Әкімшілік құқығы


Slide 1 Slide 2

Қазақстан Республикасыны Әкімшілік құқығы

Slide 3

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері

Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез - құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.

Slide 4

Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: - нормативтік құқықтық акт - әкімшілік шарт - әкімшілік прецедент - құқықтық әдет-ғұрып - ғылыми-құқықтық доктрина

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл әкімшілік - құқықтық нормаларды бейнелеудің сырт пішіндері. Осы орайда атқару билік органдарының шығаратын нормативтік актілері жөнінде мәселе туындап отыр. Әкімшілік - құқықтық нормалардың көптігі олардың өз бойына жинап, көрсететін қайнар көздерінің көптігімен бейнеленеді.

Slide 5

Құқық көзі болып саналуы үшін әрбір мұндай формада бірқатар мынадай белгілер болуы тиіс:

- Субъектілердің белгілі бір санаттары міндетті түрде орындайтын бір немесе бірнеше қаракет ережелері (құқық нормалары) болуға;

- Ресми мемлекеттік билік оны сондай деп тануға және ол мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілуге тиіс;

- Практикалық маңызы бар және де әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қызметінде жиі қолданылатын;

- Әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір заңдық маңызы бар әрекеттер жасауы үшін негіздемелері болуға;

- Елдің қолданыстағы құқық жүйесімен үйлесуге, ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес келуге.

Slide 6

Құқық көздерінің бұл аталған белгілерін жинақтап қорыта келе, әрқашанда, құқықтың формасы мен көзін ажырату қажет екендігін айта кету керек. Біріншіден, құқұық көзі құқық формасы ретінде әрқашан да институттандырылған, ал форма дегеніміз - заң шығару қызметінің нәтижесі (С. Алексеев) . Екіншіден, тек ереже (норма) ғана құқық нормаларымен қойылған адамдардың характерін анықтайды (Н. М. Каркунов) . Норма жасаушылар, дәстүрге беріліп, әлеуметтік өмір мемлекет белгілеген ережелер арқылы басқарылады деп есептейді. Құқық көзін түсінуде көптеген авторлардың осындай көзқараста екендігін айта келе мәдениеттану сипаттамасына берілген бағаның басқа да тұжырымдамаға әкелуі мүмкін демекпіз.

Slide 7

Құқықтық әдет. Қоғамда мемлекеттік билікке тәуелсіз қалыптасқан және көпқайтара қайталанудың нәтижесінде әлеуметтік императив ретінде адамдар санасына бекіп қалған іс - әрекет ережелерін құқықтық әдет деп түсінеміз. Әдет - ғұрыпты сол қалпында міндетті түрдегі дәстүр деп қарастыруға болмайды. Әдет өзінің ең дұрыс нұсқасында қайталанып отырады. Әдетті іс жүзінде пайдалану практикасы, оны, қажет болған жағдайда, уақытқа қарай бейімдеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сонымен, әдеттің вербалдық - символдық нормалары белгілі бір қауымдастықта әрекет етеді және дамып түрін өзгерте алады. Және де, әдет нормаларының морфологиялық құрылымы құрылымдық элементтердің анық айтылумен ерекшеленбейді. (мысалы, «око за око, зуб за зуб») . Мемлекет пен құқықтың бастапқы даму кезеңінде құқықтық әдеттің маңызы зор болды. Қазіргі кезде ол қайтадан өріс алуда.

Slide 8

Нормативтік құқықтық акт. «Нормативтік - құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес референдум немесе мемлекеттің өкілетті органдары немесе лауазымды адамдары қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың әрекеттерін өзгертетін, доғаратын немесе тоқтататын, белгіленген формадағы жазбаша ресми құжат нормативтік құқықтық акт ретінде қарастырылады. Бұл жерде атап өтетін бір жағдай, құқықтық жүйенің үстемдігі сол норма шығарған органның үстемдігінен туындайды және нысанға бағытталған іс- әрекет ережелерін, яғни құқықтық формаларда көрініс тапқан заң нормаларын қарастырады. Нормативтік актілердің әкімшілік құқық көздері екендігінде дау жоқ. Құқықтық нормалардың осы формада көрініс табуы құқық көздерінің барлық белгілерін қанағаттандырады. Нормативтік акт - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы.

Slide 9

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; ҚР Президентінің басқа да нормативтік құқықтық жарлықтары;

3) ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4) ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

6) ҚР Министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары;

7) Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;

8) Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері.

Slide 10

Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады:

1) Регламент;

2) Ереже;

3) Қағида;

4) Нұсқаулық.

Slide 11

Әкімшілік - құқық көздері болып табылатын нормативтік актілерге мына қасиеттер тән:

- Қабылдаудың ресми тәртібі;

- Құқықтық нормалардың болуы;

- Қысқаша баяндалуы;

- Күшінің неғұрлым көп субъектіге таралуы;

- Басқаратын да, басқарылатын да субъектілердің мүддесін білдіруі.

Slide 12

Әкімшілік құқықтық қайнар көздеріне мыналар жатады:

- ҚР Конституциясы;

- ҚР Конституциялық заңдары;

- ҚР Заңдары;

- ҚР Президентінің заңдық күші бар жарлықтары және өкімдері;

- Халықаралық шарттары;

- Парламент Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары;

- Үкімет Қаулылары;

- Жергілікті атқарушы және уәкілді органдардың нормативтік актілері,

- Министрліктердің нормативтік актілері;

- ҚР Конституциясының 4 - бабының 3 - тармағына сәйкес әкімшілік - құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық шарттар да саналады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Экономика және Құқық факультеті
Құқық және мәжбүрлеу
Жер құқығы қатынастары
Әкімшілік құқықтық нормалары
Құқық әлемінде. 8-11 сынып
Экологиялық құқық туралы
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Қаржы құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz