Сүйектердің құрамы, құрылысы
Презентация қосу
Тақырыбы: Сүйектердің құрамы, құрылысы.
Сүйектердің дамуы
Орындаған: Инф-18-1 тобының студенті
Амангельдинов Диас
Тексерген: Тәжікей.Р.Е
Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан
түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпадан, ішкі
бөлімі кеуекті ұлпадан құралады.
Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен
суйекқап болады .
Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары
бөлініп, сүйек затын түзеді.
Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап
өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта
қалпына келуі де сүйекқапқа тікелей байланысты.
Сүйекқапта қантамырлары мен
жүйкелер болатындықтан, сүйекке
ұдайы қоректік заттар жеткізіледі.
Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті
қабаттағы жасушалардың бөлінуінен
сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық
сүйектенуі 20-25 жасқа дейін
жалғасады.
Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек
адамның сүйегінің үштен екі бөлігін —
бейағзалық, ал қалған үштен бір
бөлігін ағзалық заттар құрайды.
Ағзалық заттар - иілгіштік, серпінділік,
ал бейағзалық заттар беріктік қасиет
береді
Сүйектің құрылысы, құрамы,
өсуі, байланысы.
Буындар
өзекшелер;
борпылдак қабат;
қыртысты қабат;
жілік майы;
остеоциттер (сүйек
жасушалары);
қантамырлар.
Сүйектер тығыз және кеуекті
дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сырты -
тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан
құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен
тұтасып кеткен суйекқап болады . Сүйекқаптың
астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек
затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы
сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда
біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де
сүйекқапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта
қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан,
сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі.
Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы
жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.
Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін
жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек
адамның сүйегінің үштен екі бөлігін —
Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында - 50% су, 12,5% нәруыз
тектес ағзалық зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат),
21,8% минералды заттар (кальций фосфаты),
15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік
қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың
мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш
болатындыктан спортқа, циркке, балетке жастайынан
қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде
ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді.
Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік
қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.
Адам еңбек үрдісінде қол, аяқ, саусақ, бақай және т.б. осы сияқты өзінің
табиғи құралдарын іс-қимылға қосады. Еңбек құралдарын жасау арқылы ол
дененің табиғи мүшелерінің құрылысын өзгерте отырып, оларды
толықтыра, ұзартатын жаңа жасанды құралдар алады және адамның өзі «..
сонымен бір мезгілде өз табиғатын өзгертеді» (Маркс К., 2-басылым, 23-
том, 188-бет). Демек, еңбек үрдістері тұтастай адам денесіне, сүйек жүйесін
қоса, оның қозғалыс аппаратына едәуір әсерін тигізеді.
Қаңқаға бұлшықеттердің жұмысы күшті әсер етеді. Сіңірлердің бекитін
жерлерінде бұдырлар (төмпешік, өсінді, бұдыр), ал бұлшықет будаларының
бекіген жерлерінде тегіс немесе ойыс беттер (шұңқырлар) түзіледі.
Бұлшықет неғұрлым дамыса, олардың бекіген жерлері сүйекте соғұрлым
айқын білінеді. Міне, сондықтан бұлшықеттің бекуімен байланысты сүйек
бедері балаға қарағанда, ересек адамда, әйелге қарағанда еркек адамда
күштірек байқалады.
Бұлшықеттің дене жаттығулары мен
кәсіби жұмыс кезіндегідей ұзақ және
жүйелі жиырылуы біртіндеп нерв
жүйесінің рефлекстік механизмі
арқылы сүйектегі зат алмасуын
өзгертеді, соның салдарынан сүйек
затының жұмыстық гипертрофиясы
деп аталатын ұлғаюы байқалады. Бұл
сүйектердің үлкен-кішілігі, пішін және
құрылысының өзгеруіне себеп
болады, оны тірі адамдардан рентген
арқылы оңай анықтауға болады.
Дене шынықтырумен айналысатындардың қаңқасы
онымен шұғылданбайтындарға қарағанда едәуір тәуір
дамыған. Дене бітімі мықтылау балаларда дене бітімі
әлсіздеу балаларға қарағанда қаңқа жүйесі әлдеқайда
жақсы жетіледі. Тиімді дене жаттығулары, қималдары
арқасында баланың қаңқасы, кеуде торына қоса барлық
бөлімдері жақсы дамып, мұның өзі олардың ішіне
жайғасқан өмірлік маңызды ағзалардың (жүрек, өкпе)
дамуына қолайлы әсер етеді. Демек, қаңқаның дамуы
туралы деректер мектеп гигиенасы үшін өте маңызды.
Сүйек сырты жұқа қабықпен қапталған. Ол сүйек сырты
жұқа қапталған. Ол сүйек затымен байланысқан. Ол
қабық екі қабаттан тұрады: сыртқы мықты қабат
тамырлармен және жүйкелермен байланысқан (қантамыр
және лимфалық тамырлар). Ал ішкі қабаты сүйектүзуші
клеткалардан, яғни сүйектіңені мен ұзындығына өсуін
қамтамасыз етеді. Осы клеткалардың арқасында сынған
сүйектер қалпына келеді. Шет жағында орналасқан
шеміршек есесіне сүйекті ұзындығына өсуін қамтамасыз
етеді.
Буындар сүйектің қозғалысын
қамтамасыз етеді. Олар жұқа
шеміршекпен қапталған, сондықтан
олар үйкелісті жеңілдетеді. Әр буын
буын сөмкесіне жұмылған. Осы
қалтаның қабырғалары буын
сұйықтығын бөледі, яғни ол үйкелу
қызметін атқарады. Капсулды байланыс
аппарат және оның бұлшықеттері оны
қатайтып фиксациялайды. Буцындары
қамтамасыз ететін негізгі қозғалыс
бағыттарына: иілу – жиырылу, әкелу -
әкету, айналу және шеңбер жасап
қозғалу.
Адам сүйектері: бас сүйегі, кеуде сүйегі және қол-аяқ
сүйектері деп бөлінеді. Бастың қаңқасы бассүйек деп
аталады, ол күрделі құрылысты болып келеді. Бассүйекте
ми және кей сенсорлы жүйелер: көру, есту, сипап-сезу
жүйелері орналасқан. Физикалық жаттығу жасағанда
контрфорстық маңызы зор, ол тербеліс пен бассүйектің
жүгіру, секіру барысындағы зақымдануына төтеп береді.
Бассүйек кеуде сүйектерімен 2 мойын омыртқа арқылы
байланысқан. Кеуде қаңқасы омыртқа жотасы және
кеуде клеткаларынан тұрады. Омыртқа жотасы 33-34
омыртқадан тұрады және 5 бөлімге бөлінеді: мойын (7
омыртқадан), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5), құйымшақ
(4-5). Омыртқалар бір бірімен омыртқа аралық
дисктермен, буын өскіндерімен, шеміршекпен
байланысқан. Дисктердің қалыңдығы неғұрлым қалың
болса, омыртқалардың иілгіштігі соғұрлым көп болады.
Егер омыртқа жотасының иілген жерлері айқын көрінсе
(скалиоз кезінде) кеуде клеткаларының қозғалысы
төмендейді. Омыртқа жотасын қалыпқа келтіру үшін
жиырылуға арналған жалпы жаттықтырушы жаттығулар
пайдаланылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz