Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар


Slide 1

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТТЕР

Slide 2

Темпераментті анықтау тесті

Аты - жөні : тобы

Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.

А) Мазасыз, күйгелексіз

Б Көңілді, ақжарқынсыз.

В Сабырлы, байсалдысыз.

Г Ұйалшақ, қысылып- қымтырыласыз.

А Ұстамсыз, қызбасыз

Б Белсенді іс те ширақсыз.

В Ретті, нақтысыз

. Г Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.

3 АШыдамдысыз.

Б Бастаған істі аяқсыз қалдырасыз.

В Сақ, парасаттысыз.

Г Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады

4. А Қарым - қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.

Б өзіңізді асыра бағалайсыз.

В Шыдамсыз.

Г Өз күшіңізге сенбейсіз.

5 А. Батыл, белсендісіз

Б Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.

В Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз

Г Жалғыздықты ұнатасыз.

6 . а Бірбеткейсіз.

Б Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.

В Аспай- саспай бір қалыпты сөйлейсіз.

Г Сәтсіз жағдайларда үнжорғаңыз түсіп, сасасыз.

7 . а Дау - дамайда тапқырсыз

Б Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз

В Ұстамды, шыдамдысыз

Г Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.

8. А Тәуекелге бейімсіз.

Б Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз.

В Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз.

Г Тез шаршап қаласыз.

9. АІске анда - санда ғана араласасыз.

Б Кез келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз

В Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз.

Г Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қалады

10. А. Қайтымы жылдам, секемшілсіз.

Б Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.

В Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.

Г Еріксіз әңгімелесушінің мінез- құқымен үйренесіз.

11 . А Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.

Б Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз

В Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.

Г Істе шапшаңдық танытпайсыз

Slide 3

Темпераментті анықтау тестінің кілті. Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі. А - Холерик - ыстыққанды. Б- Сангвинвк, жеңілқанды. В Флегматик - Суыққанды. Г - Меланхолик, ауырқанды.

Меланхолик - Эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Мәнерсіз ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көөрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп арласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе толық аяқтап шығады.

Флегматик- Эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр қимылдайды. Сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды сөйлейді, кісімен араласып жақындасуыда мардымсыз, іске ырғалып - жырғалып барып кіріседі. Іс әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.

Холерик -Эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп - сәтте қызып кетіп, күйіп піседі. Ашуланса бұрқ - сарқ етіп қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасын да терең із қалдырады, қимыл - қозғалысы шапшаң.

Сангвинвк -Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл күйі әп - сәтте өзгереді. Ол әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, желігінің басылуы да оңай. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді. Қозғалғыш, еті тірі, сергек. Сезім күйлері сыртқы қимылдары көрініп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп, ақжарқын ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас байланысында үстірттік болады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын барысында ролін өзгертіп отырады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе жылап жібереді, алайда ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кетпей - ақ күле бастайды.

Жоғарыда аталып айтылғандай таза темперамент типтері өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарға бір типтің сипаттары басқа типтердің сипаттарына қосылып араласып жүреді. Мәәселен холерикте меланхолик пен флегматиктің сипаттары аралас келуі мүмкін. Аралас типке холерик сангвиник сипаты көп көрінсе сангвиник дейміз.

Slide 4

Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».

2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2». 3.

3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстінде жатыр?

Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2». 4.

4. Көлденең шапалақтаңыз.

Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

Slide 5

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз: «» - (жүз пайыз оңақай) - мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады. «2221» - ең үлкен кемшілігі - батылсыздық, тартыншақтық. «2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді. «2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек. «2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ. «2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды. «2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады. «1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар. «1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады. «1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал. «1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді. «1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар. «» - (жүзпайыз солақай) - кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес. «1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді. «1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды. «2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.

Slide 6

Сіз қандай адамсыз? (психологиялық тест

«СІЗ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ?» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТІ

Сурет арқылы адамды тану. Әрине, өзіңіздің қандай адам екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұған күмәнім жоқ. Дегенмен, психологиялық тест арқылы тексеріп көрейікші, сурет сіз туралы «айта» ала ма екен? Адамның басы бейнеленген сюжетті суретке бір секунд қараңыз да, көзіңізді жұмып, не көргеніңізді еске түсіріңіз. Иә, ең бірінші ненің суреті көзіңізге түсті, мына суреттен не көрдіңіз?

Slide 7

КЕМЕ

Көзіңіз бірінші кемеге немесе адамның басындағы шашқа түссе, бұл сіздің бала секілді аңғалдығыңызды, көңілшектігіңізді және өте сенгіш, арманшыл адам екеніңізді білдіреді. Көңіліңіз таза, пейіліңіз ақ. Тез қуанып, тез ренжисіз. Берілген тапсырманы бұлжытпай орындайды, уақытында айтқан жерге кешікпей барады. Бірақ, мұндайлардың қолынан басқарушылық, өз кәсібін ашу, жүргізу, келіссөз жасау келе бермейді. Алайда, шығармашылық жолын таңдасаңыз, ісіңіз жемісті болады. Кемшілігіңіз - туындаған мәселенің түбіне бойламау, істің соңы неге алып баратынын бағамдап жатпай-ақ асығыс кірісу. Кішкентай бала не нәрсенің де тек бергі жағын ғана көреді, тым келте ойлайды. Сіз де дәл сондайсыз.

КЕҢЕС: Есею керек сізге. Кемеде отыра бермей, теңізге түсіп көруден қорықпаңыз. Алға қара ұмтылыс болса барлығы да қолыңыздан келеді.

ТЕҢІЗ

Теңізді немесе адамның жүзіндегі мүшелердің (мұрын, көз, қас, ауыз, құлақ, ерін) бірін көрдіңіз бе? Бұл сіздегі салмақтылық, сабырлылық, мейірімділік, ақылдылық секілді қасиеттерден хабар береді. Сіздің басты ұстанымыңыз - тыныштық. Сондықтан да, шулы, думанды ортадан гөрі отбасында демалғанды ұнатасыз. Дау-дамайдан қашасыз. Оған да, бұған да «мақұл» деп, «Алтын орталықты» сақтағыңыз келетін шығар, бірақ бұл үнемі мүмкін емес. КЕҢЕС: Мейірімділік пен көнбістікті, көмек пен аяушылықты, сезім мен ақылды ажырата біліңіз. Не нәрсенің де анық-қанығын білмей жатып «Иә» деуден аулақ болыңыз.

Slide 8

ӘРІПТЕР

Ағылшын тіліндегі мәтінді, әріптерді көрсеңіз, онда өте зейінді жансыз. Жылдам шешім қабылдау, дер кезінде әрекет жасау, мүмкіндікті мүлт жібермеу - сіздің артықшылығыңыз. Осылар сізді «жолы болғыш» атандырып жүр. Сіз үшін кез келген мәселеден жол тауып шығу қиын емес. Сізді алдау, арбау, пікіріңізден айныту қиын. Өйткені, ойланып қадам басып, өлшеп кесесіз. Мұндай адамдар өткен шақтағы өкініштерін ойлап бір орында омалып отыра бермейді. Сондай-ақ, болашақтағы бақытты сәттерін елестетіп, қиялға мас боп та жата бермейді. Олар дәл осы шақта өмір сүретіндер. Содан болса керек, олардың жетер жетістігі де, жеңісті істері де көп болады. Бұндай адамдар қаржылық тәуелсіздікке оңай жете алады. Қырағы, сақ адам екеніңізді де ерекше атауға болады.

КЕҢЕС: Сіз су астындағы лайды да, судан аспанды да және өз бейнеңізді де көруді үйренсеңіз, кілтсіз-ақ небір құлыптарды ашатын боласыз. Осы шақ өткен шақтың «баласы», ал келер шақ бүгіннің «баласы» екенін ұмытпаңыз.

БАС


Ұқсас жұмыстар
Мінез туралы түсінік
Типтік мінез бітістері
1112 - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар
Мінездің тереңдігі
Металдардың адам өміріне әсері
Ерік туралы теориялаР
Бастан күн мен ыстық өткендегі алғашқы көмек
Менің мінезімнің күшті және әлсіз жақтары
Сауат ашу пәнінің мақсаты мен міндеттері
Болашақ шетел тілі пəні мұғалімдерінің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz