Стокгольм қаласының қаржы қызметкерлері пәтер аралап, үйінде иті бар тұрғындардан салық жинауға мәжбүр




Презентация қосу
ӘЛЕМДЕГІ
ҚЫЗЫҚ
САЛЫҚТАР
Орындаған : Қасенова Әсел
Топ: ФН – 305
Тексерген : Токсеитова А.С.
Өзі өмір сүріп жатқан елде бейбіт тірлік кешіп
жатқан жанның салық төлеуден қашпасы анық.
Бірақ кейде мемлекет асыра сілтеп, орынсыз
салық түрлерін көбейтіп отыратын жайттар да жиі
кездеседі. Қазынасын жұрттың қаражатымен
толтырғысы келген биліктің мұндай әрекеттері
көп жағдайда халық тарапынан қолдау таппай,
көтеріліске ұласып отырған.
Алысқа бармай-ақ өз елімізді алсақ. Ел билігіне Голощекин
келген тұста «асыра сілтеу болмасын, аша- тұяқ қалмасын»
саясаты белсенді түрде жүргізілгені анық. Міне, сол тұста
шолақ белсенділер «ашатұяқ» тұрмақ, екі аяқты адамды да сау
қалдырмауға тырысты. Айдады, атты, сатты, аштықтан
қырды.
Осындай нәубет тұсында жүн, тері, ет, сүйек, тұяқ, мүйіз
сынды көңілге қонымсыз сорақы салықтар түрі де көбейе
түсті.
Міне, сондай сорақы әрі күлкілі салық түрлері өзге елдерде
де көптеп кездесетін көрінеді.
Англияның королі Бірінші Генрих қоян жүрек
қорқақтық үшін салық салған.
1100 жылдары соғыс заманы болғандықтан,
кейбір адамдар жүрексініп, ұрысқа қатыспай
қалатын болған. Осыны ескерген король
осындай салық түрін енгізген.
Бірақ алғашқыда оның бағасы сондай қымбат
болмаған екен. Яғни соғысқа қатысқысы
келмеген әрбір қорқақ сыртта соғыс жүріп
жатқанда аз-ақ ақша төлеп, үйінде тыныш
ұйықтай беретін болған.
Ал король Джонның тұсында бұл салық түрінің
бағасы 4 есеге артып, ел азаматтары соғыстан
оңай қашып құтыла алмапты. Осылайша бұл
елде қорқақтық үшін құн төлеу дәстүрі 300
жыл үзбей жүргізілген.
Венецияда 1993 жылы
ғимараттардың көлеңкесі үшін
салық алынатын болған. Бұл мәселе
қаладағы дәмханалар мен
мейрамханалардың ғимараттары
түсірген көлеңкеге байланысты
туындаған. Яғни олардың көлеңкесі
мемлекеттің жеріне түсетіндіктен
дәмхана иелері сол жерге түскен
көлеңке үшін құн төлеуге тиісті.
Швецияда ит салығы деген бар. Стокгольм
қаласының қаржы қызметкерлері пәтер аралап,
үйінде иті бар тұрғындардан салық жинауға
мәжбүр. Олар салық құнын иттің биіктігіне қарай
алады.
Ал Норвегияда қаржы қызметкерлері салық көлемін

иттің ұзындығына қарай өлшейтін көрінеді.
Мысырда би үшін салық алынады. Әрине, бұл
салықты би билеген кез келген адам төлей бермейді.
Бұл салықтың қаражаты шығыс биін билейтін
қыздардан талап етіледі.
Қыздар мемлекет қазынасына жылына 264 миллион

доллар көлемінде қаражат түсіреді екен.
Австриялықтар болса, шаңғы тепкені
үшін салық төлеуге міндетті. Мемлекет
бұл салықты шаңғы тебетін жандардың
жиі жарқаттануына байланысты енгізген.
Қытай елі заңды түрде некеге тұрмаған
келіншектер мен ер адамдарды салық
төлеуге міндеттеген. Яғни азаматтық некеде
тұратын жандар мемлекетке жылына 120
доллар көлемінде салық төлеуі тиіс.
Гвинея тұрғындары бейбіт тіршілік еткені үшін ақша
төлеуге тиіс. Ашық аспан астында соғыссыз өткен
жыл үшін әр адам 700 франк көлемінде ақша төлейді.
Байқасаңыз, билік бірде ел қамын ойласа, енді бірде
өз қамымен салықтың сан түрін енгізіп отырған. Иә,
«естімеген елде көп» демекші, салық саласына
Ұлыбританиядағыдай қиялы әлемді шарлаған жан
баратын болса, әрбір жұтқан ауа мен ішкен суыңа
шындап салық төлейтін заман туып қалуы да ғажап
емес қой.

Ұқсас жұмыстар
БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР
Патша үкіметінің сойылын соққан сұлтан
Жәңгір хан
Салықтар және салық жүйесі
1922 жылдар аралығындағы аштық сипаты
Тұрар Рысқұлов
Баланстанған бюджет кіріс шығын
Мүлікке салынатын салық
Потто Кімді қазақтардың қазақ музыкасын зерттеуші
Электронды ақша. Қағаз ақшаның тиімсіз жақтары
Пәндер