Оңтүстік Қазақстан облысы: әкімшілік-аумақтық құрылымы, физико-географиялық ерекшеліктері, кен байлықтары және ірі қалалары


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан

Slide 2

Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж) . Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Slide 3

Табиғаты

Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м) . Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр.

Slide 4

Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м) . Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

Slide 5

Геологиясы мен кен байлықтары

Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т. б. кен байлықтары барланған.

Slide 6

Климаты

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7 - 9°С, оңт-нде -2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Slide 7

Оңтүстік Қазақстанның қалалары

Оңтүстік экономикалық ауданда 27 қала бар

Басты қалалар;

Шымкент

Талдықорған

Тараз

Түркістан

Қызылорда

Алматы

Slide 8

Шымкент

Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы

Тұрғыны шамамен 683 273 адам (2014 жыл)

Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

Slide 9

Ордабасы алаңы

Slide 10

Алматы

Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында

Алматыда 1 552 349 адам тұрады (2015)

Қаланың аумағы - 170 шаршы километр

Slide 11

Түнгі көріністегі «Президент паркі»

Slide 12

Медеу мұз айдыны

Slide 13

Шымбұлақ

Slide 14

Талдықорған

Талдықорған - Алматы облысының орталығы.

Тұрғындар саны 129, 6 мың адамды құрайды

Slide 15

Түркістан қаласы

Түркістан - Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі.

қала халқының саны 198813 адамды құрайды

Қалада 46 ұлттың өкілі тұрады.

Slide 16

Тараз

Тараз - Жамбыл облысының орталығы

Қаланың халық саны: 380 000 адам

Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенелері бар

Slide 17

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: аумақтық құрылымы және физико-географиялық сипаттамасы
Ұлыбританияның мемлекеттік басқару құрылымы және әкімшілік-аумақтық жүйесі
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық сипаттамасы және туризм әлеуеті
Қазақстан шөлдерінің физико-географиялық сипаттамасы және негізгі құмды алқаптары
Ақтөбе қаласының физико-географиялық ерекшеліктері, экологиясы және демографиялық сипаттамасы
Британ аралдарының физико-географиялық ерекшеліктері мен ландшафтық антропогендік өзгерістері
Қазақстан қалалары: географиясы, тарихы және экономикалық орталықтары
Қазақстандағы 1867-1868 жылғы әкімшілік-аумақтық реформалар: себептері, құрылымы және отаршылдық салдары
Оңтүстік Африка Республикасы: орналасуы, халқы, әкімшілік құрылымы және валюта
Оңтүстік Қазақстан аймағының шаруашылығы және экономикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz