Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы




Презентация қосу
* Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы
* Әлеуметтанулық зерттеулер бір бірімен тығыз
байланысты, бірін бірі алмастырып отыратын,
ұйымдастыру жағынан автономды болып табылатын
кезеңдерден тұрады:
* әлеуметтанулық зерттеу жүргізуді дайындау кезеңі;
* алғашқы әлеуметтанулық мәліметтерді жинау;
* жиналған мәліметтерді өңдеуге дайындау және оны
өңдеу;
* өңдеуден өткен мәліметтерді талдау, зерттеу
қорытындысы бойынша есеп дайындалып, қорытындылар
жасап, ұсыныстар жасау.
Бағдарлама зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік және
ұйымдастыру техникалық мәселелерін толық анықтайтын негізгі
ғылыми құжат. Бағдарлама қарастырылатын проблеманы,
зерттеудің мақсатын, міндетін, зерттеу нысанын, пәнін дәл
анықтап, алдын ала талдаулар жүргізуге, болжамдар жасауға,
қолданылатын ұғымдардың түсініктемелерін беріп, оларды
тексеруден өткізуге мүмкіндік беруі қажет. Бұлардың барлығы
бағдарламаның әдіснамалық бөлімінде ашылуға тиісті.
* Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы:
әлеуметтанулық білімінің дамуын және
бағалаудың, зерттеу жүргізудің нормалар жүйесі
мен реттеу принциптері мен ұйымдастыру
әдістерінің жиынтығы.
* Әлеуметтанулық зерттеу әдісі:
* әлеуметтік фактілерді анықтайтын, өңдеу
және талдау ісінде қолданылатын
операциялардың, тәсілдердің, процедуралардың
жиынтығы.
* Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру
және жүргізуге қажетті қызмет әдістері,
дағдылары, ептілік, шеберлік т.б. жиынтығы
“зерттеу техникасы” деп аталады.
Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы екі мәселені
шешеді:

Алынған фактілерді эмпиристік
материалдар деңгейінен
теориялық қорытындылау
Бастапқы теориялық баптарды
деңгейіне көтеру. Зерттеулер
зерттеудің құрылымына
тәжірибелік ұсыныстар берумен
айналдырудың жолын табу.
шектелмей, теорияның өзін де
дамытудың негізіне айналуы
керек.
Техника
Техника --
Зерттеу
Зерттеу лық
лық тәсіл
тәсіл
жүргізудің
жүргізудің
әдістері
әдістері

құжаттар
құжаттар

Зерттеу инструменттері
Зерттеу инструментариіне жататын элементтер:

Алғашқы Мәліметтерді
мағлұматтарды Сұрақ парақтары
өңдеу, сараптау,
жинақтаудың әдістері анкеталар
талдау тәсілдері

Зерттеу кезеңдері
Әлеуметтік мәліметтерді басшылары мен ғылыми
бағалау инструменттері көмекші қызметкерлердің
қызметін атқаратын жұмыстарын
әлеуметтік көрсеткіштер ұйымдастыруға қажет
нұсқаулар
Әлеуметтанулық зерттеулерді зерттеу пәнін талдаудың
тереңдігіне, масштабына, шешілетін міндеттердің
күрделілігіне қарай бөледі. Зерттеулердің негізгі түрлері:
* барлаулық зерттеулер;
* сипаттамалық зерттеулер;
* сараптамалық зерттеулер.
*
* Барлаулық зерттеулер: әлеуметтанулық талдаудың ең қарапайым
түрі. Бұл зерттеудің барысында мазмұны жағынан шектеулі
міндеттер шешіледі.Азғантай жиынтық зерттеледі, қарапайым
бағдарламаға негізделеді.
* Сипаттамалық зерттеулер: құбылыстар мен үрдістердің
құрылымын,түрлерін, сипатын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Сипаттамалық зерттеулердің объектісі әртүрлі әлеуметтік сипаты
бар адамдардың үлкен топтары.
* Сараптамалық зерттеулер: әлеуметтік құбылыстар мен
үрдістердің құрылымдық элементтерін сипаттаумен шектелмей,
олардың себептерін, үрдіске араласқандардың тәртібін, объектіге
жаңа сипат, қасиет беретін факторларды ашуға бағытталған.
Мәліметтерді жинау әлеуметтанулық зерттеудің ең
басты міндеті. Қазіргі заманғы әлеуметтануда әртүрлі
варианттарда қолданылатын эмпиристік әдістердің
көптеген түрлері қалыптасты. Олардың біразын
әлеуметтанушылар, этнографтардан, статистикадан,
психологтардан қабылдап, бүгінде олар әлеуметтану
ғылымының зерттеу арсеналына айналды. Қоғамдағы
әлеуметтік үрдістер мен құбылыстар туралы фактілер
жинақтаудың кеңінен тараған әдістерінінің қатарына:
бақылау, сауалнама, сұхбат, құжат талдау, эксперимент
талдау.
Бақылау - зерттелетін әлеуметтік фактілерді әдейі, мақсаттық түрде,
жүйелі, жоспарлы, тікелей қабылдап жазып отыру арқылы мәліметтер
жинақтау әдісі. Ғылыми бақылаулардың ішінен кеңірек тарағаны іштен
бақылау. Зерттеуші зерттелетін субъектінің ішінде өмір сүріп немесе жұмыс
істеп жүріп ғылыми зерттеу жүргізеді. Осы әдісті қолданудың классикалық
үлгісін әлеуметтанушы У.Уайттың зерттеуінен көреміз.
Эксперимент - құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды
ашуға бағыттылған әлеуметтік мәліметтерді бақыланып, басқарылатын
жағдайда жинақтау әдісі. Көбіне тәжірибешінің оқиғалардың табиғи
барысына араласу арқылы жүзеге асады. Оның түрлері: натуральды, ойша.
Натуральды тәжірибе аз топпен жүргізіледі, және оның екі түрі бар:
бақыланатын, бақыланбайтын.
Сауалнама - арнайы құрастырылған сұрақтар арқылы, ғылыми әдіспен
таңдаланып алынған респонденттердің пікірлерін анықтап, адамдар тәртібі,
ұстанымдары туралы жүйелі мәлімет жинау әдісі. Сауалнама барысында
зерттеуші белгілі бір адамдар жиынтығымен зерттелетін мәселелер
бойынша ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы сөйлесіп, алынған
мәліметтерді тізіп, статистикалық өңдеуден өткізіп теориялық тұрғыда
түсіндіреді.
Жинақталған әлеуметтік мәліметтер құбылыстар мен
үрдістердің тенденцияларын анықтап, гипотезаны
тексеруге, зерттеу бағдарламасына анықталған
міндеттерді шешуге бірден мүмкіндік бермейді. Зерттеу
нәтижесінде алынған әлеуметтанулық мәліметтерді өңдеп,
белгілі бір түрге келтіріп, талдап, ғылыми тұрғыда
түсіндіру қажет. Осы процедураларды орындалғаннан кейін
қорытындылар, ұсыныстар жасау мүмкіндігі туады. Бұл
әлеуметтанулық зерттеудің соңғы, аяқталу кезеңінде
жүзеге асатын жұмыстар. Қорытындылау нәтижесін
“әлеуметтанулық ақпарат немесе мәлімет” деп атайды.

Ұқсас жұмыстар
АҚТӨБЕ 2021 әлеуметтанулық зерттеу жүргізуді дайындау кезеңі
Әлеуметтанулық зерттеу танымдық қызметтің түрі ретінде
Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру
Сапалық зерттеудің негізгі әдістері
Глоссари
Айнымалы шамаларды анықтау
ЖОО педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістемесі
Педагогика әдіснамасы
Жалпы әдіснама
ӘДІСТЕМЕ ОБЪЕКТІСІ
Пәндер