Биополимерлер молекулалары дифилді


Slide 1

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Жалпы және биологиялық химия кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Күрделі липидтер. Терпендер. Стероидтар. Биополимерлер және олардың структуралық компоненттері. Липидтердің асқын тотығуы.

Орындаған: Молдаш Б. А.

Тобы: 103 Стом

Қабылдаған: Болатовна М.

Нұр-Сұлтан, 2019

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе: Күрделі липидтер

2. Негізгі бөлім: 1) Терпендер 2) Стероидтар

3) Биополимерлер 3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Липидтер (грек. : λίπος, lípos - майлар) - жоғары май қышқылдары мен глицериннің күрделі эфирлері. Жасушаның 5-15 %, ал май ұлпалары жасушаларының 90% дейін құрайды. Липидтер гидрофобтық немесе гидрофильді-гидрофобтық қасиетке ие, яғни суда ерімейді немесе өте нашар ериді. Липидтер қарапайым билогиялық молекулаларға жатады.

Сабындалмайтын липидтер - терпендер, стероидтар.

Slide 4

Күрделі липидтер

Күрделі липидтер екі негізгі топқа бөлінеді:олар - фосфолипидтер және сфинголипидтер. Осы топтың әрқайсысы бірнеше топшаларға бөлінеді. Олар жануарлардың, өсімдіктердің және бактериялардың кленткаларында табылған және өте маңызды биологиялық қызмет атқарады.

Фосфолипидтер. Қүрделі липидтердің ішінде ең көп кездесетіні - фосфолипидтер. Олардың молекуласының құрамында фосфат қалдығы болғандықтан фосфатидтер немесе фосфоглицеридтер деп те атайды. Фосфолипидтер екі гидроксил тобы май қышқылдарымен эфирлік байланыста болатын глицериннен пайда болған триацилглицеролдарға жақын. Глицериннің үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен күрделі эфир береді, ал фосфор қышқылының қалдығына аминоспирт (азоттық негіз) жалғасқан. Холин, этаноламин және серин фосфолипидтердің аминоспирттері болып табылады. Сонымен қатар, клеткада сирек кездесетін фосфолипидтер белгілі. Олардың спиртті компоненттері глицерин және алты атомды циклді спирт - инозитол (инозит) болып табылады.

Slide 5

Фосфолипид аралық зат фосфатид қышқылынан пайда болады. Ол 1, 2-диацилглицерол болып табылады, оның үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен эфир құрайды.

Фосфатид қышқылы

Табиғи фосфолипидтердің құрамына С16-С22 көміртегі атомдарынан тұратын қаныққан және қанықпаған май қышқылдары кіреді, бірақ олардың басым көпшілігі С16-С18 көміртегілі май қышқылдары болады. Ол қышқылдардың біреуі қаныққан, екіншісі қанықпаған және ол глицериннің орталық (С2) көміртегідегі гидроксил тобымен эфир түзеді.

Фосфатидилхолин

пальмитин (С16:0) және линол (С18:0) қышқылдарынан тұрады

Slide 6

Фософолипидтердің аттары оның құрамына кіретін аминоспирттің аталуынан пайда болады, ал май қышқылының атының оған қатысы жоқ. Олардың ішіндегі аса кең таралғандары құрамында холин бар фосфатидилхолин (лецитин) және фосфатидилсерин.

Фосфатидилсерин

Фосфатидилэтаноламин стеарин (R1=С18:0) және линол (R2=С18:3) қышқылдарынан тұрады

Бір организмнің ішінде фосфолипидтердің құрамындағы май қышқылдары әртүрлі болуы мүмкін. рН7. 0 мәнінде аминоспирттердің бір немесе екі заряды болуы мүмкін, сонымен осы рН мәнінде фосфор қышқылының қалдығы теріс заряд қабылдайды. Соның нәтижесінде фосфолипидтердің полярлы басы болады.

Фосфолипидтер белоктармен бірге клетканың мембранасын құрап, олардың негізгі структураклық компоненттері болып табылады. Мембрананың липидтік компонентінің 90% фосфолипидтер болып келеді. Маңызды және саны жағынан басым түсетін фософлипид - фосфатидилхолин (лецитин) болып табылады. Ол барлық фосфоглицеридтердің 50%-қа жуық бөлігін құрайды. Ол жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктерде кеңінен таралған, ал бактерияларда болмайды.

Slide 7

Кардиолипин

Фосфатидиинозитол

Фосфатидилэтаноламин фосфолипидтердің 15-30%-н құрайды. Ол бастың, омыртқаның миында және бұлшық етте болады. Фосфатидилсерин прокариот және эукариоттардың клеткаларында болады, ол - плазма мембранасының минорлы компоненті. Ол мембранада орналасқан көптеген ферменттердің реттеушісі болып табылады.

Фосфатидилинозитол аз мөлшерде жануарлардың барлық ұлпаларында бар, көптеген өсімдіктердің клеткаларында және микроорганизмдерде болады. Оның ең көп мөлшері сүтқоректілердің миында. Кардиолипин негізінен митохондрияда болады, жұрек етінде табылған. Ол өсімдіктер мен кейбір бактерия клеткаларында кездеседі.

Slide 8

Терпендер

Терпе́ндер - углеродтардың классы, табиғи органикалық заттар, Көптеген эфир майлары мен соя тұқымдас өсімдіктерде көп мөлшерде терпендер кездеседі. Көптеген бальзамдар мен смолалардың құрамына кіреді. «Терпендер» атауы латын сөзінен шыққан «Oleum Terebinthinae» - скипидар.

Құрамы

Терпендер - терпеноидтардың үлкен тобы(изопреннің туындысы C5H8), C10H16 құрамды көмірсулар. Терпен топтары тізбек пен циклдар түзеді.

Қасиеттері

Төменгі терпендер - қоймалжың мөлдір сұйықтық, өзіне тән иісі бар, липофильді және суда аз ериді. Терпендер - лабильді заттар, изомерия мен қышқылға айналуы тән.

Классификациясы

Мирцен, монотерпен

Терпен топтары бойынша ажыратады:

Монотерпендер (терпендер), C10H16,

Сесквитерпендер (жартылай терпендер), C15H24,

Дитерпендер, C20H32, (C10H16) 2

Тритерпендер, C30H48, (C10H16) 3

Тетратерпендер, C40H64, (C10H16) 4

Политерпендер - (C10H16) n

Кадинен, сесквитерпен

Slide 9

Маңызды өсімдікті пигменттер - каротин және ликопин тератерпен болып табылады. Политерпен үшін мысал- натуральді латекстен алынған каучук және оның туындысы - резина.

Өсімдіктің эфир майлары моно-, сескви- и дитерпендер мен олардың туындыларынан тұрады:

альфа-Пинен - скипидардың басты компоненті(қарағай майы)

бета-Пинен және дельта-3-Карен - кейбір эфир майларының құрамына кіреді,

Лимонен - цитрусты эфир майларының компоненті

Slide 10

Стероидтар

Стероидтар табиғатта кең тараған органикалық қосылыстар, олардың құрылысының негізі циклді көмірсутек- болып табылады.

Стероидтардың құрамында Х=-OH, -OR және басқа да органкалық заттар кездеседі.

Slide 11

Холестерин

Холестерин- бір атомды, қанықпаған циклді спирт, құрамында 27 көміртегі атомы бар. Адам организмінде холестериннің 1/3 бөлімі бос күйінде болса, 2/3 эфир күйінде кездеседі. Барлығы 150 г жуық холестерин болса, организмде, оның 10% қанда, 90 % мембранада болады. Холестерин басқа да майлар тобына жататын заттар сияқты тканьдерге, қан ағысымен липопротеидтердің құрамына жеткізіледі. Адам организмінде холестерин мөлшері 130-250 мг % дейін болады, ол адамынң жасына байланысты.

Slide 12 Slide 13

Биополимерлер және олардың структуралық компоненттері

БИОПОЛИМЕРЛЕР - ерітінділері тірі ағзалардың негізгі құрылымы болып саналатын жоғары молекулалы қосылыс.

Биологиялық полимерлер, немесе макромолекулалар, молекулалары көп мәрте қайталанып отыратын буындардан - мономерлерден -құралған жоғары молекулалы (молекулалық массасы 103-109 дальтон) органикалық қосылыстар болып табылады. Биополимерлер молекулалары дифилді. Олар поляр және бейполяр топтардан тұрады. Бейполяр радикалдарда, мысалы, көмірсутек тізбектерінде полярлы еріткіш-суға ынтықтылық жоқ ал поляр топтарда ол өте үлкен.

Полисахаридтер бір жағынан бейполяр С-С, С-Н байланыстардан, екінші жағынан, С-О, О-Н полярлы байланыстардан тұрады.

Slide 14

Биополимерлердің маңызы

Биополимерлер пішіні жағынан сызықты (ақсылдар, нуклеин қышқылдары, целлюлоза) немесе тармақты (гликоген) тізбек болып табылады. Осымен байланысты олар тамаша қасиеттерге ие болады. Біріншіден, олардың өзара әсері барлық функционалдық топтарының бір-бірімен тығыз байланысуымен - кооперативтігімен, ерекшеленеді. Осынан полимердің бір тобының өзара әсерінен оның басқа топтарының өзара әсерлесу сипаты өзгереді. Оған мысал ретіңде гемоглобин ақузының оттегі молекуласын байланыстыруын келтіруге болады. Екіншіден, биополимерлер ішкі полимерлік кешендер құрай алады. Олар молекуланың әр түрлі бөліктері немесе әр түрлі молекулалар арасында пайда болуы мүмкін. Осындай кешендердің пайда болуының және биополимерлердің басқа да қасиеттерінің арқасында ақуыздар мен нуклеин қышқылдары биосинтезі, зат алмасу процесінің реттелуі, иммундық реакциялар және басқа да маңызды биологиялық процестер атқарылады.

Slide 15

Биополимердің түрлері Ақуыздар

Ақуыздар - көміртегі, сутегі, оттегі және азот, кейде күкірт элементтерінен құралған күрделі органикалық қосылыстар - биополимерлер. Олар әрбір жасуша мен оның цитоплазмасының негізін құрайды, сол себепті өмір текіті болып саналады, ақуызсыз тіршілік тоқтайды. Ақуыз ағза үшін ең маңызды органикалық заттар тобына жатады. Әр ақсылдың өзіне ғана тән құрылымдық ерекшеліктері болады, сондықтан да олар нуклеин қышқылдарымен бірлесе отырып, тірі табиғаттың, түрлік әртектілігінің материалдық негізін құрайды.

Ақуыз молекуласы табиғатына байланысты бір-бірімен берік ковалентті азот-көміртегі байланысы - пептидтік байланыс (-СО-N11-), арқылы біріккен 50-1500 амин қышқылдарынан түзілген ұзын тізбектен құралады. Осының нәтижесінде полипептидтік тізбек -ақуыздың бастапқы құрылымы пайда болады. Сонымен, ақуыз молекуласы молекулалық массасы 5-150 мың дальтон не одан да көп полипептид болып табылады.

Құрылысына қарай ақсылдар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым ақсылдар тек амин қышқылдарынан құралады, ал күрделі ақсылдар құрамында амин қышқылдарымен қатар нуклеин қышқылдары (нуклепротеиндер), липидтер (липопротеиндер), көмірсулар (гликопротеидтер), болады.

Slide 16

Нәруыздың қасиеті

1. Нәруыз негіздік және қышқылдық қасиет көрсететін амфотерлі қосылыс болып табылады. Нәруыздарды қышқыл, негіз, және бейтарап деп ажыратады.

Slide 17

2. Буферлік - нәруыздың Н+ беріп және қосып алатын қабілеті. Эритроциттегі гемоглобин қандағы рН ты тұрақты деңгейде ұстап тұратын мықты буфердің бірі

Slide 18

3. Суда ерігіштігі Глобулярлы нәруыз

ериді. Ол зат алмасу

қызметін атқарады

Фибриллярлы нәруыз(миозин, креатин) ерімейді. Құрылымдық қызмет атқарады.

Slide 19

4. Белсенділігі

химиялық белсенді(ферменттер), химиялық белсенді емес нәруыздар бар.

5. Тұрақтылық.


Ұқсас жұмыстар
Жағар майлар
Нуклеин қышқылы нуклеотидтер нуклеозидтер гетероциклді негіздер
Стоматологиялық полимерлер
Көмірсулар және көмірсуларбар биополимерлер құрылымы
Нәруыздың құрамына кіретін Тірі құрылымдар
Нуклейн қышқылы
Моносахаридтердің құрылымындағы және химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктер
ДНҚ және РНҚ құрылымы
Полимеризация реакциясы,маңызы және қолданылуы
Май қышқылдарының алмасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz