Функционалдық сауаттылықты дамыту


Slide 1

Қазақстан Республикасындағы математикалық білім беру ісінің дамуы

Slide 2

Жумыстың мақсаты - Оқушыларға математика сабағында анализ және синтезды қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына талдау жасау.

Зерттеу пәні -Оқушыларға математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдары.

Жұмыстың практикалық құндылығы - тапсырмалар мен анализ және синтездік кейбір мұғалімдер мен әдіскерлердің іс-тәжірибеде қолданылуында және мектептердің орта сыныптарында пайдалануға болатындығында.

Slide 3

Мазмұны

I-ТАРАУ. Математикалық білім беру мазмұны

II-ТАРАУ. Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту - заман талабы

III-ТАРАУ. Математикалық білім беруді дамытудағы өзекті мәселелер

Slide 4

I-ТАРАУ. Математикалық білім беру мазмұны

1. 1. Математикалық білім беру

1. 2. Математикалық білім беруді жаңарту

1. 3. Мектептегі математика мазмұнын жаңарту

Slide 5

1. 1. Математикалық білім беру

Математика саласына ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда.

Біріншіден, математикалық білім беру сапасы математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Сондықтан математикалық білім беру сапасы туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастау керек.

Екіншіден, әлемдегі математикалық білім берудің даму тарихы оны үш дербес аралға бөліп тастады: Кәсіби математикалық білім беру, жалпы математикалық білім беру және математикалық сауаттандыру. Математикалық білім беру саласындағы кез келген реформа осы үш аралдың арасында көпір орнатуға талпыныстан туындайды.

Slide 6

1. 2. Математикалық білім беруді жаңарту

Жаңарту дегеніміз - мектептегі ескі және дәстүрлі пәндерді ығыстыра отырып, оларды жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа мамандықтарды игеруге жағдай жасайтын жаңа пәндермен алмастыру болмақ.

Математикалық білім берудеде дәл осындай жаңа технологиялар мен бағдарламалардан пайдалану тиімді. Сонда жаңарту нәтижесінде мектеп түлегі өзгермелі өмірге бейім болып шығады. Бірақ кез келген процесс, оның ішінде білім беру процесі де қатаң бағына отырып, өз жемісін белгілі бір уақыттан соң ғана бере алады.

Мектеп математикасы мазмұнын қандай жағдайда құрғанмен, оның негізгі әдістері (тендеулер әдісі, координаттар әдісі, векторлық әдіс, математикалық индукция әдісі, дифференциалдық және интегралдық есептеулер әдісі және т. б. ) сақталады.

Slide 7

1. 3. Мектептегі математика мазмұнын жаңарту

Математика күнделікті өмірде жиі кездеседі және қолданылады. Ендеше, белгілі бір математикалық дағдылар әрбір адамға қажет. Кез келген адам сандар ұғымын түсініп, сандарға әртүрлі амалдар қолдана алуы керек.

Математикалық білімдер мен дағдылар кез келген кәсіпте, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарымен, техникамен, және экономикамен байланысты салаларда өте қажет. Математикалық білімсіз және ойлаусыз журналист те, дәрігер де, лингвист те күн көре алмайды. Математикалық білім беру тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

Математика жаратылыстану пәндеріне арналған оқу сағаттарының қысқаруы оқытудың практикалық бағыттылығын әлсіретіп, оқу материалын игеру сапасын төмендетіп, оқушылардың жалпы білімдік дайындығын нашарлатуда.

Slide 8

Жаңа буын оқулықтарының көпшілігі оқу-жоспарларына сай келмейді. Өйткені, ондағы материалдарды игеруге көбірек сағат қажет етеді. Екінші жағынан, мектеп математикасына қойылатын талаптар жоғарылатылып, орташа оқушының мүмкіндік деңгейінен жоғары болып отыр.

Үшіншіден, пәндік бағдарламаларда өзара пайдалы нәтижелерге мүмкіндік беретін жоғары деңгейде қамтылмаған.

Келесі бір маңызды мәселе математиканы оқытудың үздіксіздігі. Мысалы, оқушылар жуықтап есептеулермен 5-6 сыныптарда танысады да, одан кейін ол тақырып кездеспейді. Алайда, физиканы оқыту барысында үнемі қолданылады.

Математикалық білім берудің негізгі міндеті - адамды ойлауға үйрету. Бұл бағыттағы білімдік бағдарламалардың табысты болып, іске асырылуы мына үш мәселеге байланысты:

1. Жоғарғы оқу орындарындағы математика пәні мұғалімінің дайындығы;

2. Сапалы оқулықтар мен оқу құралдарымен болуы;

3. Таңдау еркіндігін беретін тұлғалық-бағдарлы оқыту.

Slide 9

II-ТАРАУ. Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту - заман талабы

2. 1. Функционалдық сауаттылық

2. 2. Функционалдық сауаттылықты дамыту

2. 3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

2. 4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Slide 10

2. 1. Функционалдық сауаттылық

Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар атомарлық деңгейі, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады.

Функционалды сауатты оқушы - бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға.

Slide 11

2. 2. Функционалдық сауаттылықты дамыту

Функционалдық сауаттылықты дамыту аясында математика пәні бойынша төмендегідей біліктілікті қамтамасыз етуі тиіс:

- математиканың мазмұнын басқа ғылымдармен интеграциялау негізінде біртұтастық және қоршаған орта құбылыстарының өзара байланысы туралы дүниетанымын қалыптастыру;

- оқушылардың математиканың әлемдегі орнын анықтау мен түсіну қабілетін қалыптастыру, қоршаған ортадағы мәселелерді аталған ғылым әдістері арқылы шешу;

- статистикалық мәліметтер, шамаларды өлшеу, логикалық құрылған дәлелдерді көрсету негізінде ұсынысын негіздеу үшін физика-математикалық білімді қолдану қабілетін дамыту;

- түрлі бағыттағы ғылыми жобаларды орындау барысында және заттың сандық параметрін анықтауда түрлі математикалық әдістерге сүйене білудің жүйелі білігін қалыптастыру

Slide 12

2. 3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Жалпы оқу біліктерін қалыптастыру үшін қосымша дидактикалық материалдарды әзірлеу қажет, ол материалдарды оқушылар күнделікті өмірде де пәнаралық сипаттағы міндеттерді шешу кезінде пайдалана алар еді. Мектепте оқытылатын пәндер бойынша білім беру стандарттарының қазіргі талаптарына сәйкес оқушылардың функционалды сауаттылығының мазмұнына базалық білімдері, репродуктивтік және репродуктивті-шығармашылық сипаттағы пәндік біліктері, пәндік және басқа да объектілерге оқушылардың құндылықты қатынастары енгізілуі тиіс.

Slide 13

2. 4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Функционалды сауаттылықты қалыптастыруда оқу пәнінің мазмұнын байытудағы ұсыныстар:

Функционалдық сауаттылық компоненті есебінен тапсырмалар (жаттығулар) жүйесін кеңейту. Ол үшін PISA Бағдарламасындағы тапсырмалардың үлгілеріне сүйену.

Slide 14

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдеріс нәтижесіне қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру концепциясында жалпы білімді модернизациялау бағытымен қатар «білім беру жүйе ретінде жалпы адамзаттық және ұлттық этникалық құндылығымен адамның қарым-қатынасқа түсу жүйесі ретінде:өз-өзімен, басқа адамдармен (отбасы, ұжыммен) қоғаммен, табиғатпен, дінмен, мәдениетпен (материалдық және рухани) қаралады.

Сонымен қатар «орта білім берудегі мақсат түлектің базалық білімі, өмірлік рөлі ретінде берілуі:мейірімді адам; отбасының қамқор мүшесі; шығармашыл жеке тұлға; жауапты азамат; дені сау және жетілген тұлға ретінде қалыптастыру

Компетентті жол таба білу заманауи кезеңде әдістемелік негіз ретінде біз математика саласы бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесінде тапсырмалар мазмұнында логикалық ойлау қабілетін дамытуды өз білімін және оның нәтижелерін, бағалай білуге негізделуі қажет.

Slide 15

III-ТАРАУ. Математикалық білім беруді дамытудағы өзекті мәселелер

3. 1. Математикалық білім беруді дамыту жолдары

3. 2. Математикалық білім беру сапасының өзекті мәселелері

3. 3. Математиканы оқыту процесін ізгілендіру

Slide 16

3. 1. Математикалық білім беруді дамыту жолдары


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды бағалаудың әдістемесін құрастыру
Функционалдық сауаттылық
Математикалық сауаттылық - өмір сүрудің негізгі компоненттері
Оқу сауаттылығы сауаттылық сауаттылығы
Шешім қабылдай білу қабілеті
Физика пәнінің мұғалімі
Көркем шығармаларды талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Диссертациялық жұмыстың мақсаты
Компьютерлік білім
Жоспар жасау Тарау бойынша тест тапсырмаларын дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz