Еркін сауда аймағы




Презентация қосу
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ИНТЕГРАЦИЯ

ОРЫНДАҒАН: ҚАСЕНОВА Ә.Е.
• Соңғы уақытта әлемдік
шаруашылықта күрделі
өзгерістер байқалады. Олардың
ішінде ең маңыздысы – ұлттық
шаруашылықтың жақындасуы
мен өзара тығыз байланысуы
негізінде мемлекетаралық
экономикалық бірлестіктердің
құрылуы.
• Елдің мұндай жақындасуы мен
бірлесуін экономикалық
интеграция деп атайды.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара
жақындасудың алғашқы қадамы ретінде
преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл
келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық
негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ
пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында
жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер
бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда
қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық
процестің дайындық кезеңі.
Интеграцияның екінші деңгейінде
мемлекеттер екі жақты саудада кедендік
тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны
мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда
аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші
елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер
өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін
сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық
өнімдерінен басқа барлық тауарларға
қолданылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО)
құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын
келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге
қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу
және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып
табылады. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы
сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық
органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ
нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек
тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс
факторларының – капитал және жұмыс күші –
қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл
экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф
және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен
қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша
сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты
үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер
келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады,
яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі
органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған
мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді
мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар.
Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО
комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл
Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен
қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін
мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде
бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық
конфедерация құруды талап етеді. Бірақ интеграциялық
топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті
өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.
Қазіргі экономикалық Экономикалық
сөздік анықтамасы Экономикалық интеграция өндірістік–
технологиялық
бойынша,интеграция интеграция жеке байланыстарын кеңейту
(латын тілінен елдердің ұлттық мен тереңдетуді,
«integer» — толық) – шаруашылығы ресурстарды бірлесе
экономикалық деңгейінде және де пайдалану, капиталдар
кәсіпорындар, бірігуі, сол сияқты, бір-
тұлғалардың бірігуі, фирмалар, біріне қолайлы жағдай
олардың өзара корпорациялар, жасау арқылы
әрекеттесуінің компаниялар экономикалық іс-
тереңдеуі, өзара әрекеттерге өзара
арасында да «кедергілерді» жою
байланыстардың жүреді. бағыттарында айқын
дамуы. көрінеді
• Аймақтық интеграция – бұл глобализацияның
бірден-бір сатысы, ал әлемдік деңгейде өзара
тығыз байланыста болуды интеграциялық блоктар
жеңілдетеді. Оған қоса, аймақтың экономикалық
дамуына, капитал, тауар мен қызмет, адам
ресурстарының еркін қозғалысын белсендетеді.
• Аймақтық экономикалық ынтымақтастық
(интеграция) ауқымы мен даму деңгейі әртүрлі
ұлттық шаруашылықтарды біріктіретін маңызды
күшке айналуда. Аймақтық ынтымақтастықтың
қазіргі даму деңгейі жалпы сыртқы сауда
айналымында аймақішілік сауда үлесінің (50%)
артуынан айқын көрінеді.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

ДЕҢГЕЙЛЕС САТЫЛАС

компанияның қызметі ақырғы өнімді
компания бәсекелестің өндірудің технологиялық тізбегіндегі
компаниясын өзінің бақылауына екі не одан көп буынды қамтиды;
алады немесе өндірістік ол өнімді өндіру мен өткізудің барлық
үдерістің бірдей сатысындағы сатысын: шикізатты өндіруден көтерме
бірдей салада істейтін немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы
компанияларды қосып алады мүмкін
• Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары
нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол
әуелі микродеңгейде (фирмалар мен банкілер деңгейінде) болады, сонан соң
макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу
халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді.
• Экономикалық бірігу өзінің жоғары көрінісінде институттық сипат алады, яғни
тұрақты әрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады.
• Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда
аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар —
экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық
бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті.
Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі
бола алады.
Экономикалық интеграцияның қалыптасуы мен дамуы
нақты 4 кезеңнен өтуі тиіс:

1 кезең – Еркін сауда аймағы. Бұл кезеңде қатысушы
елдер өзара сауда кедергілерін жеңілдетеді;
2 кезең – Кедендік Одақ. Қатысушы елдер арасындағы
шекара мен кеденге қатысты кедергілер жойылады, басқа
елдерге қатысты ортақ кедендік салықтар енгізіледі;
3 кезең – Экономикалық Одақ. Бұл кезеңде мемлекеттер
ұлттық шекаралар арқылы тауарлар, жұмыс күші,
технологиялар жөнінде келісімге келеді;
4 кезең – Толық интеграция. Ортақ валютасы, ортақ
ұлттық реттеу органдары бар біртұтас экономикалық
саясат жүргізіледі.
Қазіргі заманғы кейбір интеграциялық
бірлестіктер
Интеграцияның Атауы, Мүше елдер
түрі құрылған жылы
Еркін сауда Азиялық-Тынық Аустралия, АҚШ, Сянган (Гонконг), Жаңа
аймағы мұхиттық еркін сауда Зеландия, Жапония, Канада, Кирибати,
аймағы, АПЭК, Корея Республикасы, Қытай, Малайзия,
1989 жыл Маршалл аралдары, Мексика, Бруней,
Папуа — Жаңа Гвинея, Сингапур,
Таиланд, Тайвань, Филиппин, Чили,
Вьетнам, Перу, Ресей
Солтүстік АҚШ, Канада, Мексика
Америкалық еркін
сауда аймағы,
НАФТА, 1994 жыл
Кедендік одақ Араб ортақ нарығы, Египет, Ирак, Иордания, Ливия,
1964 жыл Мавритания, Сирия, Йемен
Ортақ нарық Оңтүстік конустың Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай
ортақ нарығы,
МЕРКОСУР, 1991
Интеграция түрі Атауы, мүше елдер
құрылған жылы
Экономикалық Еуропалық Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Дания,
одақ экономикалық Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия,
қауымдастық, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта,
1957; кейіннен Нидерланд, Ұлыбритания, Польша, Португалия,
Еуропалық одақ, Румы- ния, Словакия, Словения, Финляндия,
1993 Франция, Чехия, Швеция, Эстония
Бенилюкс, 1948 Бельгия, Нидерланд, Люксембург
Тәуелсіз Армения, Әзірбайжан, Беларусь. Қазақстан,
Мемлекеттер Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан,
Достастығы, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан
1992
Cayдa және Мұнай Алжир, Ангола, Біріккен Араб Әмірліктері,
тауарлық ұйым экспорттайтын Венесуэла, Иран. Катар, Кувейт, Ливия, Нигерня.
елдер ұйымы, Сауз Арабиясы, Эквадор
ОПЕК, 1960
Еуропалық Одақ (ЕО) –
Ортақ нарық Батыс Еуропалық 17 мемлекеттің интеграциялық бірлестігі.

Оны құруды қолға алып, 1957 жылы алғаш
кіргендер Франция, Германия, Италия, Бельгия,
Нидерланды және Люксембург болды. Кейін
Құрамы
оларға Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия,
Испания, Португалия, Венгрия т.б қосылды.

Оның құрылуы шаруашылық тіршілікті интернационалдандыруға
деген объективті тарихи баталыстың, бұл елдердің өзара жақындасып,
ынтымақтасуға табиғи ұмтылысының нәтижесі болды. Бұл
интеграциялық одақтың дамуы ұлғайған үстіне ұлғайып, тереңдей
түсіп, ісқимылдың жаңа салаларына таралып отыр. Еңбек бөлінісінің
дәстүрлі формаларын кеңінен пайдалана отырып (өндірісті
мамандандыру мен кооперативтендіру, сыртқы сауда, шетке капитал
шығару, ғылыми-техникалық білімдер алмасу және т.б.).

ЕО қатысушы елдер соңғы жылдары энергетикалық саясат, айналадағы ортаны
қорғау, жұмыссыздық мәселелерін етене үйлестіре шешетін болды.
Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы КО
Аталған үш ел арасындағы ортақ кедендік аумақ, яғни арнайы қорғау,
антидемпинг және компесациялық шараларды ескермегенде, өзара сауда
шеңберінде кедендік баж салығы және экономикалық сипаттағы
шектеулер қолданылмайтын сауда-экономикалық интеграция формасы.
2010 жылдың 1-қаңтарында құрылған Кедендік одақтың мүше елдері
үшінші елдермен сауда қарым-қатынасында бірыңғай кедендік тариф
және басқа да реттеу шараларын қолданады.
Еуразиялық экономикалық қауымдастығының ресми құжаттарында
«Еуразиялық экономикалық қауымдастығы аясындағы кедендік
одақ» деп аталады.
Баспасөзде, көбінесе, Беларусь, Қазақстан және Ресей кедендік одағы
немесе жай ғана Кедендік Одақ, яғни КО деп аталады.
Нафта Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім
(НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) −

Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне
негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1
қаңтарында күшіне енді.
Алғашқы қадамы болып, 1947 жылғы АҚШ инвестициясын алдыңғы
қатарлы канадалық экономика салаларына бағыттау мақсатында құрылған
«Эббот Жоспары» есептеледі. 1959 жылы АҚШ және Канада арасында
канадалық әскери техника өнеркәсібіне американдық стандарттарды енгізу
мақсатындағы біріккен өнеркәсіп жөніндегі келісім жасалады.

Еуропалық Одақпен салыстырғанда, НАФТА мемлекетаралық әкімшілік
органдарды құру немесе заң жүйесін қалыптастыру мәселелерін өзінің
мақсаты ретінде санамайды. НАФТА тек қана халықаралық құқық
аясындағы халықаралық сауда келісімі болып табылады.
САЕСА - ның құрылымы

Еркін сауда жөніндегі
комиссия Секретариат
ЕО, НАФТА –ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын
Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе,
экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.

Біріншіден, бұл эволюциялық жол.
Біртіндеп, интеграция кезеңдерін
аттамай, өндірушілер үшін де, Төртіншіден, интеграциялық
тұтынушылар үшін де серіктестерді процестің барлық мүшелерінің
таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік
шектеулер мен тосқауылдарды алып тең құқықтық серіктестігі,
тастау үшін жағдай жасап, сауда- дискриминациясыз іс-әрекет
экономикалық ынтымақтастық етуі.
бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін
нарықтық орта құру қажет.

Екіншіден, бұл интеграциялық
міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді
түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің Үшіншіден, бұл біртекті
ассоциациялары көмегімен еркін экономикалық орта құру,
сауда аймағы, кедендік одақ, нарықтық қайта құрудың
капитал, тауар мен қызмет, еңбектің қарқыны мен деңгейін
орта нарығын және біртұтас жақындастыру қажеттілігі.
экономикалық кеңестіктің негізін
қалау қажет.
• Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау
бағыттары.
• Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көпжақты
ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді.
• Ең алдымен Қазақстанның 1992 жылы 2 - наурызында БҰҰ-ға (Біріккен
Ұлттар Ұйымы) 164-ші ұлттық мүшесі болып қабылданғанын айтуға
болады. Біздің республика - БҰҰ-ның саяси мәселелері жөнінде
(әсіресе,ядролық кауіпсіздік мәселелері) белсенді мүшелерінің бірі
өнеркәсібі дамыған елдер мен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция,
Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды
дамыту жүзеге асуда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен
Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық
мүдделілікті байқатады.
• Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен
және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.
• Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтеріледі.
Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда
қатынастарын жүргізеді.

Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
Халықаралық еңбек бөлінісі Халықаралық интеграция
Қатысушы елдердің экомикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті экономикалық одақ құру
Экономикалық интеграция сипаттамаларын топтастыру және интеграция сипаттамаларын көрініс негізінде жіктеу
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТУРКИЯ ЕЛІНІҢ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАСЫ
Халқаралық қатынастар
Әлемдік экономика
Аймақтық деңгейдегі бөлшек құндарының индекстерін есептеу
Мария Монтессори өсиеттері
Office қолданбалы бағдарламасы
Пәндер