ДӘРІЛІК ҮЛГІЛЕРДІҢ МЕДИЦИНАДА


Slide 1

“ДӘРІЛІК ҮЛГІЛЕРДІҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ”

Орындаған: ТФП-34 Сапаралиева Сұлухан

Қабылдаған: Түсипхан Алмас

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қатты дәрілік үлгілер

Жұмсақ дәрілік үлгілер

Сұйық дәрілік үлгілер

Инъекцияға арналған дәрілік үлгілер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Дәрілік зат - бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі.

Slide 4

Дәрілерді қолдануға ыңғайлы болу үшін және шикі заттарға дұрыс қолайлы түрдің берілуімен, қалыптасқан ресми түрінде шығарылатын дәрілік түрлер болады. Сондықтан жалпы дәрілердің 5 түрі болады:

1. Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, капсула және т. б.

2. Жұмсақ дәрілік түрлер: май, паста, балауыз және т. б

3. Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, тұнба, қайнатпа, тұндырма, сығынды, микстура, экстракт, линимент және т. б.

4. Егуге арналған дәрілік түрлер: ампула мен флакондарда шығарылатын сұйық және ұнтақ түріндегі дәрілер.

5. Басқада дәрілік түрлер: баллондағы аэрозольды, көз қапшықтары және т. б.

Slide 5

Негізгі бөлім. Қатты дәрілік үлгілер

ұнтақтар

таблеткалар

драже

гранулалар

карамель

пастилкалар

Slide 6

ҰНТАҚТАР

Ұнтақтар - бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма.

Slide 7

Ұнтақтар

Инъекцияға арналған

Ұнтақтар инъекциялық қолдану үшін тек тиісті еріткіште алдын ала ерігеннен кейін және стерильділікті сақтай отырып пайдаланылуы мүмкін.

Slide 8

Капсулалар

Желатинді

Крахмалды

Кератинді

Глютоидты

Капсулалар бұл сырты қапталған, дәрілік заттан тұратын, мөлшерленген дәрілік форма.

Slide 9

Капсуладағы дәрілік заттар:

Ұнтақ тәрізді дәрілердің төгілуінің алдын алу және дәл мөлшерлеу (және/немесе гигроскопиялық)

жағымсыз немесе ащы дәмі бар кейбір дәрілік заттардың дәм рецепторларына әсерін жою

дәрілік заттарды асқазан сөлінің ішіндегісінің бұзылуынан қорғау үшін қолданылады.

Капсулалар қабығын ашпай, тұтас қолданады.

Slide 10

Таблетка

Таблеткалар - дәрілік заттардың сығымдалуынан, дәрілік және қосалқы заттардың көмегімен алынған және ішке, сыртқа, сублингвалды және парентералды қабылдауға арналған мөлшерленген қатты ДФ.

Slide 11

Таблетка

Ішке қолдануға арналған дәрілік және қосалқы (қант, крахмал, натрий гидрокарбонаты және т. б. ) заттарды престеу тәсілімен фабрикалық-зауыттық жолмен алынатын қатты мөлшерленген дәрілік түрі.

Барлық таблеткалар ресми.

Slide 12

Драже

дәрілік және қосымша заттарды түйіршіктерге бірнеше рет еріту тәсілімен фабрикалық-зауыттық жолмен алынатын, ішкі қолдануға арналған қатты мөлшерленген дәрілік түрі.

Барлық драже ресми.

Slide 13

Гранулалар

Ішке қолдануға арналған фабрикалық-зауыттық жолмен алынатын дөңгелек, цилиндрлік немесе дұрыс емес нысандағы біртекті бөлшектер түріндегі қатты дозаланбаған дәрілік түрі.

Барлық түйіршіктер ресми.

Қосымша заттар ретінде қант, натрий гидрокарбонаты, крахмал, тағамдық бояғыштар қолданылады.

Slide 14

Пастилкалар және карамель

қатты дозаланған дәрілік түрлер, әдетте жалпақ пішінді қантпен және шырыштармен араластыру жолымен дайындалған.

Ауыз қуысы немесе жұтқыншақ шырышты қабығының ауруларын емдеу үшін тағайындалады.

Пастилкалар толық сорылғанға дейін ауызда ұстайды.

Slide 15

Жұмсақ дәрілік үлгілер

жақпа майлар

пасталар

гельдер

кремдер

тығындәрі,

пластырьлар

Slide 16

Пасталар

құрамында 25% кем емес ұнтақ тәрізді заттар бар, сыртқа қолдануға арналған жұмсақ дозаланбаған дәрілік түрі (сирек пасталар ішке қолданылады) .

Пасталар ресми және магистральдық болуы мүмкін.

Slide 17

Жақпа майлар

сыртқы қолдануға арналған тұтқыр консистенциясы бар жұмсақ дозаланбаған дәрілік түрі.

Жақпа май ресми және магистральдық болуы мүмкін.

Slide 18

Гельдер

Жақпа майға қарағанда гельде қалыптаушы зат желатин немесе агар-агар болып табылады

Кремдер

жақпаға қарағанда аз тұтқыр (жартылай сұйық) консистенцияға ие.

Slide 19

Суппозитории

бөлме температурасында қатты және дене температурасында балқитын, дене қуысына енгізуге арналған мөлшерленген дәрілік түрі.

Slide 20

Тығын дәрі түрлері:

1) ректальды (suppositoria rectalia) ;

2) вагинальды(suppositoria vaginalia) ;

3) таяқшалар

Slide 21

Сұйық дәрілік түрлер:

Ерітінділер

Тұнбалар

Қайнатпа

Микстуралар

Суспензиялар

Эмульсия

Сироптар

Slide 22

Ерітінді (Solutio)

бұл еріткіште қатты дәрілік заттарды еріту арқылы алынатын сұйық дәрілік түрі. Еріткіш су болуы мүмкін және бұл рецептіде көрсетілмейді; спирт болуы мүмкін және бұл рецептіде көрсетіледі:

спирт ерітіндісі - spirituosae,

май болуы мүмкін, сонда бұл май ерітіндісі - oleosae.

Slide 23

Қолдану тәсіліне байланысты ерітінділер:

1) Сыртқа қолдану

2) ішкі қолдану

3) инъекция үшін

Slide 24

Сыртқа қолдануға арналған ерітінділер, бұл:

Көз тамшылары

Құлаққа арналған

мұрынға арналған

Slide 25

Инъекцияға арналған ерітінділер

зауыттарда шығарылуы және дәріханаларда дайындалуы мүмкін.

Зауыттарда олар әрқашан стерильді, егер ерітінді дәріханада дайындалса, онда рецептіде Sterilisetur көрсетіледі!


Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық белгілері
Дәрілік полимерлер
Дәрілік кесте жусан
МЕДИЦИНАДА ЖМҚ ҚОЛДАНУ
Тұқым қуалайтын аурулары
Физиологиялық белсенді полимерлер
ҚҰРАМЫНДА ЭФИР МАЙЛАРЫ БАР ӨСІМДІКТЕР
Өсімдіктердің ерекше қасиеттері
Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz