқа шегерілді. Дегенмен, 1960-шы жылдардан бастап, [КСРОКСРО-да] болашақ коммунистік қоғамды сипаттаған, "ғылыми фантастикаға" жатқызылған әдебиеттер көбейді. Мысалы, Иван Ефремовтің "Туманность Андромеды" романында (1957) мемлекет те, неке де жоқ коммунистік қоғам жайлы сыр шертіледі.

Slide 18

Қоғамның коммунистік формасына өту болжамдары

В. И. Ленин 1920 жылы коммунизм құрылысын 1930-1940 жылдарға жатқызды .

КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н. С. Хрущев 1961 жылы қазанда КОКП-нің XXII съезінде 1980 жылға дейін КСРО-да коммунизмнің материалдық базасы құрылатындығын - «Кеңес адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм астында өмір сүреді!»

Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23 Slide 24 Slide 25 Slide 26

1973 жылға дейін Брежнев бірнеше жүрек талмасын, ал 1976 жылы клиникалық өлімді басынан кешіреді. Осыдан соң денсаулығы қалпына келмей, жыл өткен сайын нашарлай түседі. Леонид Ильич Брежнев 1982 жылдың 10 қарашасында «Заречье-6» мемлекеттік саяжайында қайтыс болады. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша ол кенеттен жүрегі тоқтағаннан ана дүниеге жүріп кеткен.

Slide 27

Ақын Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» кітабында Брежнев заманындағы жеке басқа табыну мен жағымпаздық жөнінде Дінмұхамед Қонаевтың өзінен сұрағанын баяндайды. «Брежневтің Киевте Украина Республикасына «Халықтар Достығы» орденін тапсыру салтанатында сөйлеген сөзіне жиналған халық 35 рет қол шапалақтап, зор құрмет көрсеткен екен. Сол жылы, 1974 жылдың 15 наурызында Брежневтің Алматыға келіп, тың және тыңайған жерлерді игерудің 20 жылдығына арналған мәжілісте Брежневке украиндықтар көрсеткен құрмет «қазақстандықтар махаббатының тасасында» қалды. Осыны Қонаевтың өзінен сұрадым» деп жазады Мұхтар Шаханов.

Slide 28

Мұхтар Шахановтыңтың жазуынша, Қонаев оның бұл сұрағына былайша жауап берген:


Ұқсас жұмыстар
1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы
1942 жылдың басы
Қазақстан мен Украина арасындағы саяси қарым қатнастар
Қазақстан мамандары
Түрксіб темір жолы
Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу
Оқушыларды бағалау
Ауыл шаруашылығының дамуы
Ақмола облысы демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері
Қазақстан-Жапония
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz