Қара сөздері лексикасы Пушкин мұра




Презентация қосу
Абай Құнанбаев

http://yznaika.com/powerpoint
Мазмұны

Қысқаша Шығармалар
Өмірбаяны Өлеңдері
шолу ы

Абай Абай және Музыкалық
Қара сөздері
лексикасы Пушкин мұра

Абайдың
Абай
Аудармашыл Қазақстан
философиял Қорытынды
ық қызметі тарихында
ық ойлары
алатын орны
Қысқаша шолу
1845 - 1904

Ұлы ақын,
композитор,
философ, саясаткер,
ағартушы, қазақтың
реалистік жаңа
жазба әдебиетінің
негізін қалаушы.
Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер
әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы
алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX
ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданыныңаға
сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта
жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық ,
әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас
Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай
тарихқа енді.

Құнанбай
Қысқаша шолу

Ұлжан Абай әжемен бірге
Өмірбаяны
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей
облысының Шыңғыс
тауларында Қарқаралының аға
сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші
әйелі Ұлжаннан туған.
Өмірбаяны
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын
ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан
Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды.
Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел
болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен:
Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл
туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал
шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол
Айпара балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым...»
Өмірбаяны
Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі
әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп ,
абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-
жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы
Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл
Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл
медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді .
Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп ,
үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз
бетінше жетілдіруге ұмтылады.
Өмірбаяны
Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран,
шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен
танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты
ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші
жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша
түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра
алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы
аяқталады.
Өмірбаяны
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге
шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына
араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай
әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-
сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық
қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік
теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық,
кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын
түсінді.
Өмірбаяны
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Санкт-
Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс
демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық
ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы
тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен ,
демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық
болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы
мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан
үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский ,
Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең
тарбие алды.
Өмірбаяны
1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің
аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне
қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті
сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты
деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен
деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен
1880-1997 ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің
атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін
“жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен
жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3
әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай ,
Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл , Кенже
деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген
жоқ.
Шығармалары
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...»)
бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән»,
екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға»,
«Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында
жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы —
«Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін
ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып ,
сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш
жүйемен өрбиді:

өзге тілдерден,
өз жанынан ғақлия (немесе әсіресе
шығарған төл Абайдың қара орысшадан
өлеңдері сөздері) аударған
өлеңдері
Шығармалары
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой
ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар
портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін
айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің,
қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні
тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің
шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын
«Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады.
Шығармалары
Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық
көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-
пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану
жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын
оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ
өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану
өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың
қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске
кез келсеңіз» деп жазады.
Шығармалары
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген
біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп
саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса
Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық ,
күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық ,
жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа
біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік
қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы
бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес,
сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде
қарастыруға жол ашқан.
Өлеңдері
Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.

Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін.

Ақылға сыймас ол алла,
Тағрипқа тілім қысқа аһ!
Барлығына шүбәсіз,
Неге мәужүт ол қуа.

Ақыл мен хауас барлығын
Білмейдүр, жүрек сезедүр.
Мұтәкәллимин, мантикин
Бекер босқа езедүр
Өлеңдері
Адамның кейбір кездері
Адамның кейбір кездері Қыранша қарап қырымға,
Көңілде алаң басылса; Мұң мен зарды қолға алар.
Тәңірінің берген өнері Кектеніп надан, зұлымға,
Көк бұлыттан ашылса. Шиыршық атар, толғанар.

Сылдырлап өңкей келісім Әділет пен ақылға
Тас бұлақтың суындай, Сынатып көрген-білгенін,
Кірлеген жүрек өз ішін Білдірсе алыс, жақынға
Тұра алмас әсте жуынбай. Солардың сөйле дегенін.

Тәңірінің күні жарқырап, Ызалы жүрек, долы қол,
Ұйқыдан көңіл ашар көз. Улы сыя, ащы тіл
Қуатты ойдан бас құрап, Не жазып кетсе, жайы сол,
Еркеленіп шығар сөз. Жек көрсеңдер, өзің біл.

Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Өлеңдері
Антпенен тарқайды
Антпенен тарқайды, Өсімге қол жайды, Таласып тарқайды
Жиылса кеңеске. Тай алып серкешке. Ақшадан төрт-беске.
Ор қазып байқайды Алмаса ол тайды, Бірлікті шайқайды,
Туа жау емеске. Дап-дайын көрмеске. Араз боп өнбеске.

Анттасып алқайды Кедей би жантайды
Сен тентек демеске. Сауыр мен өркешке.
Кім анттан шалқайды Саумаққа ол байды,
Амал жоқ жемеске. Кеңесер би кешке.

Аз адам шаршайды, Қайғы қып болмайды,
Ебіне көнбеске. Өкпелеп білмеске.
Бас ыңғай қайқайды, Сүйтсе де оңбайды,
Амал жоқ өлмеске. Бұрынғы түсті еске.

Ел састы, аңқайды, Пысықтар шалқайды,
Би тартты егеске. Таласып теңдеске.
Жұрттағы мал жайды Қағысып шонтайды
Ой қылар бермеске. Өзімен жемдеске.
Қара сөздері

Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп
қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып,
жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер
несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп,
алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?»
дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол
саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып,
дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды.
«Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене
аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы,
тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге
жұрттан бөлекше жаратылып па?
Қара сөздері

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар :
әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші —
сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек,
көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол
нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,
көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден
қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау
керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-
күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге
құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі
ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Қара сөздері

Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен
дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып
сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі,
уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт,
махаббат құдайға лайықты дегендігі.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай
білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке
қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден
біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым,
сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім.
Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері
жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие
болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт,
махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол
- ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз,
жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз,
Абай лексикасы
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша
әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі
жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын
мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз
тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық
күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды
Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан
шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе
образ үшін пайдаланады.
Абай лексикасы
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара
сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал , өмірге
келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса
жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының
тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де
(шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), көне
киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ
шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады.
Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы
дегеннің орнына ұлық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына туғры
тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір
мақсатпен қолданады.
Абай лексикасы
Абай лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-
парсы қабатынан әлдеқайда кем болганымен, әрі қарайғы орын тебу
бағыты жағынан басым тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ
қоғамының сол кезеңдегі және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика
күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық
сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін
текжалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби
тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыс тауып пайдаланған
сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты.
Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар,
закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, самаурын,
пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине.
Абай және Пушкин
Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі .
Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас
салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі
бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру.
Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп
қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап,
талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр
Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-
тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын ,
ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай
бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында,
олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.
Абай және Пушкин
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений
Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак
Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің
Татьянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты,"
"Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" -
деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ
тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ
мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ
оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ
оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен"
бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан
қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін
қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде
ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш -
Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді
таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң
ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.
Музыкалық мұра
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра
қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп , кейінгі
ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі
болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба
мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді.
Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты,
ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті . Музыка
саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан , Абай әндерінің
бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға
сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес
орын алғандығында.
Музыкалық мұра
Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы
жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік
алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады ,
болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық
жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық
ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді . Бірақ жаңа,
прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ.
Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл-аймағына,
кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден
нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан , нотаның
жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне
айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған
жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
Аудармашылық қызметі
Абай орыс тілін тамаша меңгерді.
Мұның өзі оның орыс ақыны М.
Лермонтовтың біркатар өлеңін
қазақ тіліне аударуына мүмкіндік
берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю.
Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»),
«Дұға» («Молитва»), «Қанжар»,
«Жолға шықтым бір жым-жырт
түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз
жалау жалтылдап»), «Теректің
сыйы» («Асау Терек долданып,
буырқанып») сияқты өлендерін
аударды. Абай А.С. Пушкиннің
«Евгений Онегин» дастанының
үзінділерін қазақы ұғымда жатық
етіп еркін аударды. Абайдың
Татьяна хатының сөзіне шығарған
«Татьянаның қырдағы әні» қалың
елдің сүйікті әніне айналды.
Аудармашылық қызметі
Абай И.А. Крыловтың мысалдарын
қазақ тіліне аударумен де
айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық
қозғалысының көрнекті жетекшісі
Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз
даласындағы әртүрлі уездерде
болған кезінде ондағы ақындардың
Пушкин мен Лермонтовтың Абай
аударған өлеңдерін жақсы
білетініне, оларды домбырада әнге
қосып айтатынына көз жеткізіп
қайтқанын жазады.Орыс тілінен
Абай аударған шығармалар қазақ
әдебиетін байыта түсті. Абай
орыстың ұлы акындарының 50-ден
астам өлеңін қазақ тіліне аударды.
Философиялық ойлары
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың
заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап , өзін мазалаған
сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің
түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады,
ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының
басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де
толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде,
пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол
мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі
байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Философиялық ойлары
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай . Жетілу
дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып
өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым -білім , өнерге
үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып ,
бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды
жетілдіру деп көрсетеді.
Философиялық ойлары
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін
көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай
деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні
терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды
болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып , оның келешектің
жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Философиялық ойлары
Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық
ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш
қайнардан нәр алды:

қазақтың ауыз әдебиеті
мен өткен замандардағы
жазба ескерткіштерінен
сусындаған алдыңғы
қатарлы халықтық
дәстүр;

орыстың материалистік
ежелгі және орта философиясы мен
ғасырдағы Шығыс демократиялық
ойшылдарының таңдаулы мәдениеті , сол арқылы
шығармалары; дүниежүзілік (ең алдымен
Батыс Европаның)
философиялық ойдың
жетістіктері.
Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

Абайдың өз өлеңдері мен қара
сөзбен жазылған ғибраттарында
қазақ қоғамы өмірінің барлық
жақтарын ашып көрсетті. Одан
ақыл-кеңес сұраған дала
тұрғындары ағылып келіп жатты.
Атап айтқанда, оған Баянауыл
өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі
ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп
тұрды. Абаймен Семейге саяси жер
аударылып келгендер де санасатын.
Міне, мұның бәрі патша үкіметі
шенеуніктері мен олардың
жергілікті кейбір итаршыларының
тарапынан қызғаныш пен көре
алмаушылық, тіпті саяси күдік
туғызды. Ақынның үстінен өсек айту
мен жала жабу әрекеттерін
күшейтті. Патша үкіметінің
әкімшілігі Абайдың соңына шам
алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903
Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

Жақын туыстары мен балаларының
бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы,
оның үстіне ізіне түсіп қудалауға
душар болуы ақынның
денсаулығына әсер етті. Абай 1891
жылы өзінің ең жақсы көретін інісі
Оспаннан айырылды. 1895 жылы
үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс
болды. 1904 жылғы көктемде оның
тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті.
Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса
ауыр тиді. Мағауияның өлімінен
кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де
қайтыс болды.
Ақын өзінің талантты шәкірттерін
тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар
шәкірттері Шәкәрім, Көкбай,
Ақылбай, Кәкітай және Мағауия
болды.
Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

Абай отандық тарихымыз бен
әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.
Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің
негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі
халықтары әдебиетінде Шекспир,
Пушкин, Гётелермен қатар тұрады.
Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір
халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың
рухани қазынасы саналады. Қазақстанда
ұлы Абайдың есімі көптеген елді
мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық
университетіне, Алматы қаласындағы
Мемлекеттік академиялық опера және
балет театрына берілген. Ұлы ақынның
құрметіне Қазақстан мен Ресейде
ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның
жоғары оқу орындарында Абай
шығармашылығына арналған
халықаралық және республикалық
ғылыми конференциялар жыл сайын
өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150
Қорытынды

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние,
табиғат, болмыс сыры, олардың
заңдылықтары көп ойландырған, ол
дүние сырына бойлап, өзін мазалаған
сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен
осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні
неде? Барлық адам баласы, жан-
жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды,
қорғанады, артына ұрпақ қалдырады.
Сонда адам баласының басқа жан
иелерінен айырмашылығы неде? Міне,
Абай әркімді де толғандыратын терең
сырлы сұрақтарға жауап іздейді.
Әдебиет

Сайттар:
https://kk.wikibooks.org
http://ru.wikipedia.org
http://yznaika.com
http://www.kunanbaev.kz

ҚАЙТАЛАУ АЯҚТАУ

Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбайұлы
Абай тарихқа енді
Бес нәрседен қашық бол
Қара сөздері
Ілияс Жансүгіров шығармаларының лексикасы
Қожа Ахмет Яссау өмірбаяны
Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы аудару ерекшеліктері
Қара сөз - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы
Аймауытов ауылы
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері
Пәндер