Ауаны тазалау




Презентация қосу
Қоршаған орта
биотехнологиясы
Орындаған:Қабет Назерке
Тексерген:Азамбекова Ә.Н
Тобы:И-223Б
ЖОСПАР
1)Ауаны тазалаудағы
биологиялық әдіс
2)Газдарды биологиялық
дезодарациялауды меңгеру
3)Табиғи ортаны биологиялық
тазалау және биоремидиация
әдісімен танысу
Ауаны тазалау
Ауаны тазарту — физикалық-химиялық
әдістердің көмегімен ауаны бөгде зиянды
қоспалардан арылтып, оны табиғи қалыпты
жағдайға жеткізу. Ауаны негізінен өндіріс
орындары, жылу, қуат өндіру көздері,
автокөліктер ластайды. Сондықтан зиянды
қоспалардың мөлшерін азайту үшін әр түрлі
физ.-хим. әдістер (абсорбтау, адсорбтау,
конденсаттау, тотықтыру т. б.)
қолданылады.Сонымен қоса өсімдіктер мен
ағаштарды көп өсіру қажет.
Ауаны тазалаудағы биологиялық әдіс
Қала атмосферасының тазалығы – қазіргі таңда
адамзатты толғандырып отырған аса маңызды
мәселелердің бірі. Бүгінде адамның шаруашылық
қызметінің әсерінен бүкіл биосфераның жағдайы
алаңдатарлықтай өзгеріске ұшырауда. Қаламыздың
көшелеріне жасыл ағаштар отырғызу, өндіріс
алаңдарын көгалдандыру, санитарлық қорғаныш жасыл
желек қоршаулар жасау өте қажетті экологиялық
шаралар болып табылады. Мұндай жасыл аймақтар
ластанған ауаның жоғарғы қабатында таралуына және
ластаушы заттар қорының жиналуына мүмкіндік
бермейді, шаң тозаңдар мен аэрозольды газдардың
қалаларға, ауылды жерлерге таралуын бәсеңдетеді.
Биологиялық әдіс ретінде лас
газдарға төзімді ағаштекті
өсімдіктерді отырғызған тиімді.
Қала көшелерінде рет-ретімен
дұрыс отырғызылған ағаштекті, әрі
әсемдік өсімдіктер ауаны әртүрлі
лас қоспалардан, шаң-тозаңнан,
газдан тазартып, күн сәулесін
пайдалана отырып, қоршаған
ортадан көмірқышқыл газын
сіңіріп, тұрақты түрде ауаға оттегін
бөліп, қала тұрғындарына қолайлы
жағдай туғызады. Сонымен қатар,
қаладағы түрлі шудың күшін
басады.
Газ-ауа шығарылуларын тазартудың биологиялық әдістері жуырда ғана және әзірге
шектеулі ауқымдарда қолданыла бастады, алайда оларды іс-тәжірибеде қолдануды
келешегі мол екендігі бұлардың қолжетімділігімен, арзандығымен, тиімділігімен және
экологиялылығымен расталып отыр. Сондай-ақ, ауаны тазартудың биологиялық
әдістерінің артықшылығы үдерістің эдеттегі температура (10-40°С), қалыпты
атмосфералық қысым кезінде жүргізілуі және қондырғы корпусын регенерациялау
қажет еместігі болып табылады.
Ауаны биологиялық тазарту әдістері микроорганизмдердің аэробты жағдайларда
заттар мен қосылыстардың кең спектрін ақырғы өнімдерге, СО, және Н 20 дейін
ыдыратуға қабілеттігіне негізделеді.
Уландыратын атмосфераны ластаушылардың басым саны микроорганизмдердің
монокултураларымен бұзылуы мүмкін, бірақ үлкен катализдеу потенциалына ие
аралас култураларды пайдаланған тиімдірек. Қиын ыдыратылатын қосылыстарды
деструкциялау үшін бірқатар жағдайларда микроорганизмдерді осындай
субстраттарға бейімдеп барып, тек осыдан кейін ғана оларды жұмыс істеп тұрған
қондырғыларға енгізген мақсатқа лайықты болып келеді.
Нақтылы жағдайларда шығарылатын газдардың ластаушы құрамдас бөліктерін
ыдырататын микроорганизмдер популяциясы шығарылатын газдардан немесе арнайы
қосылатын белсенді лайдан бейімделген микроорганизмдерді іріктеп алу арқылы
ауаны тазартуға арналған қондырғының жұмыс көлемінде қалыптасады. Деструктор-
микроорганизмдердің популяциясын қалыптастырудың мұндай тәсілі бактериялар
оңай ыдырататын қосылыстарды кетіру қажет болған кезде айтарлықтай тиімді.
БИОРЕМИДИАЦИЯ
Биоремидиация- суды тазартуда
қолданатын кешенді шара.
Груннты және атмосфераны
қолдана отырып, биологиялық
объектілерге – өсімдіктер,
саңырауқұлақтар, құрт-
құмырскалар, құрттар және т.б
жатады.

Ұқсас жұмыстар
ЭЛЕКТРЛІК СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ТҮТІНДІ ГАЗДАРЫН ФИЗИКА ХИМИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ОРЫНДА
Косметикалық операция жасайтын орын (операция бөлмесі) және оны дайындау
АВТОКӨЛІКТЕРМЕН ЛАСТАНУЫ
Сығылған ауа
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу
Тазарту клизмасы
Операция жасайтын орын ( операция бөлмесі ) және оны дайындау
Ауаны тазалау әдістері
Шарлы барабанды диірменнің шарларының диаметрі
Пәндер