Адамның ерік қасиеті мен өзін өзі реттеу психологиясы




Презентация қосу
Тақырыбы: Адамның ерік қасиеті мен өзін

өзі реттеу психологиясы

Орындаған: Бакирова Бибігүл
Тобы: 5В011200–химия/2 курс
Қабылдаған: Оқытушы Байкенже Нұргүл Қаржаубайқызы
Дәулет 42 жастағы отағасы, 4 баланың әкесі. Спиртті ішімдікке әуестігінен
жұмысынан, ағайын-туыс, дос-жараннан да айырылды. Әйелі де бірнеше рет
кетіп қалып, қайта қосылған. Оның әрең шыдап жүргенін сезеді. Отбасындағы
ұрыс-керіс те арақтың кесірінен орын алатынын, барлық бақытсыздыққа да сол
ащы судың кінәлі екенін жақсы біледі. Жаңа жылдан бастап қоямын деп әйеліне
уәде берген, бірақ әлі қоя алмады...

Асқар 39 жаста. Шетелде білім алған азамат, білімді, тәжірибесі мол. Бірақ, оның
қазіргі табысы 70 мың теңге ғана. Айналасындағы таныстары мен құрбы-
достары оған қаншама рет «Өз кәсібіңді аш, білімің жетеді ғой» деген. Өз
жұмысын бастау үшін бизнес-тренингтерге де қатысып, қаншама кітапты оқып
шыққан. Бизнес жоспарлары да бар. Бірақ, не жұмысынан шығып кете алмай, не
өз кәсібін бастай алмай жүр...

Нұрсұлу 30 жаста. Тұрмысқа шықпаған. Бота көздері, алма беті, қиылған
қастары, мұрны, ерні бәрі шебер суретшінің қолымен салынғандай әдемі. Бірақ
та, салмағы 80 кг. Оның бар кемшілігі осы ғана. Талай жігіттен «30 кг-нан
құтылсаң, ертрең-ақ тұрмысқа шығып кетесің» деген әзіл-шыны аралас сөзді
естіген. Артық салмақ – жауы екенін білетін Нұрсұлу әр айда диета бастайды,
алайда үш-төрт күннен кейін қайтадан фаст-фуд, кәуап, газды тәтті сусындарға
бас салады...
1Материалистік және идеалистік көзқарастар
2Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория
3Бихевиоризм
4Ерік туралы спиритуалистік түсінік
5Психоаналитикалық зерттеулер
6И.М.Сеченов пен И.П.Павлов
7Шешімдердің бөліну теориясы
Материалистік және идеалистік көзқарастар

Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де
байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздің
санамыздың нұқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп
санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін.
Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-
ақ өзінің ойына келгенін істей алады.

Материалистік ұғым – ерік табиғаты жөніндегі бірден-бір дұрыс
түсінік. Онда психиканың басқа жақтарымен бірге еріктің де
жүйкелік ми процестері түрідегі негізі болады. Ерікті материядан,
мидан бөліп алу мүмкін емес. Материалистер адам қоршаған
ортамен өте тығыз байланыста болады деп қарайды. Тиісті сыртқы
жағдайлар болмаса, ол өмірін сақтай да, жалғастыра алмайды. Ерік
сананың басқа да түрі тәрізді объективтік шындықты мидың
бейнелендіруі.
Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория

Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен
ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік
әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нәтижесінен
пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани
күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат,
міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға
әрекет етеді.

Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады.
Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы,
екіншісі – ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер.
Бихевиоризм

Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік
бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін
механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп,оны жануарлар өмірімен
салыстырады. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы
бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибесі саналы әрекет емес, көп
пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп
саналады. Олар ерікте өзін-өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің
себебі – «ерік бостандығы», сана адамға не тілесе, соны береді деп
бұрмады.
Ерік туралы спиритуалистік түсінік

Ерік туралы спиритуалистік түсінік мінез-құлықтың шын күмәнсіз
формалары мен құбылыстары да лақтырылып тасталуы керек деп ойлау
қате болар еді. Оны байрығы психолгия бұрыс талқылап, сипаттаған еді.
Бұл мағынада Геффдинг ырықсыз іс-әрект ырықты іс-әрекеттің негізі мен
мазмұнын құрайды деген. Ерік еш нәрсені жасамайды, ол құрамайды,
әрқашан тек өзгертеді және таңдайды. Ол «ерік өзге психикалық
процестердің ағымына процестердің өзіне тән заңмен араласады» деді.
Психоаналитикалық зерттеулер

З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде
«ерік адам қылықтарына дем беруші» ерекше қуат деген түсінік ғылымға
енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі
психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық
қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, «либидо»
(махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай
тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни
«либидоның» «мәдениеттестірілген» алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін
бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос)
екнін түсіндіріп бақты.
И.М.Сеченов пен И.П.Павлов

Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз
байланыстар тізбегі –инстинкт әректі ырықсыз орындалады.
Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен
И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық
процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары
шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің
физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық
рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп
ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын
тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал И.П.Павлов ерікті
әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына
бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.
Шешімдердің бөліну теориясы

Нағыз ерікті әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшін белгілі
тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді.
Әрине, адам белгілі шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жолдарын
жоспсрлап алғанымен, көптеген объективті, кездейсоқ қиыншылықтарға
ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі
қабылдаған шешімін қоя тұруына тура келеді. Алайда, қажеттілігін қалайда
орындау үшін ол оған барлық саналы еркін бағыттайды. Күш салуда адам:
а)мақсатына жете алмағанына қайғырады, бұл мінездегі ерікті
әрекетінің көрінісі.
ә)іштей ойланып, бойын мақсатына жетуге деген борыштық сезім
билейді, ал борыштық сезімнің көбеюі – азаматтық сана.
Ерік-жігерді шынықтыруға бола ма?
Әрине, болады! Бұлшықетті шымыр ету үшін оны үнемі
шынықтырып, қажетті жаттығуларды қайталап отыру керек.
Дәл сол сияқты ерік-жігерді шынықтыру үшін де
қалыптастыруды қажет ететін әдетті күнде қайталаған жөн.
Мысалы, ерік күшін шыңдауға көмектесетін мынандай
жаттығуларды жасаңыз.
№1 ЖАТТЫҒУ: «Спортпен шұғылдану»
№2 ЖАТТЫҒУ: «Пайдасызды пайдалыға алмастыру»
№3 ЖАТТЫҒУ: «Декларация қабылдау»
№4 ЖАТТЫҒУ: «Заттардың тәртібі»
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Стресске тұрақтылық түсінігі
Стресстің даму кезеңдері
Мәдениет тілі
Эмоциялар мен сезімдердің қызметтері
Тұлға психологиясы
Стресс түсінігі
Басқару процесіндегі ерік - жігердің орны
ПСИХОЛОГИЯ пәні
Спорттық топтағы тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары
Жарыс пен жаттығудың психологиялық ерекшеліктер
Пәндер