ҚОСМЕКЕНДІЛЕР КЛАССЫ




Презентация қосу
ҚОСМЕКЕНДІЛЕР
КЛАССЫ
Қосмекенділер-суда да,құрлықта да тіршілік ете алатын
қарапайым құрылысты омыртқалы жануарлар.Бұлардың
дернәсілдері суда ғана тіршілік етіп,желбезек арқылы,ал
ересектері суда да,құрлықта да тіршілік етіп,өкпе және терісі
арқылы тыныс алады.Аталған класқа жататын жануарлар
тіршілігі суға да,құрлыққа да байланысты болғандықтан,класс
қосмекенділер класы деп аталады.
Бақаның асқорыту
жүйесі
Құрбақа ебедейсіз қимылдап,бунақденелілердің
дернәсілімен,жорғалап жүретін қоңыз,құмырсқа,қандаламен,
басқа да бау-бақша зиянкестерімен қоректенеді.Ол аузына
түскен қорегін баяу қимылдайтын тілі арқылы ауыз-жұтқыншақ
қуысына-аңқаға бағыттайды да қорек өңеш арқылы қапшық
тәрізді қарыншаға түседі.Бауырдан бөлінген өт және
ұйқыбезінің сөлі қарыннан ішекке түскен қоректі
қорытады.Құрбақаның тік ішегі кеңейеді де оған
несепағар,жыныс өнімдері шығатын өзектер және қуық
ашылып,клоакаға айналады.
Бақаның тыныс алуы және зәршығару
жүйесі

Ересек құрбақа ауадағы оттегімен тыныс алады,ал дернәсілі
желбезек арқылы суда еріген оттегін тынысалуға
пайдаланады.Оны тынысалу мүшесі-ұяшықтары бар жұқа
қабырғалы екі дорбашадан тұратын өкпе.Құрбақа ауаны ішке
қарай танау тесіктері арқылы тартқанда ауа ауызға,одан
көмекей саңылауы арқылы өкпеге өтеді,бұл кезде танау
тесігіндегі қақпақ жабылады.Құрбақаның кеуде қуысы
болмағандықтан,тыныс алған кезде ауаны аңқасы арқылы
сорып,сыртқа шығарады,сондықтан бақаның алқымы үнемі
бүлкілдеп тұрады.Бақалар суда жүргенде терісі арқылы тыныс
Құрбақаның зәршығару мүшесі-ұзынша келген екі бүйрек,ол
дененің ішкі жағында омыртқа жотасын бойлай
орналасады.Бүйректің бөлінген несеп екі несепағар арқылы
клоакаға жиналып,одан қуыққа барады.Қуық жиырылған кезде
қайтадан клоакаға құйылып,одан сыртқа шығады.
Құрбақа-салқынқанды
жануар,сондықтан оның денесінде зат алмасу баяу өтеді.
Құрбақаның қанайналым жүйесі-екі шеңберлі,жүрегі үш
бөліктен,яғни екі жүрекшеден және бір қарыншадан
құралады.Ауадағы оттегіне қаныққан өкпедегі таза салатамыр қаны
көктамырлар арқылы сол жақ құлақшаға құяды,ал оң жақ құлақша
бүкіл денені аралап,көмірқышқылды газға қаныққан көктамыр
қанын қабылдайды. Құрбақаның қарыншасында аралас қан
болады.Қарынша жиырылғанда ерекше қантамыр арқылы
салатамырдағы қан миға,ал қарыншадан шыққан аралас қан бүкіл
мүшелер мен ұлпаларға таралады.Бүкіл мүшелерден жиналған қан
оң жақ құлақшаға құяды.Қарыншадан басталып,оң жақ құлақшаға
құйған қан жолы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады.Ал
қарыншадан шығып,теріден және өкпеден жиналған салатамырдың
қаны өкпеден жүректің сол жақ құлақшасына оралады.Қанның бұл
жолы қанайналымның кіші шеңбері деп аталады.Сөйтіп,бірде
қарынша,бірде құлақшалар алма кезек жиырылып,құрбақаның
денесін қанмен қамтамасыз етеді.
Бақаның қананалым
жүйесі
Қосмекенділердің жүйке жүйесінің құрылысы,бөлімдері
жағынан балықтікімен бірдей,тек әр бөлімнің мөлшерінде ғана
аздаған ерекшеклігі болады.Мысалы,қосмекенділердің біркелкі
ғана қимылдауы мишықтың нашар жетілгендігінен.Бірақ
алдыңғы миы оң және сол ми сыңарларына жіктеліп,балықтарға
қарағанда ірі келеді.
Осындай ерекшеліктеріне байланысты қосмекенділердің кейбір
сезім мүшелері жақсы дамыған.Мысалы,көзі айналадағыны
жақсы көреді.Көздің қасаң қабығы дөңес,ал терілі қабақтары
көзді ылғал мен ластанудан қорғайды.Көз бұршағы қос дөңесті
линза пішінді.
Бақа дыбысты жақсы естиді.Құлағы дабыл жарғақшасынан,есту
сүйекшелері бар ортаңғы құлақтан және іші сұйықтыққа толы
иірілген үш түтікшелі ішкі құлақтан тұрады.Дыбыс жарғақшаны
тербеліске келтіреді де,бұл тербеліс есту сүйегіне өтеді.Одан
ортаңғы құлақ қуысы арқылы ішкі құлақ иірімдеріндегі сұйықты
тербетеді.Дыбыс жүйке жүйесіне
жетіп,қабылданады.Бақа(құрбақа) соған сәйкес әрекет жасап
қозғалады.

Ұқсас жұмыстар
Омыртқалылар
Қосмекенділер класын қайталау
Қосмекенділер класы туралы
Қосмекенділер класы
ҚОСМЕКЕНДІЛЕРДІҢ КӨБЕЮІ
Қосмекенділер құрылысы
Медициналық қалдықтардың жинау тәртібін
Delphi ортасы қолдайтын деректер қорлары
Географиялық зоналылық
Жалаңаш тұқымдылар
Пәндер