Аудиторлық дәлелдеулер алу кезеңдері


Slide 1

Аудиторлық дәлелдеулер және аудиттегі талдау тәсілдері.

Орындаған: Бархитова Ж.

Маратов Н.

Уалиханов Н.

Жалғас Н.

Кадыркешева М.

Slide 2

Жоспар

Аудиторлық дәлелдемелер түрі.

Аудиторлық дәлелдерді алу кездері.

Аудиторлық дәлелдерді жинау кезеңдері.

Slide 3

Тексеру жүргізгенге дейін, тексеру процессінде сондай-ақ, оның аяқталу кезеңінде аудитордың жинаған және дайындаған мәліметтері өткізілген аудиторлық тексерудің куәлігі (дәлелі) болып табылады. Бұл мәліметтердің бңр бөлігі - аудиторлық дәлелдеулер ретінде қарастырылатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.

Аудиторлық дәлелдеулер туралы жалпы түсінік

Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз - аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудиторлың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудтторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.

Slide 4

Аудитор тексерілген қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлелдеу үшін өзінің жинаған дәлелдерінің жеткілікті екендігіне сенімді болуға тиісті. 200 “Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші жалпы принциптер” деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес аудит қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалағандықтың (қателіктің) жоқ екендігіне қатысты саналы сенімділікті қамтамасыз етуге арналған. Саналы сенімділік дегеніміз - бұл, жалпы ұаржылық қорытынды есепте елеулі қателердің (бұрмалаушылықтардың) жоқ екендігі жөнінде жоғары бірақ абсолюттік емес сенімділікті алу үшін қажетті дәлелдеулерді жинақтауға қатысты түсінік. Барлық қолдағы бар дәлелдеулерге егжей-тегжейлі талдау жасап, оларды бағалау аудиттің құнын көтеруі мүмкін болғандықтан, бұл мәселе бойынша айқындық қажет. Ол үшін аудиторға өзіне қандай дәлелдеулер алу қажет екендігін, оларды қандай көздерден және қандай процедуралардың көмегімен алатындығын анықтап алу керек. Ол әділ және негізгі аудиторлық қорытынды жасау үшін жиналған дәлелдердің жеткілікті әрі сапаға сәйкес келетіндігіне сенімді болуға тиісті. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оларды алу көздеріне байланысты. Дәлелдеулер алудың негізгі көзі клиент әкімшілігінен, үшінші жақтан алынған, сонымен бірге аудитор өзі алған мәліметтер болуы мүмкін.

Slide 5

Бастапқы құжаттар, статистикалық қорытынды есеп, жарғылық құжаттар, қаржылық қорытынды есеп, есеп регистрлері;

Талдау нәтижелері, ауызша сұхбат, салыстырулар, түгелдеу нәтижелері, басшылыққа жолдау жіберу.

Клиент әкімшілігі дайындаған мәліметтерге төмендегі ақпарат көздерін жатқызуға болады:

Slide 6

Аудиторлық дәлелдеулер алу кезеңдері

МАҚСАТТЫҢ ТАҢДАЛУЫ

ДӘЛЕЛДЕУЛЕР ЖИНАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ

ДӘЛЕЛДЕУЛЕРДІ БАҒАЛАУ

Slide 7

АУДИТОРЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР ДЕП -аудит -өткізу кезінде дәлелдеулер жинау әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитордың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықтан, дәлелдеулер алу үшін қандай да бір процедураларды қолданбас бұрын, мақсатты айқындап оны негіздеу қажет. Мысалы, дайындап тапсырылған қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы мен әділеттілігін бағалау емес, жасалынған келісімнің тиімділігін анықтау талап етіледі. Бұл маГлобалды (күрделі) мақсаттарда болуы мүмкін: меншіктің сақталуын анықтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; жалпы өндірістің де, жекелеген өнімдердің де рентабельділігін бағалау; кәсіпорынның төлей алу қабілетін ағымдағы мерзімге ғана анықтап қоймай, келешекке де болжам жасау және т. б.

Slide 8

Аудиторлық процедуралар арқылы аудиторлық дәлелдеулер алу процессі

Аудиторлық процедуралардың көмегімен дәлелдеулер алу

Ішкі бақылау жүйесінің жұмысы жөнінде дәлелдеулер алу процедуралары

Бақылау тестілері

Тікелей обьектіге байланысты тексеру жүргізу тестілері: аналитикалық процедуралар, шаруашылық операцияларын және шоттардың қалдықтарын (сальдо тестілеу)

Жеткіліктіліктің (толықтықтың) және хабардарлықтың нақты барына баға беру

Пікір білдіруден бас тарту немесе ескертулерімен айтылған пікір

Пікір білдіру үшін саналы негіз (дұрыс)

Ескертусіз айтылған пікір, ескертулерімен айтылған пікір немесе теріс пікір

Slide 9

Тікелей обьектіге қатысты тестілер екіге бөлінеді:

Егжей-тегжейлі тестілер (яғни, жекелеген операцияларды және жиынтығы қаржылық қорытынды есепті құрайтын шоттар бойынша қалдықтарды тексеру) ;

Аналитикалық (талдамалық) қарастыру процедуралары.

Тікелей обьектіге қатысты егжей-тегжейлі тестілеуді аудитор операциялардың нәтижесі бойынша іріктелген жиынтықты құрау және мүмкіндігінше бірнеше ақпарат көздерінен алынған дәлелдеулердің көмегімен оларды бағалау жолымен жүзеге асырады.

Тікелей обьектіге қатысты егжей-тегжейлі тестілерден талап етілетін дәлелдеулердің сапасы аудиттің алғашқы (ертерек) сатыларында қол жеткізілген сенімділіктің деңгейіне байланысты.

Талдамалық (аналитикалық) процедуралар. 520-шы Халықаралық аудит стандартына сәйкес талдамалық процедуралар - маңызды коэффициенттерді және тенденцияларды, олардан туындайтын басқа релеванттық ақпараттармен дәйекті (бірізді) емес немесе жобаланған соммадан өзгеше өзгерістер мен өзара байланыстарды зерттеулермен қоса алып талдауды білдіреді.

Талдамалық процедураларды қолданудағы негізгі мақсат - болашақ тәуекелділікті (қауіпті) анықтауға мүмкіндік беретін ерекше фактілердің және шаруашылық қызметтің нәтижелерінің нақты барын анықтау болып табылады. Олар бухгалтерлік жазуларды талдауды қарастырады.

Slide 10

Талдамалық процедураларды аудит өткізудің барлық кезеңдерінде (сатыларында) орындау керек:

Аудит жүргізудің бас кезеңінде қандай операцияларды толығырақ зерттеу керектігі жөнінде шешім қабылдау үшін;

Тікелей аудит жүргізу кезінде, яғни аудитор талдамалық процедураларды басқа аудиторлық процедуралармен (ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу, шаруашылық операцияларын тікелей обьектіге қатысты тексеру және т. б. ) байланыстыра отырып орындаған кезде. Бұл бухгалтерлік қорытынды есептегі ерекше ауытқуларды зерттеу кезінде өте тиімді;

Аудитті аяқтау кезеңінде талдамалық процедуралар қорытынды есептегі маңызды бұрмалаушылықтың барын немесе басқа қаржы-басқару мәселелерін соңғы тексеру рөлін атқарады.

Slide 11

Талдамалық қарастыру процедураларының маңызы төмендегілермен айқындалады:

қаржылық мәліметтердің арасындағы немесе қаржылық және қаржылық емес ақпараттардың арасындағы өзара байланысты талдаумен;

мәліметтердің элементтері арасындағы белгілі немесе болады деп күтілетін өзара байланыстарды талдау арқылы алынған өткен кезеңдердің мәліметтерін нақты мәліметтермен салыстырумен ;

соңғы кезеңнің ақпараттарын соған сәйкес ертерек кезеңде ертерек кезеңде алынған ақпараттармен, бірдей кәсіпорындардың мәліметтерімен және сала бойынша орташа мәліметтермен салыстырумен;

талдау және салыстыру жасау процессінде табылған күтпеген ауытқуларды зерттеумен;

сол ауытқулар бойынша түсініктемелер алу және оларды негіздеумен;

жүргізілген талдаудың, салыстырудың және зерттеудің нәтижелерін қаржылық қорытынды есептің нәтижелері бойынша аудитордың пікірін қалыптастыру үшін негіз ретінде алынған дәлелдеу тұрғысынан баға берумен.

Slide 12

Талдамалық (аналитикалық) процедураларды қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізу процессінде қолдану:

жекелеген шоттар немесе шоттар тобының дұрыстығына дәлел болады;


Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық
АУДИТОРЛЫҚ ДӘЛЕЛДЕУЛЕР
АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
Алдын-ала жоспарлау. Аудиттің жалпы жоспары, бағдарламасы. ХАС-300 “Жоспарлау”
Аудит
Аудиттің түрлері
Аудит қызметінің негізгі принциптері
Аудиторлық дәлелдемелер
Аудитті жургізудің сатылары
Халықаралық Аудиторлық Компания «Russell Bedford BC Partners» ЖШСХалықаралық Консалтингтік Фирма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz