Педагогикалық менеджменттің басқару функциялары




Презентация қосу
Педагогикалық менеджменттің
басқару функциялары.

Орындаған: Зейнаддин Асқар ППк-91
Жоспар:
1.Педагогикалық менеджменттің функциялары
туралы ұғым.
2. Объектіні бағдарлау және басқару жүйесі
арасындағы қатынас.
Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты
түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен
әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар
қолданылады.
Басқару функциясы барлық функцияның жалпы
жиынтығы. Функция – көп мәнді термин. Философияда
бұл екі объектінің (топтың) қарым-қатынасы, онда
біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады,
әлеуметтануда – белгілі бір әлеуметтік институт немесе
жеке әлеуметтік үдеріс жоғары деңгейдегі қоғамдық
жүйенің қажетін орындайды.
Басқару функциясының өзіндік өзгешелігі, ерекше
мазмұны болады, әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін.
Оларды кез келген басқару саласындағы адамдар
қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез келген
салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның
орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын
үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы
деректердің негізінде келесі шешімді шығару және
қабылдау қажет.
Жоспарлау барлық басқару
функциясының ішіндегі ең елеулісі болып
саналады.
Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің
мақсатын таңдап алудан тұрады, сондай-ақ
осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру – демек
нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің
жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына
жету үшін конструкциялауға қажетті
көптеген элементтер болады.
Мотивация. Егер кімде кім ұйымдағы нақты
жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай
жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым
жетілдірілген құрылымның ешқандай мәні болмайды.
Сондықтан да мотивацияның міндеті сол, ұйым
мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға
сәйкес орындау.
Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты ұйым
өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі
мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға
елеулі зиян келмей тұрғанда алғашқы белгіленген
жоспардың өзгеру себебін тауып, анықтау болуы тиіс.
Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін
қамтамасыз ету процесі.
Ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті
элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртіп арасындағы
пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны
мен ролін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға
орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру,
аппараттағылардың барлығының жекелеген қызметшілері мен
жұмыскерлердің іс - әрекетін бейнелейтін құжаттар әзірлеу
арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік
процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі.
Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның
өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үщін тиімді жұмыс істеуіне
мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, басшының міндеті ұйымның мақсаты
мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы
факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу. «Ең
қолайлы құрылым – бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп
әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің
күш – жігерін өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайты, сол
арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары
тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым ».

Ұқсас жұмыстар
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
Педагогикалық менеджменттің функциялары
Педагогикалық менеджменттің функциялары туралы
Менеджменттің мәні, әдістері мен функциялары
Басқа сөзбен айтқанда, менеджмент - ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру
Басқару əдістері
Педагогикалық менеджмент ұғымы
Педагогикалық менеджменттің принциптері
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары
Пәндер