Жерге меншік құқығы



Жер құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау Мемлекеттік Университеті
Экономика және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
Тексерген: аға оқытушы Идресова У.
Орындаған: студент ЮК-302 Қарасай Н.

Жоспары:
Жер құқығы. Жер түсінігі
Жер құқығының пәні
Жер құқығының әдістері
Жер құқығының жүйесі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Жер құқығы
жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны баскару мен корғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын ҚР құқығының дербес саласы.
Жер құқығы Қазакстан Республикасының құкық саласы ретінде өз бастауын КСРО жер құқығының пайда болу сәтінен, яғни, 1917 жылдан алады. Жер табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болып табылады.

ГОСТ 26640-85 бойынша жер
бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемімен, жер койнауымен су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлык салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі.

Жер түсінігі
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12- бабының 7-тармағына' сәйкес жер бұл Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
Жер қатынастарының объектісі - Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар;

Жер құқығының пәні
Құқықтың және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті коғамдық жер қатынастары табылады.
Жер құқығының пәні болып жерге меншік кұкығын орнықтыруға, жерді басқаруға, пайдалануға, және қорғауға байланысты пайда болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін қатынастар табылады.

Жермен байланысты қызметтерді жүзеге асыратын Қатынастар экологиялық, конституциялық, азаматтық, әкімшілік және жер кұқығымен реттеледі

Жер құқығының әдістері
Пәнді құрайтын қоғамдық катынастарға құқықтық әсер ету құралы. Мысалы, жер, бір жағынан, бұл - табиғат объектісі, ал екінші жағынан - меншік объектісі. мүліктің бір түрі және баскару объектісі; осы жағдайлар жерді қорғау мен пайдалануға катысты катынастарды реттеу әдістерінің ерекшеліктерін анықтайды.

Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есен, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер катынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады.
Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі "диспоноре" - "таңдаймын") әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскелерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.
Жерге табиғи объект ретінде экологиялық әдіс колданылады, ол құқықтық реттеу пәнінің, яғни, жердің (жер учаскесінің) табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді.

Диспозитивтік әдістің түрлері:
ұсынушы- бұл жер құқығы қатынастары субъектілеріне баламалы жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін беру, бұл кезде субъектіге өз максаттарына жету үшін жүріс-тұрыс тәсілін таңдауға мүмкіндік беріледі.
санкциялаушы- жер құқығы катынастарының субъектісіне өзінің жерге қатысты әрекеттерін уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асыру кұкығын беруден көрініс табады.
құқық беруші- жер құқығы қатынастарының субъектілеріне белгілі бір жағдайлар бойынша құқықтар мен бостандықтар беруден көрініс табады.
Императивтік әдістің түрлері:
құқықтық катынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орныктырушы;
тыйым салушы (шекараларды, жер құқығы катынастары катысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау) ;
экологиялык әдіс.
Экологиялық әдістің түрлері:
Жер-құқықтық әдісі ретіндегі жер қатынастарын реттеу ҚР Жер кодексінің 64-б. қарастырылған, мысалы, аталған баптың 1-тарм. жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді осы учаскенің нысанасынан туындайтын мақсатта пайдаланып, сол жерде дербес шаруашылық жүргізу құқығын береді.
Жер-экологиялық әдіс ҚР Жер кодексінің
140-б. қарастырылған, оған сәйкес жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғауға, жерді қалпына келтіруге және т. б. бағытталған міндетті шараларды жүктейді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz