Асқорыту мүшелерінің аурулары


Slide 1

Асқорыту жүйесі

Асқорыту мүшелерінің аурулары

Slide 2

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.

Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі ездеседі.

Себептері: Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер ағзаға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.

Айқындалуы: Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты:

Катаральды

Герпесті

Жаралы деп бөлінеді.

Катаральды стоматит-ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтары қан кернеп, ісінеді, баланың аузынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, бала тамақты нашар ішеді. Стоматиттің бұл түрі емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі.

Герпесті стоматит немесе ұшық шығудан ауыздың ойылуы, қоздырғышы-вирустар, бұл ауру 6ай-3жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді, айналасында алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер /афты/ пайда болады. Мұндай күлдіріктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иекте, кейде таңдайына шығады. Афтылардың саны 6-7-ден 20-25-ке дейін болуы мүмкін. Афтылардың бірнешеуі қосылып, кейде үлкен күлдіріктер пайда болады. Баланың денесінің қызуы 37-400С-қа дейін көтеріледі, бала мазасызданып, тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы төмендейді, терісі бозарып, кейде аузының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін.

Жаралы /язвенный/ стоматит-жасы үлкен, кариесті тістері бар балаларда кездеседі. -қан кернеген, ісінген шырышты қабықтар, жаралар пайда болады, аузынан сүйкімсіз иіс шығады.

Slide 3

Ауыздың уылуы /молочница/.

Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына байланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.

Айқындалуы-ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда баланың емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.

Емі:

1. 2%-ті ас содасының, 1%-ті метилен көк, 100%-ті қант сиропымен баланың аузын тазалау керек.

2. Балаға саңырауқұлаұтарға қарсы антибиотиктер-нистатин, леворин беру.

Алдын алуы:

1. Аналар мен медицина қызметкерінің гигиеналық тәртіпті мұқият сақтауы.

2. Шөлмектер, емізіктер, ойыншықтарды таза сақтау.

3. Стоматит болған балаларды уақтысында анықтап оңашалау, эпидемияға қарсы шараларды өткізу - ыдыс-аяқ, ойыншықтарды қайнату, бөлменің ішін 1-2%-ті хлораминмен жуу, үйдің ішін 2 рет 20-30 минут ультракүлгін сәулемен сәулелендіру, жиі желдету.

4. Балаларды шынықтыру.

5. Антибиотиктерді бақылап беру.

Slide 4

Гельминтоздар

Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.

Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектер, көкеністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.

Алдын алуы:

1. Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

2. Шыбындармен күресу.

3. Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкеністерді жемеу.

Slide 5

Гастриттер

Гастрит-асқазанның шырышты қабатының қабынуы.

Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық) .

Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады - енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады. . Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн.

Емі;

1. Асқазанды тағам қалдықтарынан тазарту (1 ас содасы, ас тұзының изотоникалық ертіндісі, минералды не жылы сумен тазарғанша шайып-тазарту) . 2. Ішектегі\тазалау 3. Төсек режимі (1-3 күнге)

4. Ішке жылу басу (қозғалыс және сөл шығару қызметінің бұзылысын қалпына келтіру үшін)

5. Сұйық (суық чай, лимон қосылған қайнаған су, 5-тік глюкоза, Рингер сұйығы, қоңыр итмұрын (шиповник) тұнығы. Қажетті сұйық мөлшерін жасы мен жоғалған дене салмағына қарай толтырады; сұйық вена арқылы жіберіледі (инфузия) .

Slide 6

Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары. Гастродуодениттер. Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады.

Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен білінеді.

Этиологиясы мен патогенезі өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді.

Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық ( олар осы ағзалардың шырышты қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды.

Созылмалы гастродуоденит дамуына себепші жағдайлар;


Ұқсас жұмыстар
Кеңес беруші
АУЫЗ ҚУЫСЫ
Асқорыту жүйесінің қызметі
Созылмалы гастрит
Әуелгі кезде асқазанның жиырылуы
Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу
Ас қорыту жүйесінің аурулары, олардың алдын алу
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық
Асқорыту жолы Асқорыту бездері
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz