ТАЛДАУ ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ


Slide 1

ЖОБАЛЫҚ ТАЛДАУ

Slide 2

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Жобалық талдау түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 3

КІРІСПЕ Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек.

Slide 4

Жобалық талдау - бұл жобаға жұмсалатын шығындарды,

осы жоба бойынша түскен табыстарды салыстыру негізінде

жобалық табыстардың талдау үдерісі болып табылады. Жобалық талдау инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындар мен одан алынатын пайданы салыстыруды көрсетеді.

Сол себепті жобаны талдауда жоба құндылығын анықтау маңызды рөл атқарады. Жоба құндылығының шамасы осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде алынатын пайда мен оған жұмсалатын шығындар айырмасымен анықталады.

Жобалық талдаудың мақсаты - инвестициялық ресурстарды пайдаланудың балама тәсілдері арасында талдау туралы дұрыс шешім қабылдау.

Slide 5

Жобалық талдаудың міндеттері:

Іске асырылатын жобаның іс жүзінде кедергі болар

шектеулерін және олардың өзгерістерін ала отырып,

қол жеткізетін нәтижеге баға беру;

жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың

көлемін анықтау және оларды әр түрлі нұсқалар

бойынша салыстыру ;

жобаны іске асырудан түскен табыстарды бағалау

және оларды инвесторлар арасында бөлу.

Жалпы алғанда жобалық талдаудың бірінші міндеті

инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау;

екінші сі - нәтижелілігін бағалау; үшіншісі - тиімділікті

бағалау; төртіншісі - жобаны белсендендіру болып

табылады.

Slide 6

Жобалық талдау түрлері:

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТАЛДАУ

ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ

Slide 7

Инвестициялық жобаға қолданылатын ең тиімді техника мен технологияларды анықтау және объектінің орнын талдау мәселелері шеңберінде жүргізіледі.

Мақсаты - инвестициялық жобаға ең тиімді техника мен технология нұсқаларын қарастыру және анықтау болып табылады.

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Техникалық талдау келесідей міндеттемелерді шешуге көмектеседі:

техникалық-технологиялық нұсқаларын анықтау;

орналасқан жерін таңдау;

жобаның көлемін анықтау;

жобаның жүзеге асыру мерзімін және оның кезеңдерін анықтау;

шикізат көздерінің, жұмыс күшінің және басқа да ресурстардың қол жетімділігін және жеткізілуін анықтау;

өнімнің нарық сыйымдылығын анықтау;

ескергендегі кездейсоқ жоспарланған жобаның шығындарын болжау;

жобаның графигін анықтау.

Slide 8

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТАЛДАУ

Мақсаты - жобаны жүзеге асыру және іске қосу барысындағы ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайға баға беру болып табылады.

Екі негізгі бағытта жүзеге асырылады:

Ішкі институционалды шарттарын талдау:

Басқару құрылымы мен ұйымдастырушылық құрылым;

кадрлар мен оларды дайындау;

қаржылық басқару, бюджет, есеп және аудитті ұйымдастыру;

сатып алу-сату қызметін ұйымдастыру;

фирманың ішкі саясаты (стратегия, әдіс) .

Сыртқы институционалды шарттарын талдау:

Иерархияның барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік саясатты талдау: ұлттық, жергілікті. Бұнда ағымдағы заңдар мен реттеу саясатының жобаның жеке элементтері немесе толығымен жобаға әсер етуінің бағалануы жүзеге асады;

бенефициарий - фирмасының басқа фирмалар, кәсіпорындар, саяси партиялармен, үкімет институттарымен, салалық ведомстволар және т. б. қарым-қатынасын талдау.

Slide 9

ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ

1. Жоба айналасындағы халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттары, оның саны мен әлеуметтік құрылымы, жасы, білім деңгейі, класстық құрамы

2. Шаруашылық ету құрылымын, еңбек ресурстарының бар болуы мен қол жетімділігі, жерге меншік қатынасы, өндірістік қызметті орындау бойынша жергілікті халықты қоғамдық ұйымдастыру бағыттары.

3. Жобаның мәдени жарамдылығы. Жоба екі көзқараспен қарастырылады: 1. оның әлеуметтік нормаларға сәйкес келуі мен бейімделуі; 2. жоба адамдар әрекетіне қалай әсер етуі.

4. Жобаны іске асыруда халық пен қатысушы ұйымдардың қатысу қызығушылығын қамтамасыз ету мақсатында тарту мақсатын жобалау.

Мақсаты - жоба мақсаттарының оның әлеуметтік қоршауының қызығушылықтарына сәйкестілік деңгейін анықтау. Ол жобаны жүзеге асырудың қоғамға көмек көрсетуді және жобаның қоғамдық әрекеттің әлеуметтік позициясында өзгерістерді ынталандыру арқылы өз мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін оңтайлы стратегиясын іздеуді ұсынады.

4 негізгі бағытты қарастырады:

Slide 10

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Мақсаты - инвестициялық жобаларды іске асыру және қолдану кезінде қоршаған орта үшін мүмкін шығынын алдын-ала анықтау және шығындарды азайту немесе толық алдын-алу бойынша шешімдерді ұсыну, қоршаған ортаға зиянды әсері мен оны минималдау бағыттарын анықтау.

Халықаралық инвестициялау тәжірибесінде әр инвестициялық жоба шеңберінде қоршаған орта әсерін бағалау жұмыстары жүргізіледі. Халықаралық тәжірибе бойынша экологиялық талдау жүргізу шығындары орта есеппен алғанда жоба құнының 0, 5-5%-н құрайды.

Slide 11

Мақсаты - өнімдер мен қызметтер нарықтары тарапынан жобамен ұсынылатын жоба болашағын; оны жүзеге асыру үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды бағалау. Коммерциялық талдау нарықты талдаудан басталады.

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Нарықтарды талдау

Өнімдер нарығын талдау

Ресурстар нарығын талдау

Қаржылық нарықты талдау

Нарықтар дамуын болжау

Жоба өніміне сұранысты болжау

Slide 12

ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ

Қаржылық талдау бірнеше түрге ие, және түрлі жобалар бөліктері мен жоба түріне байланысты мұндай талдаудың екі немесе одан да көп түрін жүргізу қажет болуы мүмкін:

Қаржылық талдаудың басты міндеттерін анықтап алуда мыналарды ескерген жөн:

Қаржылық рентабельділікті талдау;

қаржыландыру қажеттілігін талдау;

жобаны қолданушы ұйымның қаржылық талдауы;

шығындарды өтеуді талдау.

Жобаға кеткен шығындар оны жүзеге асырудан алынатын пайдадан артық емес пе?

жобаны қаржыландыру көздері белгілі болғанда жүзеге асыру мүмкін бе ?

жоба қаржыландырудың нақты шарттарын ескере отырып, оның әрбір қатысушысы үшін қызықты болып қала бере ме?

Slide 13

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік тәуекелді талдау және басқару
Қаржылық тәуекелдерді талдау және бағалау
НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ КЕМІТУ ӘДІСТЕРІ
Тәуекелді бағалау
Тәуекелді талдау
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛ ТУРАЛЫ
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіптер
Кәсіпкерліктегі тәуекел менеджменттің негіздері
High Tech Logistic компаниясының іріктеліп алынған тәуекелдер тізімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz