Математика сабақтарында оқушылардың білімін тексерудің әдістемелік және диагностикалық мәселелері


Slide 1

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУ

Slide 2

Зерттеудің мақсаты:

Математика сабағындағы тексеру жұмыстарының маңызын әдістемелік негіздеу.

Slide 3

Міндеттері:

Slide 4

Математикадан білім беру саласындағы бақылау, тексеру түрлері.

Тексеру тәсілдері:

ауызша (жеке, топтық) ;

жазбаша (диктант, мазмұндама, сынақ, зертханалық жұмыс) ;

өз бетінше тексеру жұмысы;

емтихан.

Slide 5

Тексеру жұмыстарының өткізілу уақыты мен оның ұзақтығы оқушыларға алдын ала хабарлауды қажет етеді.

Бұл оқушылардың психологиялық бейімделуін қамтамассыз етеді.

Slide 6

Тексеру сабақтарының мынадай түрлері болады:

ауызша және жазбаша;

оқылған тақырыптан соң бірден алынатын бақылау жұмыстары және біраз уақыт өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, көп уақыт өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, яғни уақыт өткен сайын алынған білімдердің беріктігін тексеруге арналған жұмыстар т. б.

Slide 7

“Бақылау” жалпы шығу түріне қарай оқушының білімін, біліктілігін бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеу мен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан тексеру - бақылаудың негізгі құрамы, оқушымен оқытушы арасындағы кері байланысты анықтайтын мұғалімнің оқушының нені дұрыс меңгере алмағанын, жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті.

Slide 8

Тест тапсырмаларының берілу тәсілдері

Тест (test, ағылшын сөзі) - тексеру, сынау, байқау. Тест туралы көптеген еңбектердің авторы - Ресей математигі Вадим Сергеевич Аванесов болып табылады.

1864 жылы ағылшын Дж. Фишер алғаш рет тест бойынша тексеруді қолданған.

1883 жылы тестілеу мәселесінің теориялық негізін салған ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон болды.

Тест терминін 1890 жылы алғаш рет ғылымға ендірген Америка психологы Дж. Кеттелл. Ал, француз психологы В. Штерннің еңбектерінде тест мәселесі ары қарай дамыды. Сол кезеңде тест жеке адамның ақыл-ой деңгейін, интеллектуалдық коэффициентін анықтау т. б. психологиялық-танымдық мүмкіндіктерін бағалау бағытында қолданылған.

Slide 9

Тест тапсырмаларының түрлі формасы бар. Олар:

Slide 10

Білім беру диагностикасы.

Диагностикалау оқытуда қол жеткен табыстардың жолдарымен байланыстыра отырып, оқыту өнімділігінің динамикасын, тенденцияларын қарастырады.

Диагностикалау бақылауды, тексеруді, бағалауды, статистикалық мәліметтердің жиынын олардың сараптамасын, динамикасын анықтап, іс-әрекеттің ары қарай дамуы болжамын да қоса-қарастырады. Оқушының біліктілігіне бақылау жасау, білімін бақылау диагностикалау негізгі қажетті бөлім ретінде кіреді.

Slide 11

Баға диагностикалау жүйесінде ынталандыру құралы ретінде жаңа сапаға ие болуда.

Диагностикалау нәтижелері жеке тұлғаны айқындауда бәсекелестік қоғамда негізгі қозғаушы күш болып табылады.

Slide 12

Бақылаудағы шетелдік тәжірибе.

Диагностикалық тесттерді қолдануда шетелдік мектептердің көне тарихы бар. Э. Торндайктың (1874-1949) педагогикалық тестілеуде аса жоғары беделге ие болған америкалық мектептерде тестілеуді практикаға енгізудің үш кезеңін атап көрсетеді:

Slide 13

Іздену кезеңі (1900-1915) . Бұл кезеңде француз психологі А. Бинэнің ұсынған еске сақтауға, ынтаға, қабылдауға және басқа тексеру жұмыстарына арналған тесттерін саналы түрде ұғынып, алғашқы рет қолдану жүзеге асырылды. Интеллектіні, ақыл-ой дамуының дәрежесін анықтайтын тесттер әзірленіп әрі тексеріліп жатыр.

Slide 14

2. Осыдан кейінгі 15 жыл - мектептегі тестілеудің дамуы төңірегіндегі, оның орны мен рөлін нақтылауды, мүмкіндігі мен шектігін ойластырған “дау” жылы болды. Арифметика бойынша А. Стоунның, Б. Зекингеленің, әмле бойынша Э. Торндайктың көптеген мектеп пәндерінің диагностикасы жөніндегі тесттері жүзеге асырылып, енгізілді. Т. Келли оқушылардың білімділігі мен қызығушылығын (алгебраны оқытудағы) анықтайтын тәсіл ойлап шығарды, ал Ч. Спирмен тестті қалыпқа келтіру үшін түзетіп сараптауды қолданудың жалпы негіздерін ұсынды.

Slide 15

3. 1931 жылдан бастап қазіргі тесттің даму кезеңі басталды. Мамандардың ізденістері тесттің тиімділігін арттыруға, мектептің тесттік диагностикасының үздіксіз (аралық) жүйесін құруға, бірыңғай идея мен жалпы принциптерге бағынған, жаңаны жасауға, ең жаңа жан-жақты құралдары ұсынылған өңделген, жинақталған және диагностикалық мәліметтерді, тиімді қолдануға бағытталып отыр.

Slide 16

ҚОРЫТЫНДЫ:

Адам білімі мен қабілетін тексеру мәселесімен адамзат бірнеше мың жылдардан аса уакыт бойы айналысып келеді және оның жетілдірілген тест сияқты формалары ойлап табылып жатыр. Оқушылардың білімін сабақта тест арқылы тексеруді барлық педагогтар қолданады деседе болады.

Тексеру жұмыстарын өткізу барысында сынып оқушыларының барлығы жұмыс істейді және аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білімін анықтауға болады. Тесттік бақылау оларды әр сабаққа дайындалып келуіне тиісті етеді.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында ойын технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері
Математика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру
Қазақ тілі сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың құзыреттігін қалыптастырудың әдістемелік жоспары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемелік тәсілдері
Кіші сыныптарда математика сабақтарында мультимедиа технологияларын қолданудың әдістемесі
Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқыту, нұсқаулық беру және білімін тексерудің қағидалары
Физика пәні бойынша оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру мен бағалау әдістемесі
Волейбол сабағында оқушылардың теориялық білімін топтық жұмыспен жетілдіру
МОӘ курсының болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастырудағы рөлі
Сабақта жобалау-бағдарлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білімін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz