Неоарктикалық аймақ



ТАБИҒИ БІРЛЕСТІК

Құрлықтарда миллиондаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарларға әсер еткен жағдайлардың нәтижееінде Жер шарында бірнеше биогеографиялық аймақтар қалыптасты. Көрнекті ағылшын ғалымы Альфред Уоллес ғылыми деректерді сараптап, 6 биогеографиялық аймақты ажыратты. Олар - неоарктикалық, палеоарктикалық, үнді-малай (Шығыс), неотропиктік, эфиопиялық және аустралиялық аймақтар.

Жер шарының құрлықтарында бірнеше биологиялық бірлестіктер бар. Ондай табиғи бірлестіктер көбіне сол аймақта өсетін басты өсімдіктер тобының атымен аталады. Мысалы, қылқан немесе жалпақ жапырақты ормандар, тропиктік ормандар, т. б. Әрбір биогеографиялық аймақтардағы табиғи бірлестіктер үшін температуралық жағдай, жауын-шашын мөлшері шешуші фактор болып саналады.

Неоарктикалық аймақ Неоарктикалық аймаққа - Солтүстік Америка тұтасымен және Ньюфауленд, Гренландия аралдары жатады. бұл аймақ солтүстіктен оңтүстікке қарай географиялық ендіктер бойынша бірнеше белдемдерге бөлінеді. Мысалы, солтүстіктегі мұзды әрі қарлы өңір тундраға, ол қылқан жапырақты орманға жалғасады. Одан оңтүстікке жылжыған сайын аралас жапырақты орман, ол жалпақ жапырақты орманға ауысып отырады. Одан оңтүстікке қарай орманды-дала, дала, шөлейтті және шөлді белдемдерге ауысады. Жоғарыда айтылған әрбір географиялық белдемдердің өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары бар. Мысалы, бұл аймақтың шөлді белдемінде кактус, ағаштекті юкка, жусан және бұталар өседі. Жануарлардан жабайы қоян, саршұнақ, кактус тышқаны, кенгуру егеуқұйрығы, т. б. кездеседі.

Палеоарктикалық аймақ
Палеоарктикалық аймаққа - Еуразияның солтүстігі тұтасымен, Үндістан, Үндіқытай түбегіне дейінгі алқаптар және Африканың солтүстігі жатады. Бұл аймақта да Неоарктикалық аймаққа ұқсас солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра, қылқан жапырақты жалпақ жапырақты орманды-дала, орманды-шөлейт, шөл белдемдері бір-біріне ауысады. Қазақстан жері тұтасымен осы аймаққа жатады. Қазақстандағы орманды дала, дала, шөлейтті, шөлді және биік таулы алқаптардағы табиғи бірлестіктер палеоарктикалық аймақтың әрбір географиялық белдеміндегі табиғи бірлестіктермен ұқсас. Мысал ретінде далалық белдемнің табиғи бірлестігін алуға болады. Далалық белдемде әр түрлі бұталы, шөптесін өсімдіктер өседі. Бұл белдемге тән жануарлардан ақбөкен, қарақұйрық, саршұнақ, қосаяқ, шиебөріні, т. б. алуға болады.

Үнді-малай немесе Шығыс аймақ
Үнді-малай немесе Шыгыс аймақ - Үндістанды, Үндіқытайды және Цейлон, Ява, Суматра, Борнео, Тайвань, Филиппин аралдарын қамтиды. Аймақтың көп бөлігін өте калың тропиктік орман алып жатыр. Үндістан мен Үндіқытай жерінің көпшілік өңірінде биік таулы алқаптар орналасқан. Үнді-Малай аймағындағы негізгі табиғи бірлестікті тропиктік орман алқабы құрайды. Мұнда лиандалар, бамбук, маниль кендірі, тик ағашы, баньян, т. б. өсімдіктер өседі. Жануарлардан - гиббон, орангутан, лори, тупайя, т. б. ұсақ маймылдар, піл, мүйізтұмсық, жайра, жолбарыс, бамбук аюы, бұғы, т. б. кездеседі.

Неотропиктік аймақ
Неотропиктік аймақ- Оңтүстік және Орталық Американың, Мексиканың тропиктік бөлігін және Кариб теңізіндегі аралдарды қамтиды. Бұл аймақтағы басты табиғи бірлестік ормандар. Оңтүстік Американы тропиктік орманмен бірге едәуір далалы алқап (пампа) алып жатыр. Оңтүстік және Орталық Американың шағын алқаптарында сол өңірге тән өсімдіктер бірлестігі кездеседі. Тропиктік ормандарда мүктер, қыналар, орхидея, қырыққабат пальмасы, ағаштектес қырықжапырақ, тропика бадамы, бамбук, лиандалар өседі. Аймақта жануарлардан - маймылдар, жалқауаң, құмырсқажегіш, қортық бұғы, тотықұстар, колибри, кесірткелер, жыландар, т. б. кеңінен таралған. Аймақтың далалы алқабында (пампа) әр түрлі шөптесін өсімдіктермен бірге нанду түйеқұсы, лама, пампас бұғысы, скунс, теңіз шошқасы, т. б. жануарлар кездеседі. Осы аймақтың шөлді өңірінде ұсақ бұталар, кактус, т. б. өседі. Жануарлардан - нанду, сауытты аң, тазқара, түлкі, т. б. таралған.

Эфиопиялық аймақ
Африка тұтасымен, Мадагаскар аралы және Аравия түбегінің оңтүстік өңірі жатады. Аймақтың көп бөлігін тропиктік орман, далалы алқап (саванна) және шөлді өңірдің табиғи бірлестіктері құрайды. Бұл өңірдің тропиктік орман бірлестігі басқа биогеографиялық аймақтардың тропиктік ормандарынан өсімдіктерінің де, жануарларының да түр құрамының аздығымен ерекшеленеді. Аймақтың табиғи бірлестігінде өсімдіктерден - қызыл ағаш, қырықжапырақтар, лиандалар, орхидея, т. б. өседі. Жануарларданқортық киіктер, қортық бегемот, горилла, шимпанзе, жасыл және кардинал мартышкалар, т. б. таралған. Эфиопиялық аймақтың саванна табиғи бірлестігінде қалың шөптесін өсімдіктер мен бұталар, караған, баобаб, пальма, т. б. өседі. Жануарлардан - зебра, канна, бубал, гну, керік, піл, африка түйеқұсы (страус), кара және ак мүйізтұмсықтар, арыстан, қабылан, т. б. кездеседі. Аймактағы шөлдің табиғи бірлестігінде өсімдік түрлері аз. Онда сирек өскен шөптесін өсімдіктер мен бұталар, ылғалды жерлерде кұрма пальмасы өседі. Жануарлардан - газель, жайра, қосаяқтар, бүркіт, кесірткелер, т. б. кездеседі.

Аустралия аймақ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz