Табиғи факторлар
Презентация қосу
Озон қабаты
Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды.
Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын
қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін
радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (О2) озон
молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы
шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда
тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің
тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп
отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты»
деп те атайды.
Озон қабатының 50%-ға бұзылуы
ультракүлгін радиацияларды 10
есеге көбейтеді. Озон қабатынан
күннің ұзын толқынды ультракүлгін
сәулелері (290-380 нм)өтіп кетеді.
Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер
адам үшін пайдалы да: терімізді
қарайтып күйдіреді, организмнің
қорғаныштық қызметі артады. Озон
қабатының бұзылуы, яғни, «озон
тесігінің» пайда болуы биосферада
елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін.
Сондықтан бұл жағдай күрделі
экологиялық мәселенің бірі. Озон
қабатының бұзылу процесіне
ғарыштық аппараттар, дыбыстан да
жылдам ұшатын ұшақтар және
ондағы толық жанып бітпеген отын
өнімдері және ядролық
жарылыстарда бөлінген заттар
әсер етеді.
Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы
заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа
елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді. Озон
қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте
зиян екендігі ресми түрде де айтылуда. Озон қабатын сақтау үшін
халықаралық келісімдер қажет.
Қазіргі таңның актуальды мәселелерінің бірі - Озон
қабатының жұқаруы. Озон қабаты жерден 20-30 км
биіктікте орналасып, құрамына озон молекуласының мол
концентрациясын жинақтаған. 30 км биіктіктен кейін озон
қабатымен 90 % ультракүлгін сәулелері сіңіріліп, 20-25 км
биіктікке тіршілік үшін қауіпті радиация жетпейді.
Озон молекулалары атмосферада
түзіліп, күрделі химиялық
процестер нәтижесінде сол ортада
ыдырайды. Ультракүлгін сәулесінің
болмауы озонның қарқынды түрде
түзіліп, мол мөлшерде
шоғырлануына себепкер болады.
Осы факторға байланысты
Антарктика мен Арктиканың
стратосфера қабатында полярлы
қыс кезінде озон көп мөлшерде
түзіледі. Антарктиданың көктемгі
“озон тесіктерінің” пайда болуы
Күн-Жер жүйесіндегі
процестермен негізделген. Озон
қабатының жұқаруына себепкер
факторлар екіге жіктеледі:
1. Табиғи факторлар;
2. Антропогендік факторлар.
Бір көзқарас негізінде – қыс айларында Антарктикада
тұрақты циклон қалыптасып, оның ішінде мұз
кристалдарының және хлорлы қослыстардың интенсивті
түрде шоғырлануы жүреді. Көктем айы келгенде Күн
сәулесі ол қосылыстарды ыдыратып, нәтижесінде хлордың
атомдары түзіледі.
Табиғаты бойынша хлор 1 валентті болғандықтан,
қасындағы молекулалардың атомдарын өзіне тартып,
олардың беріктігін бұзады. Озон молекуласындағы 1
атомды өзіне қосып, оның атомарлы (О) және 2 атомды
молекулаға (О2) айналуына себепкер болады.
15-18 км биіктікте Антарктида үстінде озон қабаты
қатты жұқарып, ауаның жылынуы қарқынды түрде
жүріп, сол қалыптасқан “озон тесіктернің” Оңтүстік
жартылай шарға ығысуы байқалады.
Екінші көзқарас бойынша озон молекуласының
ыдырауында антропогендік фактор шешуші роль
атқарады. Ұшудың жоғарғы шегін игерген
авиалайнерлер отындарының шығарындылары,
құрамында озон бұзушы және аэрозольді қоспасы бар
ракета қондырғыларының жіберілуі – озон қабатын
жұқартуда бірінші орынға ие.
Атмосфераның стратосфера
қабатында адамзат өзінің игілігі
үшін бірнеше күрделі физикалық
және биохимиялық процестерді
жүзеге асырады. Олар- техникалық
әдістер көмегімен бұлттардан
мезгілсіз жауын-шашын мен қар
жаудыру, бұлттар мен тұмандарды
сейілту, бұршақты түзілістердің
алдын алу, атмосфераның газдық
және аэрозольдық құрамын
өзгерту.
Назарларыңызға рахмет!!!!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz