Сауда дауларын конструктивті шешу





ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ)

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2015 жылғы желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 162 ел мүше болды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - бұл мемлекеттер арасында сауда жүргізу ережелерінің жүйесін жетілдірумен айналысатын жалғыз халықаралық ұйым. ДСҰ-ның негізі сауда бойынша әрекетті жүзеге асыратын көптеген әлем мемлекеттерінің талқыға салып, қол қоятын және содан соң бұл ережелер парламентте бекітілетін келісімдер болып табылады. Бұл келісімдердің мақсаты - тауарлар мен қызметтердің өндірушілеріне, экспорттаушылары мен импорттаушыларына өзінің коммерциялық әрекеттерін жүргізулеріне жәрдемдесу.

ДСҰ қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады: - Сауда кедергілерін (сауда импорттық тарифтер, басқа кедергілер) азайту немесе жою туралы келіссөздер жәнехалықаралық сауданы реттейтін ережелерді жасау (мысалы, демпингке қарсы, субсидиялар, өнім стандарттар, т. б. ) - Тауарлар саудасы, қызметтер саудасы, интеллектуалдық меншік құқығының саудасы туралы ДСҰ келісілген ережелерін басқару және мониторинг жүргізу - Мүшелерінің сауда саясатын, сондай-ақ аймақтық және екіжақты сауда келісімдеріне мониторинг жүргізу және бақылау - Дамып келе жатқан елдерге қолдау көрсету - Экономикалық зерттеулер жүргізу мен деректерді жинау - Жұртшылық үшін ДСҰ қызметі туралы түсіндіру және оқыту




Осы кеңестердің шегінде ДСҰ-ның барлық мүшелеріне мүшелікке көптеген ашық мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары құрылған. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес ДСҰ принциптерін сақтау және тауарлар саудасы саласындағы 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған комитеттердің қызметіне басшылық етеді.

ДСҰ-на кіру процесі үш негізгі кезеңдерінен тұрады:
1. Мемлекет өзінің сауда және экономикалық саясатының аспектілері туралы толық ақпаратты ұсынады, сонымен қатар олар ДСҰ принциптеріне қай түрде сәйкес келетінін көрсетеді. Осы құжаттар меморандум түрінде ұсынылады және осы мақсаттарға арнайы қалыптасқан Жұмыс тобымен талқыланады. Аталған топ ДСҰ елдеріне кіретін мүшеліктің шарттарын талқылауға мүдделерін танытқан елдерден тұрады. ДСҰ мүшелері осы ұйымға ыңғайланатын мемлекетпен тікелей келіссөздер өткізеді. Келіссөздер барысында, кеден баждардың мөлшерлемелерін және тауарлар мен қызметтер нарығына рұқсат алуда міндеттемелерді қоса отырып, бар даулы мәселелер реттелген болу тиіс. ДСҰ жаңа мүшелерімен міндеттемелерді қабылдауда және ұйымның басқа мүшелеріне қатысты «Дискриминациялаусыз сауда» принципі бойынша олар автоматты қолданылады.
2. Келіссөздер аяқталғаннан және кіретін елдің сауда режімін талдаудан кейін Жұмыс тобы, оларды орындауға мерзімдерін көрсетумен Кіру Хаттамасының жобасын және Міндеттемелер тізімін енгізіп, ДСҰ әлеуетті қатысушысы туралы арнайы баяндама дайындайды.
3. ДСҰ Бас Кеңесі мәжілісінде немесе ДСҰ министрлер конференциясында Жұмыс тобы кіретін мемлекет туралы құжаттарды ұсынады. Осыдай кейін формалды дауыс беру - ДСҰ жаңа келген адамды қабылдауға осы ұйымның екіден үш бөлігінен кем емес мүшелері дауыс беру тиіс.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерісі 1996 жылы 26қаңтарда Қазақстанның ДСҰ-ның Секретариатына ресми өтініші жіберілген уақытта басталды. 1996 жылдың ақпанында Қазақстанға - ДСҰ-ң бақылаушы ел статусы берілді. Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі келіссөз үдерісі шартты түрде үш кезеңге бөлінеді:
1996-2000 жж. ақпараттық-дайындық кезең болды. Осы мерзім аралығында жұмыс тобының үш мәжілісі және екіжақты келіссөздердің екі раунды өтті.
2001-2003 жж. басты кезең деуге болады. Осы мерзім аралығында жұмыс тобының үш мәжілісі және екіжақты келіссөздердің жеті раунды өтті. 2003 жылы Қазақстан ДСҰ-на кіру үдерісінің ақпаратық мерзімін аяқтап, ДСҰ-на мүшеліліктің шарттарын анықтайтын ұйымға мүше елдердің жұмыс тобымен жүзеге асатын келіссөз үдерісінің активті фазасына өтті.
2004-қазіргі уақытқа дейін аяқтаушы кезең деп санауға болады. Бұл кезең оперативті түрде келіссөздердің алға басуын қамтамасыз ететін шараларды қолдану, бастысы Қазақстанның біржақты жол беру салдары.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше атанған 162-ші мемлекет.
Әлемнің ең ірі экономикалары Қазақстанды инвестициялар үшін қолайлы елдердің бірі ретінде мойындады. Біз үшін ол өте маңызды. Себебі дүниежүзілік экономикалық қарым-қатынастың ең биік шыңы, ең жоғары көрсеткіші - Дүниежүзілік сауда ұйымы.

1.
2.
3.
4.
5.
Сауда дауларын конструктивті шешу:
Бүкіл әлем бойынша сауда көлемінің, сонымен қатар, ДСҰ-ға қосылған елдер саны және сауда компанияларының көбеюіне байланысты сауда дауларының пайда болу ықтималдығы да арта түсуде. Бұл ретте ДСҰ жүйесі пайда болған дауларды конструктивті және татулықпен шешуге көмектеседі.
Ойын ережелерінің анықтығы:
ДСҰ аясындағы артықшылықтардың бірі ДСҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы келіссөздердің барысын жеңілдететін, осыған дейінгі уақытпен тексерілген және тәжірибеде жүзеге асырылған ойынның белгіленген ережелерінің қолданылатындығы болып табылады.
Бағаларды қысқарту:
Сауда саясатын ырықтандыру және протекционистік кедергілерді қысқарту нәтижесінде тауарлардың еркін саудасы тауарларды импорттауды елеулі көбейтеді. Бұл жердегі ең бастысы импортталған тауарлар бағасының төмен болуы ішкі рыноктағы тауарлар бағасының да төмендеуіне ықпал етеді. Міне, еркін сауданың халықаралық деңгейде осылайша күшеюі бүкіл әлем бойынша тұтынушылардың шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Жаңа технологиялардың келуі:
Импорттық тауарлар көлемінің көбеюі жаңа техника мен технологиялардың келуін қамтамасыз етеді. Өйткені, ішкі рыноктағы тауарды өндіруші импорттық бағасы арзан, сапасы жоғары тауарлармен күресіп, оларды ығыстыру үшін өз өндірісін жаңартуға, оларды неғұрлым жаңа технологиялармен жабдықтауға, мамандардың біліктілігін көтеруге мәжбүр болады.
Жай қажетті ғана емес, сонымен қатар, тілеген өнімді таңдау мүмкіндігі:
Барлық тауарлар мен қызметтердің импортталу мүмкіндігі және ішкі рынокта оларға жол ашылуы ел ішіндегі тұтынушыларға енді жай ғана қажетті өнімді сатып алып қана қоймай, сонымен қатар, өздерінің тілеген және ұнататын, өз көңілдерінен шығатын және сапаға қоятын талаптарын қанағаттандыратын өнімдерді таңдау мүмкіндігін береді.
Ұйым беретін 10 мүмкіндік

6.
7.
8.
9.
10.
Экономиканы ынталандыру:
Импорттың көлемін көбейту тек қана жаңа технологиялардың келуін қамтамасыз етеді және тауарлар мен қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірісті дамытуға және қайта жабдықтауға отандық өндірісті ынталандырады. Осылайша, өзінің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және өндірістік қатынастағы мәдениеттің деңгейін жоғарылатады.
Өндірістің өсуі:
Өндірістің өсуі негізінен бәсекеге қабілетті салаларда: энергетика, шикізат және қайта өңдеу салаларында жүреді.
Отандық өндірісті сыртқы рыноктарда демпингке қарсы және квоталық шектеулерден қорғау:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz