Қамырды дайындау



Нан пісіру өндірісі
Орындаған: Кадыркешева Мадина
Қоңырат Айдын
Тобы: МН-31

Өндірістің жалпы технологиялық сызбасы
1. Əртүрлі сұрыпталымдағы нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық үлгісі мынадай кезеңдерден тұрады:
негізгі және қосымша шикізатты өндіріске қабылдау, сақтау және дайындау;
жартылай фабрикаттарды дайындау; қамырды бөлу және толықсыту;
өнімдерді пісіру; өнімді суыту, қаптау және сақтау.
Нан-тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық үдерісінің құрылымдық сызбасы келесі суретте көрсетілген, массасы 0, 5 кг болатын жоғары сұрыпты бидай ұнынан ашыту арқылы жасалған қамырдан бөлшек-нанды дайындаудың технологиялық сызбасы секілді жеті сатыдан тұрады.

Нан өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы

1. Ашытқы қамыр - ұннан, судан және ашытқыны аралас- тырып, ашыту арқылы жасалған жартылай фабрикат. Дайын ашытқы қамырды дайындауға түгелімен пайдаланылады.
2. Қамыр - ашытқы қамыр, ұн, су және қосымша шикізаттарды рецептуралар мен технологиялық тәртіпке сәйкес араластыра отырып алынған нан пісіру өндірісінің жартылай фабрикаты.

Шикізатты қабылдау және сақтау

1 кезең - шикізатты қабылдау және сақтау.
Шикізат нан пісіру кәсіпорындарына ыдысқа салынып және ыдыссыз жеткізіледі. Сондықтан нан зауыттары әртүрлі типтегі қоймалармен жабдықталады. Ұн өндіріске арнайы автоұнтасушы көлікпен (ыдыссыз тәсіл) немесе қаппен (ыдысты тәсіл) жеткізіледі. Ұнды ыдыссыз сақтау қоймасы (ЫСҚ) ұнды 6 . . . 7 күндік сақтауға арналған. ЫСҚ қоймаларында көп дегенде 8 бункер орналастырылады, оның бірі - қосалқы болып саналады. Бун- керлердің сыйымдылығы - 14, 63 тонна. Ұн бункерлерге автоұнтасушы көліктің цистернасынан құбыр желісі арқылы тығыздалған ауаның - аэрзольтранспорт немесе пневмотранспорттың көмегімен толтырылады. Ұнды ыдыссыз жеткізу мен сақтау тиеу-түсіру жұмыстарын механи- зациялауға, қойманың санитарлы жағдайын жақсартуға, ұнды ысырап етуді 2, 3 есеге төмендетуге мүмкіндік береді. Ұнды ыдыста сақтау қоймаларында (ЫСҚ) ұн қаптары биіктігі еденнен 15 см ағаштан жасалған стеллаждарға орналастырылады. Қаптар биіктігіне қарай 10 . . . 12 қатар болып қойылады. Кертік батондарды өндіру барысында ұннан басқа жылдам бұзылатын азық-түліктер де қолданылады (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, майлар, жұмыртқа) . Оларды сақтау үшін нан зауыттарында мұздатқыш камералар қойылады.

Шикізатты өндіріске дайындау

ІІ-кезең - шикізатты өндіріске дайындау
Яғни араластыру, еріту, тортасын айыру, сүзу және басқа да операциялар жүргізу. Бұл санитарлық қалпын және технологиялық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Шикізаттың ластануы мен оған бөтмен заттардың түсіп кетуінің алдын алу үшін мына талаптарды қатаң сақтау керек: шикізат арнайы оқшау бөлмеде ыдысынан босатылады; сусымалы өнімдер шаң мен ластан шөткемен тазартылады; қаптың аузы мұқият сөгіледі; жіптің қалдықтарын арнайы жинағышқа салады; барлық сусымалы өнімдер сүзіліп, магниттер арқылы металл қоспалардан тазартылады; шикізат салынған жәшіктер мен бөшкелер жаңасы, шегелері мен сымдары шикізатқа түсіп кетпейтіндей мұқият ашылады; ашар алдында банка мен бөтелкелерді мұқият сүртеді немесе сумен жуады. Бункерлер мен қаптардан шыққан ұн бөтен және металл қоспалардан тазартылып, содан кейін автоматты таразыларда өлшеніп, өндірістік бункерлерге жіберіледі. Одан ары қамыр илейтін машиналарда орналасқан дозаторларға кеп түседі. Ұнды транспорттау иірмектер және нориялардың немесе пневмо- және аэрозольстранспорттар көмегімен жүзеге асырылады.

Баспаланған ашытқы суспензия алу үшін суда ерітіледі. Тұз бен қант құрғақ күйінде қолданылады, кейде сүзгіден өтіп, металл қоспаларынан тазартылады. Майлар май ерітетін қондырғыларда ерітіліп, сүзгіленеді. Сұйық түріндегі шикізаттар құбыр желілері арқылы шығындық бөшкелерге сорғымен қотарылады. Одан ары технологиялық үдерістер арқылы жартылай фабрикаттарды илеу үшін мөлшерлегіш қондырғыларға кеп түседі. Нан зауыттарында бидай және қарабидай ұнынан қамыр дайындаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады. Əдетте, ашыту тәсілі жиі қолданылады.

ІІІ-кезең - ашытқы қамырды дайындау.
Бұл үшін ұн, су, ашытқы мөл- шерленіп алынып, қамыр илейтін машинаға салынады. Машина ашытқы қамырды илейді. Əбден тленген ашытқы қамыр ашуы үшін біршама уақытқа қойылады.

IV -кезең - қамырды дайындау үшін әртүрлі қондырғылары бар қамыр илеу машиналары қолданылады.
Бұл машиналар белгілі бір өнімнің ассортиментіне қажетті рецептурада көрсетілген әртүрлі компоненттерден біртекті масса алуға арналған. Қамырды илеу ұзақтығы ұнның нан пісіру қасиеттеріне, дайындау технологиясы мен қамыр илеу машинасының маркасына тікелей байланысты. Қамыр иленгеннен кейін ашытылады. Ашитын жартылай фабрикаттарда спирттік және сүтті-қышқылдық ашу, қопсу процестері жүзеге асады. Қамырдың құрамы мен қасиеттерін жақсарту үшін ашыту барысында қамырдың иінін қандыру керек. Иінін қандыру - қамырды 30 . . . 40 минут сайын 1 . . . 2 минут бойы қайта-қайта илеу. Ашытқы қамырдың ашу ұзақтығы - 3 . . . 5 сағат арасында, қамырдың ашу ұзақтығы - 1 . . . 1, 5 сағат. Қамырдың ашығанын органлептикалық көрсеткіштеріне (көлемінің ұл- ғаюы, дөңестелуі, торлануы, спиртті иістің шығуы) және қышқылдығына қарай анықталады. Қамырдың қышқылдығы - 0, 5 градус болуы шарт. Яғни дайын өнімнің жұмсақ бөлігінің қышқылдығынан жоғары болуы керек. Қышқылдық градусы - қышқылды нейтрализациялауға түскен бір нормалы NaON ерітіндісінің саны, 100 г өнімнің құрамында болады. Ашыған қамыр бөлшектеуге түседі.

Қамырды бөлшектеу

V -кезең - қамырды бөлшектеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz