АДВОКАТ ЭТИКАСЫ
Презентация қосу
АДВОКАТ
ЭТИКАСЫ
АДВОКАТ
ТУРАЛЫ
Адвокат (гр. advocatus — шақырылған) —
адвокаттар алқасының мүшесі болып
табылатын және арнаулы заңда көзделген
шеңберде кәсіби құқықтық көмек
көрсететін заңгер; кең мағынасында
алғанда — қорғаушы. Заңды көмек көрсете
отырып, адвокат: заң мәселелері бойынша
түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша
қорытындылар береді; талап қою
арыздарын, шағымдар мен құқықтық
сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды;
анықтау, алдын-ала тергеу органдарында,
соттарда, мемлекеттік және т.б. органдар
мен ұйымдарда, азаматтық қарым-
қатынастарда жеке және заңды
тұлғалардың өкілі ретінде қатысады,
оларды қорғауды жүзеге асырады.
Адвокаттың статусы, адвокаттық
қызметпен айналысу тәртібі, кәсіби
құқылары мен міндеттері, мінез-құлық
нормалары Қазақстан Республикасының
“Адвокаттық қызмет туралы” заңында (
1997 жылы 5 желтоқсан) көзделген.
АДВОКАТУРАНЫҢ
МАҚСАТЫ
Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз
құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi
заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және
Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды
етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ
дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-
ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу
мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету
жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн
заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды
АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға
жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі
адвокаттық қызмет болып табылады. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен
қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен
жүзеге асыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар,
анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар
мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау
принциптерiне негiзделедi.
АДВОКАТ КӨРСЕТЕТІН ЗАҢ
КӨМЕГІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:
1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәселелер бойынша
консультациялар мен анықтамалар береді;
2) арыздар, шағымдар, өтініштер мен құқықтық сипаттағы басқа да
құжаттарды жасайды;
3) сенім білдірушінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргізуге қатысады;
4) қорғаушының немесе сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және
әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады;
5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте және дауларды шешетін өзге де
органдарда істерді талқылауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда
сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот
органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық
құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік
органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық
сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім
білдірушінің мүддесін білдіреді;
8) сенім білдірушінің өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ
қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады;
Адвокат заң
көмегін көрсету
кезінде
мынадай кәсіби
тәртіптерді
сақтауға тиіс:
Көп күш-жігер не уақыт жұмсауды
талап ететін қажетті әрекеттер
жасаудан жасқанбай
ыждағаттылық пен құлшыныс
білдіру, бұл осы қызметті ешбір
асығыстық жасамай және жеңіл-
желпі қарамай, яғни тапсырылған
істі адал, мұқият және
білімдарлықпен орындап, кеткен
уақытпен санаспай атқару
керектігін көрсетеді.
Заң мәселелерін қарап
жатқан органдар мен
лауазымда адамдарға
қатысты өзін әдепті
ұстау, яғни оның
сөйлеген сөзі,
кепілдемесі, өтініші
және басқа да іс-әрекеті
мемлекеттік
органдардың беделіне
нұқсан келтірмейтіндей
дәрежеді болуға тиіс.
Өз кәсіби мінез-құлқын көмек
сұрап өтініш жасаған адамның
құқықтары мен заңды мүдделеріне
сәйкес қалыптастыра және тежей
отырып, істі негізсіз сөзбұйдаға
салуға, заң көмегін көрсетудің
саңсыз әдістеріне, алдауға жол
бермеуге, егер жүгінушішің талабы
заңға қайшы болса немесе ол өз
мүдделерін қорғау үшін заңға
томпақ құралдар мен әдістерді
қолдануды талап етсе, адвокат
оған заң көмегін көрсетуден бас
тартуға міндетті.
АДВОКАТТЫҢ
МӘРТЕБЕСІ
Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға
лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып
табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет
шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан
Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі
деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе
алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Мынадай:
қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының
бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе
36-бабының негізінде босатылған;
теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен,
прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан,
арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет
органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған;
адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан
айырылған
АДВОКАТ БОЛУ ҮШІН
ТАЛАПТАР
Қазақстанда мынадай азаматтар адвокат бола алады:
жоғары заңдық білімі бар;
ҚР Жоғары Сот кеңесінің жанындағы Біліктілік
комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған
немесе адвокаттар алқасында тағылымдамадан
немесе аттестаттаудан өткен, сотта тиісті
тағылымдамадан өткен және облыстық немесе оған
теңестірілген сотта пленарлық отырыста оң пікір
алған немесе судья өкілеттігін тоқтатқан немесе
прокуратура немесе тергеу органдарынан 10 жылдан
кем емес прокурор немесе тергеуші лауазымында
теріс ниеттер бойынша жұмыстан шығарылуды
қоспағанда, жұмыстан шығарылғандар;
адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия
алғандар
АДВОКАТ БОЛУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
ЖӘНЕ КЕМШІЛІКТЕРІ
Артықшылықтары: Кемшіліктері: табыстың
тұрақсыздығы (бұл әсіресе
мансаптағы
жас адвокаттарға
перспективалар, қатысты), өткір
жоғары жалақы алу жауапкершілік,
мүмкіндігі, жиіркенішті, аса ауыр
дербестік, кез келген қылмыс жасаған
қылмыскерді қорғау қажет
инстанциялар мен болғанда қоғам тарапынан
пікірлерге тәуелді жасалатын моральдық
еместігі. қысым және адамгершілік-
психологиялық түйткілдер.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адвокаттың басты парызы – әділдік үшін өз
клиентінің құқығын қорғау. Оның жұмысы
әділдік, заң мен қорғауға негізделген.
Адвокаттық қызметке кірісу үшін «адвокат»
деген арнайы лауазымды иелену керек. Оны
жоғары заңгерлік білімді меңгерген адам ғана
ала алады. Адвокат адвокаттық бюрода жұмыс
істей немесе оны басқара алады. Адвокат
мамандығы жоғары ақыл, парасаттылықты,
үлкен жауапкершілікті, қоғамдық іске
қызығушылықты, жылдамдылықты, шешендікті
талап етеді. Ең бастысы, адвокат өз елінің
заңын толықтай жақсы меңгеруі керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz