Эквиваленттік нүктеде неғұрлым ерігіштігі төмен қосылыс түзілсе, соғұрлым титрлеу қисығында секіріс




Презентация қосу
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырып:Тұндыру әдістері

Орындаған:Төлбасы Сымбат

Қабылдаған:Сарбаева Гульнара
Tұндыру әдістері – тұнба түзілу реакцияларын
қолдануға негізделген. Бұл кезде анықталынатын зат
эквиваленттік нүктеде толығымен тұнбаға өтеді. Осы
белгісі бойынша тұндыру әдістері гравиметриялық
анализге ұқсайды. Айырмашылығы – түзілген тұнбалар
гравиметриялық анализдегідей зерттелінбейді, яғни
сүзу, жуу, кептіру операциялары орындалмайды.
Анықталынатын заттың сандық мөлшері тұнбаға
түсіруші стандартты ерітіндінің көлемі бойынша
анықталынады. Гравиметрияда немесе бөліп алу
әдісінде пайдаланылатын көптеген тұндыру
реакциялары титриметриялық анализде
қолданылмайды. Тұндырып титрлеуде эквиваленттік
нүктені (немесе титрлеудің соңғы нүктесін) айқын
және оңай байқау үшін арнайы жағдайлар таңдап
алынады. Сондықтан ескерілетін жағдайлар:
1. Титрленетін зат пен титранттың концентрациясы
артуымен титрлеу секірісі де артады;
2. Эквиваленттік нүктеде неғұрлым ерігіштігі төмен
қосылыс түзілсе, соғұрлым титрлеу қисығында секіріс
Тұндыру әдістерінің классификациясы

Тұндырып титрлеу әдістері галогенидтердің
концентрациясын анықтауда жиі
қолданылады. Күміс нитратының AgNO3
титрленген ерітіндісін пайдалануға
негізделген әдіс аргентометриялық әдіс
деп аталады. Бұл әдіс қолданылатын
индикаторларға байланысты үшке бөлінеді:
1. Мор әдісі (индикатор - калий хроматы)
2. Фольгард әдісі (индикатор - Ғе (ІІІ)
иондары)
3. Фаянс әдісі (индикаторлар - флюоресцеин
және эозин)
Сынап (І) нитратының [Hg2(NO3)2] титрленген
ерітіндісін пайдалануға негізделген әдіс -
меркурометриялық титрлеу әдісі деп
аталады.
Сынап (ІІ) нитратының [Hg(NO3)2] титрленген
ерітіндісін пайдалануға негізделген әдіс -
меркуриметриялық титрлеу әдісі деп
аталады.
Аммоний немесе калий роданидінің (NH4SCN
не КSCN) титрленген ерітінділерін
пайдалануға негізделген әдіс -
тиоцианометриялық титрлеу әдісі немесе
роданометрия деп аталады.
Фольгард әдісі

Фольгард әдісі қышқылдық ортада галогенидтердің
сандық құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс
бойынша галогенидтерден басқа, арсенаттарды,
оксалаттарды, фосфаттарды, сульфидтерді,
фторидтерді және басқа да аниондарды анықтауға
болады.
Фольгард әдісі иодидтерді, бромидтерді, роданидтерді
анықтауға мүмкіндік береді. Ғе (ІІІ) тұзының
гидролиздену реакциясын болдырмау үшін титрлеуді
қышқылдық ортада (Н+) 0,1н жүргізеді.
Фольгард әдісінде галогенидтерді стандартты күміс
нитратының артық мөлшерін қосып, тұнбаға түсіреді
де, күміс нитратының артық мөлшерін, келесі титрант
аммоний роданидімен темір (ІІІ) тұздары (индикатор –
NH4Fe(SO4)2 . 12 H2O) қатысында кері титрлейді
Фаянс әдісі

Фаянс әдісі әлсіз протолит болып табылатын
адсорбциялық индикаторларды (флюоресцеин, эозин)
пайдалануға негізделген. Бұл әдіс бойынша титрлеу
кезінде эквиваленттік нүктеде индикатор тұнба бетіне
сіңіріледі, нәтижесінде тұнбаның түсі өзгереді.
Титрант пен анықталатын компонент арасындағы ион-
алмасу реакциялары нәтижесінде нашар еритін
қосылыстар түзілу процестеріне негізделген тәсілдер
тұндырудың титриметриялық әдістері деп аталады.
Мор әдісі

Мор тәсілі – хлоридтерді, бромидтерді (йодидтер мен
роданидтер анықталмайды) анықтайды, индикатор
K2CrO4, NaCl ерітіндісі арқылы AgNO3 ерітіндісінің
титрін және нормальды концентрациясын анықтайды.
Хлоридті титрлеу үшін жиі қолданылатын
адсорбциялық индикатор флуоресценн болып
табылады. Ол ерітіндідегі жасыл-сары бояуын AgHal
күйіндегі тұнба бетінде адсорбцияланған қызыл түске
өзгертеді. Бұл индикатормен титрлеуді рН = 7-10
болғанда жүргізеді. Себебі ол әлсіз қышқыл болып
табылады. (рК = 8)
Меркурометрия

Меркурометриялық титрлеу әдісі хлорид-, бромид-, иодид-,
цианид-иондарының сынап (І) ионымен әрекеттесіп, тұнба
түзу реакцияларына негізделген, мысалы:
Hg22+ + 2Cl- = Hg2Cl2
Бұл әдісте титрант қызметін 0,1-0,2 г-экв/л азот қышқылы
қатысында стандартты Hg2(NO3)2 ерітіндісі атқарады.
Эквиваленттік нүкте дифенилкарбазон немесе темір роданиді
индикаторлары көмегімен анықталынады. [Hg 2]2+ -иондары
алғашқы индикатормен әрекеттесіп, көк түсті тұнба береді.
Меркурометриялық титрлеу хлор-, бром-иондарын
қышқылдық ортада және боялған иондар (Nі2+, Cu2+, Cr3+ және
т.б) қатысында анықтауға мүмкіндік береді.
Есте сақтайтын жағдай: сынаптың (І) тұздары сынап (ІІ)
күйге дейін тотыға отырып, улы қосылысқа айналады. Бұл осы
әдістің кемшілігіне жатады.
Меркуриметрия.

Меркуриметрия – титрленген ерітінді ретінде Hg(NO 3)2
ерітіндісін пайдалануға негізделген көлемдік анализ
әдісі. Hg2+ иондары галогенидтермен, цианидтермен
немесе роданидтермен әрекеттескенде, нашар
диссоциацияланатын қосылыстар түзеді, мысалы:
Hg2+ + Cl- = [HgCl]+
[HgCl]+ + Cl- = HgCl2
Hg2+ + 2Cl- = НgCl2
Титрлеу процесі қышқылдық ортада жүреді.
Индикатор ретінде дифенилкарбазон немесе натрий
нитропруссиді қолданылады. Дифенилкарбазонмен
титрлеу кезінде эквиваленттік нүктеде титрленетін
ерітінді күлгін-көк түске боялады
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Титрлеу түрлері
Тұндыру титрлеу әдісі
Хош иісті қатардағы амин қышқылдарынан
Титриметрлік талдау
Тәсілдің негізгі химиялық теңдеуі
Мор әдісі бойынша хлорид және бромид иондарын олардың тұздарынан анықтау
Азеотропты қоспалар
Ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеу
Ерітіндінің нормальді концентрациясын есептеу
Сұйытылған ерітінділер
Пәндер