Әйелдің жыныс гормондары



Қазақстан-Ресей медициналық университеті
Орындаған:Төлентай Б
113. Б ОМ
Тексерген:Қанағат Б
БАӨЖ
Гормондар

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Гормондардың жіктелуі
Гормондардың жалпы қасиеттері
Гормондардың катаболизмі.
Гормондардың инактивациясы және қызметі
Синергизм мен Антагонизм.
Нейрогуморалды реттеушілік, иерархиялық жүйелерге сипаттама.
Гормондардың әсер ету механизмі
Гормондардың биосинтезі
Адам ағзасындағы гормондар:
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Гормон деген терминді 1905ж Бейлис және Старлинг деген ғалымдардың 12 елі ішектегі бөлінуші секретин гормонын зерттеу кезінде енгізілген. Hormao- грек тілінде «қоздырамын» деген мағынада.
Гормондар-жоғары активті биологиялық зат, эндокринді бездермен ағзаның ішкі ортасына синтезделіп бөлінеді, реттеуші әсер беретін заттар.
Эндокринология-гормондар туралы ғылым. Бездер, олардың қызметі, сөлдерінің бөлінуінің қалыпты жағдайдан ауытқуларын туғызатын науқастар туралы ғылым. Қазіргі таңда 60-қа жуық гормондар бар.

Гормондардың классификациясы
Гормондарды жіктеу түрлі критериилерге байланысты.
Ерігіштігі бойынша - гидрофильды, липофильды.
Химиялық құрылымы бойынша:
1. АМҚ туындылары: тирозин туындылары: адреналин, тироксин, дофамин, норадреналин, трийодтиронин
2. Белокты-пептидті гормондар:
-полипептидтер: глюкагон, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, пептидті гормондар
-жай белокты (протеиндер) : инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин
-күрделі белокты (гликопротеидтер) : тиреотропин, фоллитропин, лютропин
-стероидты гормондар: кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон), жыныс гормондары: андрогендер, прогестерон

3. Сигналдарды өткізу механизмі және рецепторлардың орналасуы бойынша, екі негізгі топқа бөлінеді:
а) стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол. Бұлардың рецепторлары цитоплазма, ядрода орналасады
б) суда еритін гормондар - олар плазмалық мембранадағы рецепторлармен байланысады
4. Сигналдық табиғаты, жасушаішілік эффект бойынша.
5. Биоқызметтеріне қарай - АМҚ, липид, көмірсуды реттеушілер (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин) .
Су-тұз алмасуын реттеуші (вазопрессин, альдостерон) .
Са алмасуын реттеуші (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин) .
Репродуктивті қызметті реттеушілер (эстрадиол, тестостерон, прогестерон) .
Тропты гормондар - либерин, статиндер гипоталамустын, гипофиздің кейбір гормондары басқа гормондардың синтезін де реттейді.

Гормондардың жалпы ортақ қасиеттері:
Физиологиялық әсер - қатаң спецификасы
Жоғары биоактивтілігі: гормондардың физиологиялық әсері аз дозада (10-6-10-10 моль\л) .
Әсер етудін дистальды сипаты: гормон түзілу жерінен әдетте нысана-жасуша алыс орналасады.
Генерализденген әсері (жайылынқы) .
Ағзаға гормонның физиологиялық әсерінің 4 типі белгілі: кинетикалық, орындаушы мүшенің белгілі әсерін тудыру, метаболиттік, морфогенетикалық, корригирлеуші.
Гормонның метаболиттік әсері түрлі жолдармен жүзеге асады. Оның ішінде ең маңыздысы:
жоғары, төмен ферменттін активтілігін
жасуша мембрана өткізгіштігінің активтілігін
энергетикалық, биосинтетикалық реттеушілік
Гормонды эффектінің этаптары: синтезі, қанға өтуі, тасымалдау түрлері, гормонның әсер етуінің жасушалық механизмі.


Гормондардың катаболизмі.
Белокты-пептидті гормондар протеолизге аминқышқылына дейін ұшырайды. АЛ олар АМҚ әрі қарай дезаминденуге түсіп декарбоксилденіп трансмисивтеніп соңғы өнімге дейін ыдырайды: NН3, СО2, Н2О.
АМҚ туындыларының гормондары - тотығуға-дезаминденуге-тотығуға СО2, Н2О дейін.
Стероидты гормондардың ыдырауы өзгеше. Ағзада олардың ыдырауын қамтамасыз ететін ферменттер жоқ. Сондықтан да көбіне шеткері радикалдардын модификациясы өтеді. Қосымша гидроксильды топтар енгізіледі. Гормондар гидрофильды болады. Бұдан стеранды түрде 17 жағдайда болған кетотобы бар молекулалар пайда болады. Осылайша стероидтық катаболизмнен қалған нәтиже зәрмен сыртқа шығады, оны 17-кетостероидтар деп атайды.

Гормондардың инактивациясы және қызметі
Гормондардың инактивациясы көбінесе эффекторлы мүшелерде өтеді - бауырда.
Гормондар ағзада мынадай қызметтерді атқарады:
бойдын реттелуі, ұлпалар мен мүшелердің дамуы мен дифференцировкасы, физикалық, жыныстық, ақыл-ойдын дамуы.
сыртқы ортанын өзгергіштігіне бейімделушілік
гомеостазды қалыпта ұстау
Гормондардын байланысу түрі. Гормондар бөлектеніп жалғыз қызмет атқармайды. Сондықтан олардың әсерлерін білу қажет.

Синергизм мен Антагонизм.
Синергизм - екі немесе бірнеше гормондардың бағытталған әсері. Мысалы, адреналин, глюкагон. Олар бауырдағы гликогенді глюкозаға дейін ыдыратып, қанда қанттын дәрежесін жоғарлатады.
Антагонизм - ылғида қатысты. Мысалы, инсулин және адреналин қанда глюкозаның мөлшерін қалыптастырады, яғни қарама қарсы. :инсулин гипогликемияны тудырады. Биологиялық маңызы - көмірсулық қоректенудін жақсаруына.

Нейрогуморалды реттеушілік, иерархиялық жүйелерге сипаттама.
Қандағы физиологиялық деңгейдегі гормондардың болуын гомеостаздын бірнеше механизмдері қатысады, олар нақты алмасу сигналдарын: гормонды түзуші безбен - нысана-мүше арасында, бұл механизм бір немесе бірнеше эндокриндік бездермен жүзеге асады. Көбінесе кездесетін жүйе: гипоталамус-гипофиз-без-нысана.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары (соматотропин, тиротропин, котикотропин, фоллитропин, лютропин, пролактин) олар пептидті заттардын бақылауында болады. Олар гипоталамуста пайда болады гипофизде пайда болатын тропты гормондарды күшейтіп тежейді.
Гипоталамус - гипофизға өтетін ми қабатының ауданы. Осы гипоталамуста гуморальдікке жүйке импульстерінін өтуі жүреді. Қазіргі уақытта гипоталамустан бірнеше рилизинг-гормондар (либериндер) бөлінуде: тиреотропин-рилизинг-гормон (тиролиберин, қысқартқанда ТРГ) гонадотропин-рилизинг-гормон (люлиберин), кортикотроптық гормонды шығаруын реттейтін гормон - кортикотропин-рилизинг-гормон (кортиколиберин), пролактин секрециясын қоздырушы гормон (пролактолиберин), меланоцит гормонды босатушы және т. б.

Гормондардың әсер ету механизмі
Жасушалық деңгейде гормондардың әсер етуі 2 негізгі механизімі белгілі:
жасуша мембранасының сыртқы қабатындағы эффектінің реализациясы;
гормон ішіне енгеннен кейін реализация.

Гормондардың биологиялық эффекті, рецептормен байланысатын, плазмалық мембранада орналасқан, бұл процесс екінші реттік өткізгіштік арқылы жүзеге асады оны мессенджер деп атайды. Оны атқаратын заттын жіктелуіне байланысты гормондарды бөледі:
биологиялық эффектіні көрсететін цАМФ гормоны. Оған: глюкагон, лютеин, ФСГ, ТСГ, кальцитонин, паратиреоидты гормон, антидиуретикалық гормон, адреналин, норадреналин жатады
өз қызметін циклдік нГМФ арқылы жүзеге асатын гормон - азот тотығы
өз қызметін мессенджер арқылы жүзеге асырады олар - фосфатидилинозитол (инозитолтрифосфат және диацилглицерин) немесе екеуін де бірге. Оларға: антидиуретикалық гормон, адреналин, норадреналин, ангиотензин ІІ, гонадотропин-рилизинг немесе люлиберин, тиролиберин жатады
өз қызметін каскадты, фосфатазаларды белсендіру арқылы жүзеге асырады. Оларға: инсулин, пролактин, эритропоэтин жатады.

Гормондардың биосинтезі
Белок-пептидтік гормондар көбінесе активті емес түрде синтезделеді немесе препрогормон-прогормон-активті гормон кестесімен түзіледі. Препрогормон N-соңында пептид сигналы бар, эндоплазмалық ретикулумдағы молекулалардың өзгерту қажеттілігі, содан Гольджи комплексіне.
Сигналдық пептидті алып тастағаннан кейін, препрогормон прогормонға айналады. Гольджи комплексінде прогормон секреторлық везикулаларға еңеді және активті гормондардың шығуымен жеке протеолиз жүреді.
Гликопротеиндердін ауыр белоктарынан тұратын синтез гормондары (мысалы, фолликулостимулдаушы гормон (ФСГ) немесе тиреотроптық (ТТГ) гипофиз гормондары ) жетілу процессінде гормон құрылымына оттегі компоненті кіреді.
Стероидтық гормондар холестериннен синтезделеді немесе оның шыққанынан - дегидрохолестерин. Кортикостероидтардін жалпы шығарушысы холестерин болып табылды. Кортикостероид синтездерінде 40-тан астам метаболиттер шығады, олар биологиялық активтілікте болады.

Катехоламин мен дофаминнің биосинтезі . Катехоламин ферментінің синтезі тирозингидроксилаза, яғни тирозиннің ДОФА /L-b-3, 4 дигидроксифенил /f - аланинге айналуы болып табылады. Оның дофаминге айналуы декарбоксилазды хош иісті аминқышқылдарын катализдейді. Норадреналиннің адреналинге айналуы -N- метилтрансферазды (фенилэтаноламин N- метилтрансфераз) норадреналин ферментіне катализдейді.
ТТГ гипофизге йодтирониннің биосинтезі реттейді. Йодтирониндер тироглобулин белогының құрамында синтезделеді. Тироглубин -гликопротеин, тирозин қалдығының йодталатын және йодтирониннің пайда болатын клетка бөлігінде синтезделеді және клеткаішілік коллоидте сақталады.

Адам ағзасындағы гормондар:

Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі гормондар.
Аденогипофизде мына гормондар пайда болады: аденокортикотропты (АКТГ) немесе кортикотропин; тиретропты немесе тиреотропин, гонадотропты: фолликулореттеуіш немесе фоллитропин және лютеиндеуші немесе лютропин, соматропты немесе өсу гормоны, не соматотропин, пролактин. Алғашқы 4 гормон ішкі секрецияның периферикалық бездің қызметін реттейді.
Соматотропин мен пролактин тканьға өздері әсер етеді. Адренокортикотропты гормон немесе кортикотропин, бүйрек үсті бездің қабығына реттеуші әрекет көрсетеді.
АКТГ холестериннің синтезделуін күшейтеді және холестериннен прегненолоның пайда болуын жылдамдатады.
Липолиздің стимуляциясы мен инсулин және соматотропин секрециясын арттыру, бұлшықет тканьдерінің клеткасында гликогеннің жинақталуы, мелонофораның пигментті клеткасына әсер ету арқылы пигментацияны күшейту сияқты қызметтер бүйрек үстілік безінен тыс АКТГ тиімділігі болып табылады.

Тиреотропты гормон (ТТГ) немесе тиреотропин
Қалқанша бездің қызметін арттырады, оның тканьдерін гиперплазиялайды, тироксин мен трийодтирониннің өңделуін реттейді. Тиреотропиннің пайда болуы гипоталамустың тиреолибериндерінде реттеліп, соматостатинде жойылады. Тиреолиберин мен тиреотропиннің секрециясы қайтымды байланыс механизмі бойынша қалқанша бездің йод түзетін гормондарында реттеледі. Тиротропин секрециясы организмнің салқындаған кезінде артады. Глюкокортикоидтар тиреотропин өнімдерін тежейді.
Тиреотропин секрециясы жарақат алған кезде, ауырғанда наркозда езіледі.
Тиреотропиннің шамадан тыс көп болуы қалқанша бездің гиперфункциясында, тиреотоксикоздың клиникалық жағдайында білінеді.

Фолликул реттеуші гормон (ФРГ) немесе фоллитропин,
Фолликул ұрықтарының өсуі мен пісіп жетілуін және олардың ұрықтануға дайындығын арттырады. Ертеректерде ФРГ әскерінен сперматозоидтар пайда болады.


Лютеиндеуші гормондар (ЛГ) немесе лютропин
Піскен фолликулдың қабығының жарылуынан, яғни ұрықтану мен жасыл дененің пайда болуын қамтамасыз етеді. Еркектерде бұл гормон еркектің жыныс гормондары-андрогендердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
ФРГ және ЛС гонадолибериннің пайда болуы экстрогендер мен андрогендердің деңгейіне байланысты қайтымды байланыс механизмі бойынша ретеледі. Аденогипофиздің пролактин гормоны гонадотропты горомондардың өнімдерін жояды.
ЛГ бөлінуіне тежеуіш әрекетті глюкокортикоидтар жасайды.

Соматотропты гормон (СТГ) немесе соматотропин
Өсу гормоны, өсу процесін реттеуге және дене бітімінің өсіп, дамуына қатысады.
Самототропин организмде белоктың пайда болуын РНК синтезін жоғарлатуға, қаннан клеткаға аминқышқылдарының тасымалдануын күшейтуге қабілетті.
Соматотропин инсулин сияқты әрекет етіп, көмірсу алмасуына әсер етеді. Гормон майдың мобилизациялануын күшейтеді және оның энергетикалық алмасуда қолданылуын реттейді.
Соматотропин өнімдері гипоталамустың соматолиберин мен соматостатинінде реттеледі.

Гипофиздің артқы бөлігіндегі гормондар
Бұл гормондар гипоталамуста пайда болады. Нейрогипофизде олар жиналады. Гипоталамус клеткасының супраопты және паравентрикулярлы ядросында окситоцин мен антидиуретикалы гормонның синтезі жүзеге асады. Антидиуретті гормон (АДГ), не вазопрессин, организмде антидиуретті әрекетті, яғни нефронның дистальды бөлімінде су реабсорбциннін реттеуді жүзеге асырады. .
АДГ жетіспеушілігінен қантсыз диабет немесе зәр бөлу, яғни қатты шөлдеп жоғары көлемде зәр бөлуде (күніне 25л. дейін) білінеді. қантсыз диабеттің себебі созылмалы инфекцияның гипоталамусты зақымдауынан (тұмау, қызылша, безгек т. б. ), бас сүйек миының жарақаттануынан гипоталамус ісігінен болуы мүмкін.
АДГ секрециясының шамадан артық болуы, организмде судың азаюына соқтырады

Қалқанша без
Қалқанша без жалғастырушы алқым және қалқанша шеміршегінен төмен мойындағы екі жақ трахеяда орналасқан.
Бездің тканьдері йод түзетін гормонда тироксин (тетрайодтиронин) және тиреглобулин белогымен қосылған трийодтиронинді коллоидпен толықтырылған фолликулдар түзеді. Фолликулдар аралық кеңістікте тиреокалцитонин шығаратын парафолликулярлы клеткаларда орналасқан. Қанда трийодтиронинге қарағанда тироксин көп. Трийодтирониннің белсенділігі тироксинге қарағанда жоғары. Бұл гормондар тиразиннің аминқышқылдарынан, оның йодталуынан пайда болады.

Организмде йод түзетін гормондар мынандай функцияларды атқарады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz