Жамбыл Жабаев атындағы нысандар: облыс, білім және мәдениет


Slide 1

Жамбыл Жабаев атымен аталған жерлер

Slide 2

Жамбыл облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы - 144, 2 мың км².

Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы - Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.

Slide 3 Slide 4

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

1920 жылдың 28 қаңтарында Өскемен қаласындағы Жаңа-Алтай мектебі «Өскемен қырғыз» мектебі деп аталып, Революциялық комитетінің №16 бұйрығымен бекітілді.

Slide 5

1938 жылы жаңадан 120 орындық пансион үйі салынып, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебіне айналды.

1970 жылдан бастап Жамбыл атындағы мектеп-интернаты болып аталды.

1991-1992 оқу жылынан бастап қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылып, Қ. О. Бітібаеваның Республикалық әдістемелік атаулы мектебі жұмысын бастады.

Slide 6

1993-94 оқу жылында гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы облыстық гимназия - интернаты статусын иеленді.

2005-2011 жылдан бастап дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия интернаты статусында жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты статусында жұмыс істеп келеді.

Slide 7

Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы

Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы 1976 жылы Алматы қаласында құрылған. Кітапхана жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін, облыстық жасөспірімдер және балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының әдістемелік, ақпараттық және үйлестіруші орталығы болып табылады.

Кітапхана қызметі жастар оқуына арналған мәселелердің қазақстандық және әлемдік тәжірибесін талдау мен ақпараттық мәдениетте қолдауға бағытталған.

Slide 8

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры

Жамбыл атындағы облыстық орыс драма театрының ішінен қазақ труппасы «Мәдениетті қолдау жылы» яғни 2000 жылы ашылды.

Жамбыл атындағы облыстық драма театры, 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры болып қайта құрылды.

Бүгінде осы театрдан қанаттанған бірнеше актерлеріміз республикалық дәрежеде өнер көрсетіп жүр. Біз оларды мақтан етеміз.

Slide 9 Slide 10

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармония

Жамбыл атындағы қазақ филармониясы 1935ж құрылды. 1938ж оған қазақ халқының ұлы ақынының есімі берілді. Ең бірінші көркемдік жетекшісі атақты ғалым әрі композитор Ахмет Жұбанов болды. Оның ізін жалғастырғандар отандық музыка өнерінің майталмандары еді.

Slide 11 Slide 12

Жамбыл ескерткіші - 1971 ж. Алматы қаласының Қабанбай батыр көшесі мен Байсейітова көшесінің қиылысындағы Қазақ опера және балет театры саябағында қойылған.

Slide 13

Жамбыл ескерткіші, (1996 ж. ) - Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО шешімімен әлемдік деңгейде атап өту қарсаңында Алматы қаласындағы Жамбыл көшесі мен Достық даңғылы қиылысында орнатылған.

Slide 14

Жамбыл ескерткіші - Тараз қаласындағы монументті өнер туындысы. Жамбыл Жабаев атындағы алаңда 1961 ж. орнатылған. Ақын ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап тұрған күйінде кескінделген.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Жамбыл Жабаев: өмірі, шығармашылығы және мұрасы
Жамбыл Жабаев: өмірі, айтыс өнері және ірі өлеңдері
Т. Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің Оқуға құштар мектеп жобасы: Иранбек Оразбаев пен Жамбыл Жабаев шығармашылығына шолу
Жамбыл Жабаев: өмірі, шығармашылығы және мәдени-тарихи мұрасы
Жамбыл Жабаев: Ленинградтық өренім өлеңінің әдеби талдауы және сабақ жоспары
№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің жас маманға арналған әдістемелік жинағы және тәлімгерлік жұмыс жоспары (2020-2021 оқу жылы)
Жамбыл Жабаев (1846-1945): өмірі, шығармашылығы және тарихи-мәдени мұрасы
2011 жылғы қазақ әдебиеті сабағы: Жамбыл Жабаев пен Ғабит Мүсірепов
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы - Ошақбаев Р. М. жетекшілігімен 2015-2016 оқу жылындағы ашық сабақтар, коучинг және оқушылардың білім сапасы мен жетістіктері
Мәдениет морфологиясы: нормалар, құндылықтар, білім және мағыналар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz