Туынды бағалы қағаздардың негізгі ерекшеліктері



Орындаған: Қасенова Әсел
ФН-305

Туынды бағалы қағаз деген базистік активтердің бағасы өзгеруіне байланысты, яғни осы бағалы қағаздың негізі болған активке шығарылған мүліктік құқықты (міндеттемені) білдіретін құжатсыз формадағы бағалы қағаз.

Базистік активтерге тауарлар (астық, ет, мұнай, алтын және т. б. ), негізгі бағалы қағаздарға акция және облигация жатады.
Туынды бағалы қағаздар деп аталуының себебі, олар негізгі классикалық бағалы қағаздарға (акция, облигация) шығарылады.
Туынды бағалы қағаздарды сатып алу-сату үшін екі жақ мерзімді мәмілеге келеді.
Онда мәміле жасаушылар көрсетілген активті болашақта алу, бірақ шарттаскан кездегі баға бойынша жеткізіп беру көзделеді.
Туынды бағалы қағаздарды қолданып жасалған мерзімді мәміле туынды бағалы қағаздар нарығында сатып алынады және сатылады.
Басқаша айтқанда, туынды бағалы қағаздар нарығы - ол мерзімді нарық.
Мерзімді нарықтың басқалардан өзгешелігі - мәміленің орындалуы (шарт жасасқан кездегі бекітілген бағаммен активті жеткізіп беру) болашақтағы келісілген мерзімде жүзеге асырылады.

Мерзімді мәмілелер әртүрлі активтерге, атап айтқанда, бағалы қағаздарга, банктік депозитттерге, индекстерге, валютаға, қымбат металдарға, шикізат тауарларына және мерзімді шарттардың өзіне жасалады.


Туынды бағалы қағаздарды шығарып, айналысқа түсірүдің мақсаты - кез-келген биржалық активтердің бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес, сонымен бірге бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіптен сақтандыру.

Туынды бағалы қағаздардың негізгі ерекшеліктері:


Форвардтық нарық мерзімді нарықтың ең алғашқы формасы. Ол тауарлар бағасының тұрақсыздығына байланысты XVIII-XIX ғасырларда Еуропада сатып алушы мен сатушы тауардың мөлшерін, шамамен жеткізіп беру уақытын және болашақтағы бағасын көрсетіп мәміле жасасқан. Дәл осындай келісімдер қазіргі кезде, әсіресе, шетел валютасымен банкаралық сауда-саттықта қолданылады (әрине, онда жеткізіп беру уақыты дәл көрсетіледі) .

активті сатып алу-сату жағдайлары туралы алдын-ала келісілген, бірақ болашақта орындалатын биржадан тыс жасалатын мерзімді шарт.
Бұндай шарт саудаға түсіру үшін келісілген актив бағасының қолайсыз өзгеруінен сақтандыру үшін жасалады, яғни бағасы өскенде шартты сатып алушы ұтса, төмендегенде сатушы ұтады.

мәмілеге келген кезде бекітілген бағамен белгілі-бір бағалы қағаздың стандартты мөлшерін болашақта сатып алуға немесе сатуға жасасқан шарт.
Бұл стандартты шартта фьючерстің барлық параметрі - мерзімі, стандартты лоттың көлемі, сақтандыру депозиті көрсетіледі.


Фьючерстік нарық
Форвардтык нарық
1. Сауда-саттық биржада жүргізіледі
Форвардтык мәміле - ол банкаралық
мәміле, яғни биржадан тыс мәміле
2. Фьючерстік шарт стандартталған
Шарт жағдайларын екі жақ мәміледе
келіседі
3. Мәмілеге екі жак катыспайды,
оның орындалуына есеп айырысу
(клирингтік) палатасы кепілдік
береді
Екі жақ - сатып алушы мен сатушы
кездесіп, мәміле жасасады
4. Фьючерстермен саудада күнбе-күн
есеп айырысады және сактандыру
жарнасы төленелі
Форвардтармен саудада келісілген
мәміле мерзімі біткен соң ғана есеп
айырысады
5. Фьючерстік нарықта кұкыктык-
міндеттеме еркін басқаға беріледі
Форвардтык нарықта кұкықтык-
міндеттеме басқаға берілмейді
6. Фьючерстік нарықта мәмілені жою
я жеткізіп берумен, я кері мәмілеге
келумен жүзеге асырылады
Форвардтық нарықта мәмілені жою
тек қолма- қол ақша телеумен
жүзеге асырылады.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz