Күрделі сөйлеу кемістігі бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне инклюзиялау: психолого-педагогикалық негіздер және логопедиялық түзету


Slide 1

Тіл кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың ерекшілігі

Тексерген: Абдигалиева А. Б.

Орындаған: Ботанбаева Алия

Slide 2

Бұл жұмыста күрделі сөйлеу тіл кемістігі бар балаларға психологиялық, педагогикалық сипаттама беріледі. Пайда болу себептерінің факторлары туралы мәлемет жазылды. Балаларды инклюзивті білім беруге дайындау мәселелері қарастырылады. Бас миының органикалық зақымдануымен байланысты сөйлеудің ауыр бұзылуы жиі жалпы білім беретін мектепте толыққанды оқытуға кедергі жасайды. Осыған байланысты инклюзивтік білім беру жолдарын іздеу туралы мәселелер туындайды, мектепке даярлаудың жолы ұсынылады.

Slide 3

Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жыл сайын артып келеді. Оның ішінде 70% жалпы сөйлеу бұзылыстары бар балалар (күрделі тіл кемістіктері, жалпы сөйлеу дамуының тежелуі, фонетико-фонематикалық дамымауы ) .

Slide 4

Р. Е. Левина, Г. В. Гуровец, И. Т. Власиленко, Е. М. Мастюкова балаларда кездесетін күрделі сөйлеу кемістігінің психологиялық және педагогикалық процесін зерттеумен айналысты.

Р. Е. Левина

Slide 5

Күрделі тіл кемістіктері - бұл дамуында ауытқушылығы бар бас миының органикалық зақымдалуының салдарынан, есту арқылы қабылдауы бұзылған, психикалық үрдісінің қалыптасуына әсер ететін айтарлықтай сөйлеу ақаулары бар балалардың ерекше санаты. Күрделі тіл кемістіктері бар балалардың сөз қоры аз, физиологиялық жағынан түрлі кемістіктері болғандықтан сөйлеу қабіеттері шектеледі. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылуына байланысты, тілдің дыбыстық, сондай-ақ лексикалық, грамматикалық жақтарын толық қалыптаспағандығы көрінеді. Осының салдарынан осы санаттағы балалардың көпшілігінде ойлау, сөйлеу жалпылауының шектеулілігі, оқу мен жазудағы қиындықтар кездеседі. Балаларда эмоционалды-ерік саласында да ауытқулар байқалады. Оларға қызығушылықтың тұрақсыздығы, төмен байқаушылық, мотивация, тұйықтылық, негативизм, өзіне сенімсіздік, жоғары тітіркенгіштік, агрессивтілік, реніштік, айналасындағылармен қарым-қатынаста, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қиындықтар тән. Осы санаттағы баларларға алалия, афазия, тұтықпа, ринолалия және дизартрияның түрлері жатады.

Slide 6

Қазіргі уақытта Р. Е Левинанның жіктемесі бойынша логопедияда сөйлеу бұзылыстарының екі негізгі классификациясы бар:

клиникалық-педагогикалық

психологиялық-педагогикалық.

Slide 7

Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру құрылымы төмендегідей:

1) бастауыш білім беру деңгейі 0, 1-4 сыныптар;

2) негізгі орта білім беру деңгейі - 5-10 сыныптар.

Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік колледждерге ауысады.

Бастауыш білім беру деңгейінде оқыту арнайыдидактикалық материалдарды қолдану арқылы арнайы бағдарламалар бойынша іске асырылады. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесі мазмұны бейімделетін және оқыту мерзімдерін бір жылға арттыруды ескере отырып қарастырылатын жалпы білім беру бағдарламалары бойынша іске асырылады.

Білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, қазақ, орыс және шетел тілдерін оқытуға сағаттарды бөлуде нұсқалық рұқсат етіледі.

Логопедиялық түзету жұмысы оқушының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта көрсетіледі.

Slide 8

Назарларыңызға

Рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: түзету-педагогикалық тәсілдер мен ұйымдастыру
Зият кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: зейін ерекшеліктері және коррекциялық-педагогикалық тәсілдер
Көру кемістігі бар балалардың психолого-педагогикалық сипаттамасы
Эмоционалдық-еріктік бұзылыстары бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: диагностика, түзету және әлеуметтік-педагогикалық қолдау
Қазақстандағы инклюзивті білім беру: ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау және психолого-педагогикалық сүйемелдеу
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды жалпы білім беру жүйесіне қосу: педагогикалық, медициналық және материалдық-техникалық аспектілер
Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу және реабилитациялау: арнайы білім беру және психолого-педагогикалық сүйемелдеу
Тірек-қимыл аппараты бұзылған және күрделі кемістігі бар балаларға арнайы білім берудің ұйымдастыруы мен әдістемесі
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру және енгізу проблемалары
Балалардағы сөйлеу тілінің патологиясы: себептері, түрлері және логопедиялық түзету әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz