Гиппократ анты
Презентация қосу
Тақырыбы:Мейірбике ісінің мағынасы.Мейіргердің қоғамдағы рөлі
Дайындаған:
Тексерген:
Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1)Мейірбике ісінің мағынасы
2)Этика дегеніміз
3) «Гиппократ анты»
4) «Деонтология»
5) «Ақ халатты абзал жандар»
Қорытынды
Қосымша әдебиеттер
■ Мейірбикенің қоғамдағы рөлін сипаттамас бұрын осы
салаға қатысты терминдерге тоқталатын болсақ:
■ «Денсаулық-жеке тұлғаның қоршаған ортамен
бейімделу арқылы жеткен үйлесімі
■ Мейірбикелік іс-қоршаған ортаның өзгеруіне
байланысты адам денсаулығының потенциалды немесе
бойында бар проблемаларын шешуге бағытталған
ғылым мен өнер.
■ Адам– өзін–өзі тәртіпке салатын динамикалық
биологиялық біртұтас жүйе,физиологиялық ,
психологиялық–әлеуметтік және рухани
қажеттіліктердің қанағаттандырылуымен оның
өсіп дамуы , қоршаған ортамен қосылуы
анықталады.
■ Мейірбике- мейірбике іс философиясымен
бөлісетін,медбикелік іске құқығы,кәсіби білімі
бар маман.
■ Қоршаған орта– адамның белсенді әрекетіне
шалдығатын табиғи, әлеуметтік,
психологиялық және рухани факторлар мен
көрсеткіштердің қосындысы.
■ Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне
жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып
саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім
қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық
және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей
қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен
емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру
үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын
жалғыз және басқа да денсаулық сақтау
саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара
береді.
■ Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз
тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған
байланысты іс атқару барысында келесі
принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау,
жақсылық жасау, қызмет істей білу және
мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен
бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық
сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни
сенімдерін шектемейді.
■ «Мейірбике ісі ежелден келе жатқан мамандық.І Петр заманында Ресейде бірінші рет госпитальдерде,
лазареттерде әйелдер еңбек етті. Бірінші қайырымды мейірбикелер халықтан шыққан. Олар өздерінің
қалауынша науқастарға, жарақаттарға «күтім» жасауды ұйғарған.
■ Медицина ғылымының өсіп –өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина
мейірбикелерінің рөлі артып келеді.Мейірбике мамандығының пайда болуы ағылшын қызы Флоренс
Найтингельге байланысты.1860 жылдың 24 маусымы — мейірбике ісі тарихындағы атақты күн. Бұл күні
Лондонда Қасиетті Томас госпиталінде Флоренс Найтингейльдің басшылығымен қайырымдылық мектебі
ашылды.Осы мектепті бітіруші қыздар мен әйелдер тиянақты түрде ғылыми дайындықтан өтіп шығатын.
Флоренс Найтингейль қоғам алдында ең бірінші болып мейірбике жұмысының мерейін көтерді.Ол
ауруларды күтуге арнайы дайындық керек екенін жұртшылыққа дәлелдеп берді.Флоренс адам өмірін
сақтап қалуда қайырымдылық мейірбикесі шешуші рөлді жиі атқаратынына көз жеткізді.Сол кезден бастап
мейірбике ісінің негізі қаланды.XIX ғасырдан бастау алған мейірбике ісі қазіргі заманға дейін қаншалықты
дамығаны,сол уақыт ішінде қоғамнан алынған орыны,өзінің кезеңдерін қалыптастыруы мейірбике ісінің
қарқынмен дамығанына дәлел.Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың
өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың
туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте.
■ Сондықтан-да, медицина қызметкерлерінің
арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер
жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби
шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық,
науқастың бойындағы физикалық,
психологиялық өзгерістерді көретін,
байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн.
Олар ұстамды,өзінің сезімталдық берілгіштігін
басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта
тәрбиеленген жандар болуы тиіс.Оның ішінде
әлбетте мәдинеттілікті сақтауға баса мән
беріледі. Бұл бағытқа тоқталар болсақ, медицина
қызметкерлерінің мәдени тәртіптілігін екі түрге
бөлуге болады.
■ Егер 1979 жылы медициналық бикенің анықтамасы «орта медициналық білімі бар дәрігердің басмшылығымен жұмыс
істейтін және оның жұмысына көмек көрсететін маман»болатын болса ,қазіргі моделі «медициналық бике –
мейірбикелік іс философиясын кәсіби жағынан түсініп ,өз тәжірибесіне оңтайлы қолдана білетін жеке тұлға»
Мейірбикелік іс-әрекеттің төрт деңгейлі үзілді –кесілді анықталды:
■ денсаулықты нығайту;
■ жарақат пен аурудың алдын алу;
■ жойылған функцияларды қалпына келтіру;
■ азап шегуді жеңілдету;
■ Медициналық бике мына рөлдерді атқарады:
■ емделушінің күтімін ұйымдастырушы;
■ емделушінің күтімін орындаушы;
■ емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат);
■ педагог(консультант);
■ зерттеуші;
■ лидер(көшбасшы);
■ медициналық бригаданың белсенді мүшесі»
■ «Этика дегеніміз –ұнамдылық және мораль туралы ғылым.Медициналық этика — бұл
ұнамдылықтың маңыздылығы медицина қызметкерінің іс-әрекеттеріндегі,олардың
науқасқа жоғары адамгершілік қатынасы туралы ғылымның бір бөлігі.
■ Медициналық этика ондаған жүзжылдықтар бойы бар.Біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл
бұрын болған.Ежелгі Үндістанда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант
берген.Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық
елдерде қабылдайтын анттардың бірі – «Гиппократ анты»,ол 2400 жыл бойы әйгілі.
■ Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері:моральдық принцип бойынша іс-әрекет
жасау, ауруға қамқорлықпен қарау,әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық
көмек көрсетуге дайын,жоғары адамгершілікті кәсіптің салт–дәстүрлерін
көбейтіп,сақтау керек-бұл медициналық этиканың мәселелері. Мейірбике ісінің этикасы
дегеніміз — медицина мейірбикелерінің кәсіби әдептілігі. Кәсіби әдептіліктің бір түрі
ретінде мейірбике ісінің әдептілігі әрбір медицина мейірбикесінің кәсіби шеберлігінің
қалыптасуында,оның кәсіби сауатты және жауапты шешімдерді қабылдауында маңызды
рөл атқарады.»
■ «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн
айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жап-қан адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол
қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі
науқасқа ерекше көңіл аудару — ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек.
■ Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану — «Ақ халатты абзал жандар» деп
атанған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет.
■ Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы
ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі
кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.
■ Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.
■ «Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық
жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр
түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты.
Дәрігердің мамандығы – ерлік. Медициналық этика ондаған жүзжылдықтар бойы бар. Біздің
дәуірге дейін 1500 жыл бұрын. Ежелгі Индияда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант берген.
Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні әртүрлі дүниежүзілік елдерде
қабылдайтын анттардың бірі – «Гиппократ анты», 2400 жыл әйгілі.
■«Гиппократ анты» — негізгі медициналық этиканың ережелер
кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге
дейін өзекті болып қалғаны былай деп үнделеді:
• «Non nocere» («Қауіп келтірме»). Әрбір ем, барлық іс-әрекеттер,
дәрігердің ұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып,
оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.
• Ең жоғарғы байлық – адам өмірі;
• Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға
жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек;
• Дәрігер кәсіби тактикасын сақтауға, өзінің мамандығын сыйлауға
тиіс;
• Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері: біздің моральдік
принципі бойынша іс-әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау,
әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық көмек
көрсетуге дайын, жоғары гуманды кәсіптің салт-дәстүрлерін
көбейтіп, сақтау керек – осы медициналық этиканың мәселелері;
■ Науқасқа толық сезімталдықпен қарап, оның жағдайын түсінген кезде, ол мен cіздің араңыздағы нағыз
қарым-қатынас болуы мүмкін, бұл емдік нәтижеге өте қажет!
■ Негізгі этикалық категорияларға мына түсініктер жатады: «борыш», «абырой», «ұят», «атақ», «бақыт».
■ Кәсіби және қоғамдық қарым-қатынастар процесінде пайда болған, өз міндеттерін орындау кезіндегі
кәсіби және қоғамдық міндеттердің анықталған шеңбері міндет ұғымы білдіреді.» /9/
■ Әсіресе, медицина қызметкерінің борышы туралы айту керек. Еш уақытта адамның физикалық,
психикалық денсаулығына қарсы немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайда қандай ұсыныс болса да, іс-
әрекеттерге қатыспау керек.
■ Дәрігерлік этиканың басты проблемаларына медициналық деонтология жатады, медицина
қызметкерінің тәртіптік принциптерін оқып зерттейтін, сонымен қатар емдеу нәтижесінің жоғары
сапада болуына бағытталған медициналық іс-әрекеттердің қателерін болдырмау, себебі олар науқасқа
қолайсыз әсер туғызады. Медициналық деонтология ұғымына дәрігер мен емделушінің арасында
емдеу процесінде анықталған өзара қатынас жүйелері де кіреді.
■ «Деонтология» термині XVX ғасырдың басында ағылшын философы Бентаммен адамның
кәсіби тәртібі туралы ғылымды белгілеу үшін енгізілген.
■ «Үлкен медициналық энциклопедияда» медициналық деонтологияға толық анықтама берілген,
онда «сапасыз медициналық жұмыстың нәтижесінен болатын қауіпті жағдайларды жою».
■ Медицина қызметкері өзіндік практикаға кірерде дәрігермен құпияны сақтауға келісім береді.
Өткен уақыттардағы көптеген медициналық еңбектерде кәсіби құпиялардың сақтауының
керектігі көрсетілген. Римде медицинаны үндеместің өнері деп атаған.
■ Медицина қызметкерінің қазіргі кезде науқас туралы өзінен немесе емдеу барысында:
• медицина қызметкерінің өзінен немесе емдеу барысында науқас туралы мәліметтер;
• өте ауыр жағдайдағы аурулардан басқа, дәрігердің науқасқа хабарламайтын аурудың түрі
туралы мәліметтер;»
■ Маңыздылығы жағынан мейірбике ісінің этикасы мейірбике ісі
философиясының жалғасы деп танылады. «Мейірбике ісінің философиясы–бұл
мамандықтың түсінікке негізделген рухани ерекшелігі,қоғамда атқаратын өз
орнын анықтауы , сонымен бірге оның негізінде жатқан құндылықтар
жүйесі.Медицина бибілерінің кәсіби қызметінде биік парасаттылық пен
қайырымдылық әдептілік негізі болып табылады. Алғаш қарағанда медицина
бибілерінің күнделікті жұмысында биік парасаттылық пен қайырымдылықтың
әдептілік талаптары өзінен өзі болу қажет сияқты.» /1/ Бұл талаптар нені
білдіреді? Медицина мейірбикелері дене және психикалық саулығының
деңгейіне қарамастан,әрбір адамның құқығын құрметтеуі және нақты
медициналық жәрдемді беруге міндетті.
■Қосымша әдебиеттер
■https://startinfo.kz/buisness/meirbike-isi-gulum-negizi/
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz