ТІРІ АҒЗАЛАР




Презентация қосу
ТІРІ АҒЗАЛАР.
БИОЛОГИЯ
ҒЫЛЫМДАРЫ.
Тірі ағзалардың қасиеті. Олар тыныс алады, қоректенеді, көбейеді,
өседі, дамиды және зат алмасу жүреді. Тірі ағзалар өзін қоршаған
сыртқы ортамен тығыз байланысты және оған бағынышты. Ағзалар
айналадағы ауамен тыныс алады, суды сіңіреді, сыртқы ортаға
көмірқышқыл газы мен оттегін бөледі. Тірі ағзалардың денесі
жасушалардан тұрады, тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратын
түрлері бар.
Биология(грекше βιολογία - βίος, bios, "өмір"; және λόγος, logos, "ғылым") -
жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың
қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде
тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі
организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін , эволюциясы
мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің
классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі,
түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен
қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.
“Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген.
Гиппократ ( 460 — 370) алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және
морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі
аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқым қуалаушылықтың рөлін
атап көрсеткен. Аристотель ( 384 — 322) өз еңбектерінде жануарларды құрылысы
мен тіршілік әрекеттеріне қарай 4 топқа бөлді. Сонымен қатар адамның
анатомиялық-морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, ой-өрісінің дамуын да
зерттеді.
Қазақстан Ғылым Академиясының академиктері Н.В. Павлов, И. Байтулин, Б.А.
Быков, Ғ.Бияшев, корреспондент мүшелері Л.Қылышев, А. Ғаббасов, ғылым
докторлары Б. Қалымбетов, М.В. Бессчетнова, т.б. қатысуымен кең ауқымды
ботаникалық-географиялық, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Ең үлкен
гербарий жинақталды, өсімдік биологиясы туралы аса бағалы басылымдар жарық
көрді. Мысалы, 9 томдық “Қазақстан флорасы”, 13 томдық “Қазақстанның
споралы өсімдіктер флорасы” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1986), т.б.
Республика зоологтары омыртқалы және омыртқасыз жануарлар фаунасын
зерттеді; кәсіптік мәні бар бірқатар сүтқоректі жануарлар (ондатр, америка
құндызы) мен балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке, т.б.) жерсіндірілді.
Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құстар мен сүтқоректілерді, бауырымен
жорғалаушылар мен қосмекенділерді, балық түрлерін қорғау, олардың санын
көбейту шаралары қарастырылды. Ақ бөкен, бұлғын, суыр, тиін, саршұнақ сияқты
аңдарды халық шаруашылығында пайдалану жолы табылды.
Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым
бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі
жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда,
кейбір балдырлар менсаңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар,
өсімдіктер жәнесаңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында
кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук
(1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы
биологиялық зерттеулердің негізі.
Микроскоп
(грек. mіkros – ұсақ және skopeo – кө
ремін) – жай көзге көрінбейтін
нысандардың (немесе олардың
құрылымдық бөліктерінің) бірнеше
есе үлкейтілген кескінін алатын
оптикалық прибор. Микроскоп
бактериялар, органикалық клеткалар,
майда кристалдар, қорытпалардың
құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру
мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы
0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге
арналған. Микронысандардың
пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б.
сипаттамаларын анықтауға,
элементтерінің ара қашықтығы 0,2
мкм-ге дейінгі құрылымдарды
ажыратып көруге мүмкіндік береді.
Линзаның немесе екі линзадан
тұратын жүйенің заттардың
үлкейтілген кескінін беретін
қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі
болған.
Өсімдік жасушасының құрылысы
Әрбір жасушаны айнала жасуша қабықшасы қаптайды. Онда
көптеген саңылаулар болады. Сол саңылаулар арқылы, біріншіден, бір жасуша
мен екінші жасуша арасындағы су, газ, зат алмасса, екіншіден, бір жасушаның
цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Жасуша
қабықшасы оның ішкі бөліктерін зақымдаудан сақтайды.
Жасушаның ішінде, қабықшаның астында, жұмыртқаның ақуызына ұқсаған
желімтек қоймалжың тірі зат — цитоплазма болады.
Цитоплазма — жасушалардың негізгі бөлімінің бірі. Онда қоректену, тыныс алу
әрекеттері жүреді.
Ядро — цитоплазмада орналасады. Көптеген жасушалардың бір ғана ядросы
болады. Ядро мен цитоплазманың арасында зат алмасу болып тұрады.
Сондықтан олар бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Демек, әрбір жасушаның
тіршілігі ядро мен цитоплазманың өзара тіршілік әрекетіне байланысты.
Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.
Вакуоль — цитоплазма жасушаларды түгелдей толтырып тұрмайды,
жасушалардың цитоплазмадан қалған бос орнын жасуша шырыны толтырып
тұрады.
Пластидтер — өсімдік жасушасының цитоплазмасындағы пластидтер өсімдікке
жасыл түс береді.
Өсімдіктердегі қызыл, сары, көк түстер де пластидтерге байланысты болады.
Өсімдік ұлпасы (лат. textus, грек. hіstos – шығу) – шығу тегі, құрылысы,
атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы. Қарапайым өсімдіктердің денесі
қабат-қабат болып орналасқан, қызметі мен морфологиялық жағынан бірдей
клеткалардан қалыптасады. Кейбір жағдайда “қабаттар” 2 – 3 түрлі клеткалардан
тұрады.

Түзуші ұлпалар (меристемалар)
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол,
олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер (органдар)
түзіп отырады. Бұл жағдай өсімдіктердің белгілі бір жерлерінде түзіліп
қалыптасатын меристемалық ұлпалардың (түзуші ұлпалардың) болуымен
байланысты. Түзуші ұлпалар (меристемалар) деп - түпкілікті ұлпалардың
жасушаларын жасап, үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін
құрайтын ұлпаларды айттады (грекше «меристос» - бөлінгіш, «стема» - ұлпа).

Жабындық ұлпалар
Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап жататын жасушалар тобын жабындық ұлпа
дейміз. Жабыңдық ұлпалардың негізгі атқаратын қызметі өсімдікті кеуіп кетуден
және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, шамадан тыс судың
булануынан, зиянды микроорганизмдердің еніп кетуінен сақтайды.
Негізгі ұлпа
Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі ұлпа дейді. Негізгі
ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап тұрады. Вегетативті және
генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары тірі, пішіндері дөңгелек,
сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа (кейде қабықшасы қалындап
ағаштанады, мысалы, сүрек, кофе, пальма тұқымдары).

Тірек ұлпа
Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың
қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жамбырға майыспай,
сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның
көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне қалың жауған қарға, желге, соққан
дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған
мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы
жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді
тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп
қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да
қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен
құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима,
склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!!!!

Ұқсас жұмыстар
Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері
ТІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Биосфера - ғаламдық экожүйе
Экологиялық фактор терминінің түсінігі
БИОЦЕНОЗ БИОГЕОЦЕНОЗ
Қозғыштық - тірі жүйелердің тітіркенгіш әрекетке жауап қайтара алу қасиеті
Экологиялық факторлар
Тірі ағзалардың көбеюі
Автотрофты және гетеротрофты ағзалар
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ. Экожүйедегі энергия
Пәндер