ТАРИХЫ СУСЫННЫҢ ҚҰРАМЫ




Презентация қосу
ГАЗДАЛҒАН
АЛКОГОЛЬСІЗ
СУСЫНДАР
(КОКА-КОЛА)
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
КОКА –КОЛА СУСЫНЫНЫҢ
ТАРИХЫ
СУСЫННЫҢ ҚҰРАМЫ

ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР

ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ
Адам ағзасының 60%-ын су құрайды. Бойдағы
су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті
қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек.
Кофе, көк шәй, газдалған салқын сусындар,
минералды су т.с.с сусындардың негізін су
құрайды. Алайда, судан бөлек сусындардың
құрамында басқа да заттар кездеседі. Соның
бірі – газ.
Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі
әсер береді.
Олардың қатарына «Кока-кола», «Спрайт»,
«Фанта», «Пепси» секілді газдалған және
энергетикалық сусындар жатады.
Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш
бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман
ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және
кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын
«кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде
Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла
бастайды.
Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені

анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып
табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып,
оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып
отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа
есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың
танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.
КОКА-КОЛАНЫҢ" ҚҰРАМЫ
ҚАНДАЙ?
Бөтелкедегі қағазға қарасақ:
газдалған су, қант, карамель түсі,
кофеин мен дәмдеуіштер.
Бірақ, сусынның құрамында тағы
бір "7Х" деген құпия ингредиент бар.
Бұл заттың мазмұны жазылған
ақпарат Джорджия штатына тиісті
Атланта қаласының банкінде
сақтаулы тұр.
Дүниежүзінде осы заттың не екенін
білетін адамдардың саны санаулы.
Сусынның компоненттері:
қант
көміртек диоксиді (Е290)
бояғыштар: қант коллері
(Е150), кармазин (азорубин)
(Е122)
ортофосфор қышқылы (Е338)
кофеин
табиғи хошиістендіргіштер
Энергетикалық
42 ккал
құндылығы

Ақуыздар 0

Майлар 0

Көмірсулар 10 мг

Натрий <11,0 мг

Калий 1,0 мг

Кальций 4,0 мг

Магний 1,0 мг

Фосфор шамамен 17 мг
2011 жылы National Geographic телеарнасы Coca-Cola
сусынының зауытын, оның жұмыс істеуі мен дайындау
құпияларын көрсетті.
1989 жылы Coca-Cola Мәскеудегі Пушкин
алаңына өзінің сауда маркасын еңгізген ең алғашқы
шетел компанияларының бірі болып саналады.
«Coca-Cola-ның» ең үлкен белгісі Арика
қаласында орналасқан. Белгінің ені ─ 122 метр, биіктігі
─ 40 метр. Ол «Coca-Cola-ның» 70 мың шөлмегінен
тұрады.
Кока-Коланы тек қана сусын ретінде емес, басқа да тұрмыстық жағдайларда
пайдалануға болады. Мысалға осы аталған сусынның тағы да төмендегілей
қасиеттері бар:
• Кока-Коланың ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Осы сусынның химиялық
құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.
• Кока-Коланы жаз кезінде шыбын-шіркей шаққанда, сол шаққан орынға құйып
жіберсе, бірден әсер етеді.
• Кока-Кола темірдегі татты керемет кетіреді. Таты бар затты коланың белгілі бір
мөлшеріне біраз уақыт салып қойса, татты мүлдем жойып жібереді.
• Кока-кола терезені, автокөлікті жақсы жуады. Жуып болған соң шүберекпен бір
сүртіп алса, ешқандай із қалмайды.
• Кока-коланы тамақ дайындағанда кез-келген соусқа араластырып жіберсе,
маринадталған тағам сияқты керемет дәм береді.
• Кока-кола үйдегі жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін суға кока-коланы құйып, еденді
бір сүртіп шықса, үйдегі жағымсыз иістің орнына ароматты иіс пайда болады.
• Кока-кола ыдыстың бастапқы қалпын келтіреді. Мысалы, сыртында сызылған,
қарайған дақтар болса,оны коламен ысқылап жуса, ыдыс бастапқы қалыпқа келеді.
• Киімдегі түрлі дақтарды да кока-коланың көмегімен кетіруге болады. Киімге сіңген
қанды да кола тез ерітіп, жойып жібіреді.
• Жол апаты болғанда асфальтқа сіңген қанның ізін де қалдырмай шет елдерде осы
кола сусынымен кетіреді екен.
Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар
кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер
етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті
қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал
тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен
бойда майға айналып, артық салмақтың
қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда
болуына ықпал етеді. Қант диабетімен
ауыратын жандар газдалған сусын орнына
минералды су пайдаланғаны жөн.
Тіс кариесі
Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын
құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс
ауруларының тууына әсер етеді.
Сүйектер
Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің
қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер
сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш
келеді.
Асқазан мен ішек құрылысы
Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол
сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан
секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек
ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б.
асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған
минералды су, көк шәй ішкен жөн.
Артық салмақ пен диабет
Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар
кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер
етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті
қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал
тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен
бойда майға айналып, артық салмақтың
қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда
болуына ықпал етеді. Қант диабетімен
ауыратын жандар газдалған сусын орнына
минералды су пайдаланғаны жөн.
Неге екені белгісіз, осындай алкогольсіз
сусындарды көпшілік шырын деп жиі
қателеседі. Бұлар ешқандай да шырын емес.
Бұл – су, синтетикалық ароматизатор,
тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт
құрамнан жасалған жасанды дүниелер. Неше
түрлі жарнамаларда бұл сусындардың «еш
зияны жоқ» деп жақауратқанмен, бәрібір
бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз.
Мұндай сусындарды балаларға мүлдем беруге
болмайды

Ұқсас жұмыстар
Coca Cola сусын ТҮРЛЕРІ
Шетелдік кофехана жабдықтарын өндірушілер
КУПАЖДЫ ФИЛЬТРАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
Тамақ құрамы туралы ойланыңдар
ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Натурал алма шырынының құрғақ заты
АРА БАЛЫ
Алкогольсіз сусындардың ассортиментін зерттеу және сапасын анықтау
Кока коланың кереметі
Қымыздың қасиеттері мен дайындау технологиясы
Пәндер